Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы теректі аудандық білім беру бөлімі


Оқушылардың бейімделуі

,5,10 сынып\



бет8/12
Дата14.11.2019
өлшемі2,27 Mb.
#51780
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
НОВЫЙ ОТЖ 2019-2020


Оқушылардың бейімделуі \1,5,10 сынып\

Мақсаты: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау.

Жалпы 5 cыныптарда 5 а сыныбында 15 окушы, 5 б cыныбында 7 оқушы бар, 5 в сыныбында 12 оқушы бар оқушылардың бейімделу кезеңдерінде әр түрлі диагностикалық жұмыстар жүргізілді. 5 сынып оқушыларына тоқталсақ бұл жастағы күрделі ерекшеліктердің бірі оқушылардың өзін - өзі әр түрлі бағалауы. Бейімделу кезеңдеріне жұмыстану барысында оқушыларға

“5 ші сыныптан мен не күтемін?”, “ 5 ші сынып дегеніміз не?”, “Жүректен жүрекке ” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді, әңгімелесу шығарма жұмыстары жүргізіліп, зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті.

5 сынып оқушыларына арналған сауалнама

Зерттелушілер: 5 а сыныбы

Қорытынды

1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 49%- ағылшын тілі, 14 % орыс тілі және орыс әдебиеті, 9% математиканы, 28%-ы қазақ тілі мен қазақ әдебиетін, пәндері деп жауап берген.

2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 28%-ы математика, 32%-ы бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру 14 %-ы тарих, 14% қазақ тілі, мен әдебиеті, 12 % жаратылыстану пәндерін таңдаған.

3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 65%-ы еңбек, бейнелеу, өзін-өзі тану пәндерін, 14%-ы тарих ,өлкетану 21%-ы ағылшын, информатика, математика, әдебиет пәндерін таңдаған.

4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы достарым, мұғалімдер, білім алған, пәндердің көптігі, мектептің іші, кітапхана, деп жауап берді.

5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 93%- «иә» деп жауап берсе, 7%-ы «кейде», деп жауап берген.

6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 100 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берсе, cонымен бірге оқушылардың басым бөлігі 4сыныпта да оқыған ұнайды қызықты деп жауап берген.

7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін, болашағым үшін оқимын» деп жауап берген.

Зерттелушілер: 5 в сыныбы

Қорытынды

1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 34%- тарих, 34% математиканы, 28%-ы қазақ тілі мен қазақ әдебиетін, пәндері деп жауап берген.2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 51%-ы математика, 49%- бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру

3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 51%-ы жаратылыстану 49%- еңбек, бейнелеу, музыка пәндерін таңдаған.

4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы достарым, мұғалімдер, білім алған, пәндердің көптігі, мектептің іші, кітапхана, деп жауап берді.

5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 100%- «иә» деп жауап берген.

6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 83 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берсе, cонымен бірге оқушылардың 17% 4сыныпта да оқыған ұнайды қызықты деп жауап берген.

7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін деп жауап берген.

Зерттелушілер: 5 б сыныбы

1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 42%- қазақ тілі ағылшын тілі, 14% математиканы, 14%-ы орыс тілі пәндері деп жауап берген.30% ы ешқандай пән деп жауап берген.

2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 42 %-ы математика,28% информатика 49%- бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру

3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 14%-ы математика 14% рус литература 72%- еңбек, бейнелеу,дене шынықтыру пәндерін таңдаған.

4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы спорт зал, кітапхана, деп жауап берді.

5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 100%- «иә» деп жауап берген.

6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 100 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берген.

7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін деп жауап берген.

Сонымен қатар «Мен және менің сыныбым» атты пікіралмасып сыныпта шағын эссе жаздыру барысында оқушылардың бір - бірімен достық қарым - қатынаста екендіктерін жалпы сабақ беретін ұстаздарына үйреніп қалғандықтарын жазған.

5 сынып оқушыларын бейімделу кезеңдерінде ерекше зерттеуге алынатын мәселелердің бірі:

- Оқушылардың пән мұғалімдермен қарым қатынасы:

- Өз өзінің басқару қасиетін қалыптастыру:

- Оқушылар арасында қыз бен ер бала атты қарым қатынасты түсіндіру:

- Оқушыға «мен орта буын оқушысымын деген ой қалыптастыру» осы орайда сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ұсыныс.

Пән мұғалімдеріне ұсыныс:

  • Оқушылар туралы мәліметтерді ата анасына жеткізу.

  • Мен орта буын оқушысымын деген ойды қалыптастыру.

  • Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әр оқушымен жекелей жұмыстану.

