«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шелек ауылындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Б А Ғ Д А Р Л А М А «Математика және логика»
10 – 11 Сынып
Түсінік хат
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын, соның ішінде математикалық сауаттылығын дамытуда қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын оқып үйрену мен логикалық есептерді шешуді меңгеру басты құрал ретінде көрінеді.
Осы мақсатта 10-11 класс оқушылары үшін «Математика және логика» арнаулы курс бағдарламасы ұсынылып отыр. Бағдарлама И.П.Рустемова, С.Т.Рустемова «Пособие для к единому национальному тестированию по математике» оқулығын басшылыққа алып жасалынған.
Бағдарламаның ерекшелігі мектеп бағдарламасына сәйкес материалдарды тереңірек қарастыра отырып және логиканың заңдылықтарын қолданып, есептерді шешу барысындағы қандай да қиындықтарды жеңіл де тиімді түрде шешуді үйретеді. Курстың тапсырмалары, практикалық мазмұнды, оқушыға қызықты және оқушының логикалық ойын дамытуға, шығармашылық икемділігін арттыруға бағытталған. ҰБТ-ға дайындаудың негізгі құралы бола алады. Курстың негізгі типі – практикалық. Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады. 1- бөлім 10- сыныптар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат, 11 – кластар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағатқа есептеліп, барлығы 68 сағатқа құрылды. Бағдарлама 2 жылға арналып жасалынған.
Мақсаты: Оқушыларды логикалық ойлау заңдылықтары мен ойлау формаларына және математикадан алған білімдерін жүйелеп, дамыта отырып, оны күнделікті өмірде орынды қолдана алуға үйрету.
Математиканың негізгі бөлімдерін толықтыру және жүйелеу;
Мектеп бадарламасына сәйкес математикадан, физикадан, информатикадан және басқа пәндерден меңгерген білімді, есептерді жеңіл де тиімді шешуге қолдануды қалыптастыру.