ҚОРЫТЫНДЫ: Кестеден көріп отырғанымыздай 2016-2017 оқу жылында оқу озаттарының саны 49, оқу екпінділерінің саны 106 құраса, 2017-2018 оқу жылында оқу озаттарының саны 64, оқу екпінділерінің саны 91 құраса, биылғы оқу жылында оқу озаттары саны 74, оқу екпінділерінің саны 115 көрсетіп отыр.
ҰСЫНЫМДАР: Мектептің жұмыс жоспарын құруда оқушылардың І тоқсанда бастауыш сатыдан орта буынға өтуінің бейімделу кезеңіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметіне баса назар аудару. Пән мұғалімдерінің күнделікті сабақ жоспарларын құруда сыныптың жақсы оқитын оқушыларына бағытталған оқытудың түрлері мен тәсілдерін таңдап алуы, АКТ пайдалануы.