  • Сабақ кезінде релаксациялық жаттығуларды қолдану.


2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАЛДАУЫ

2017-2018 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілермен жүргізілген әдістемелік жұмыстың мақсаты: Сынып жетекшілерінің шығармашылығын көтеру арқылы мектептің тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Міндеттері:

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді жетілдіруде сынып жетекшілеріне көмек көрсету;

  • Сыныптағы тәрбие жүйесін құру үшін сынып жетекшілерінің теориялық және практикалық базасын қалыптастыру;

  • Сынып жетекшілерінің жұмысынан тәжірибе жинақтау;

  • Тәрбие жүйесін дамыту;

  • Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілетін дамыту.

Биылғы оқу жылында барлығы 20 сынып жетекшісі жұмыстанды. Олардың жоғарғы білімдісі -20, І санаттысы-12, ІІ санаттысы-6, және разрядтағылар-2. Мектеп директорының бұйрығымен биылғы оқу жылында сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып бастауыш сынып мұғалімі Серік Балзия Жалғасқызы тағайындалды. Әдістеме бірлестігі бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. Сынып жетекшілердің барлығы өздеріне берілген дәстүрлі мерекелер мен басқа да сыныптан тыс, қоғамдық іс-шараларды жауапкершілікпен орындады. Бекітілген жоспар бойынша және тәрбие жұмысының кестесі бойынша сынып жетекшілер ауқымды жұмыстар атқарды. Сонымен қоса, жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер тағайындалып, арнайы жұмыс жоспары жасақталып, тәлімгерлері мен бірлестік жетекшісі тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Сынып жетекшілер ұйымдастырушылық жұмыстармен қоса, түрлі байқауларға қатысып, тәжірибе алмасты. Атап айтар болсақ, бірлестік жетекшісі Серік Б.Ж «Жыл сынып жетекшісі» аудандық байқауынан І орын алып, облыстық кезеңде «Жаңашыл» номинациясын иеленсе, сынып жетекшілердің біліктілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты ұстаздар олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен Хилибаева Э.А. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Тамыз айында «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» атты сынып жетекшілер отырысы оздырылды. Отырыс барысынды өткен оқу жылындағы ӘБ жұмысының қорытындысын талдап, жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарын бекітілді, сынып жетекшілердің іс-әрекеттері және сынып ұжымының тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік- нұсқаушылық құжаттар, сынып сағаттарын жоспарлауда толықтығы және сапасын бақылау тақырыптары қаралды.

Қараша айындағы сынып жетекшілер отырысының тақырыбы: «Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы». «Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдануды ұйымдастыру» тақырыбында Серік Б.Ж.баяндама оқыды. «Сынып жетекшілердің мектеп психологы мен әлеуметтік педагогпен ынтымақтастығы» (сынып жетекшілердің тәжірибелерінен). «Қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі» (іс- тәжірибемен бөлісу). Ата-аналар жиналысын өткізудің технологиясы (жұмыс тәжірибесінен) іс тәжірибе алмасты.

Қаңтар айында «Оқушылардың бос уақыты» тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста «Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру» (баяндама). «Жас ұлан» ұйымы жұмысының тәрбие берудегі тиімділігі (іс- тәжірибемен бөлісу).Үйірме мен секцияның жұмысы (іс- тәжірибемен бөлісу).
Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек? (психологиялық кеңес) өткізілді. Мектеп психологы А.Дарменова бірнеше тренингтер ,пайдалы кеңестер ұсынды.


Наурыз айында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» семинар өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (баяндама). Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары (сынып жетекшілердің тәжірибелерінен). Оқушылар арасындағы ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің алдын алу шаралары (іс- тәжірибемен бөлісу). Отбасы ішіндегі зорлық көрсету және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы (баяндама). тақырыптарында баяндамалар оқылып, іс тәжірибе алмасты.

Мамыр айында өткізілген «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбындағы бірлестік отырысында сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыстары талданып, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер талқыланды. 9,11-сынып жетекшілерінің іс-тәжірибесінен «Кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыс», Балалардың жазғы демалысын, еңбек практикасын ұйымдастыру жұмыстары, Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәселелері қаралып, сынып жетекшілерінің жұмыстарына қорытынды жасап, келесі оқу жылында қаралатын мәселерге тоқталды
Тәрбие саласы бойынша сынып жетекшілер мен оқушылардың шығармашылық жетістіктері:

Аудандық жарыстардың жеңімпаздары:

  • Сисенгали Алмас –Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен “Мистер Первокласник-2017” байқауы. Бас жүлде

  • Есенгазиев Султан “Таңғажайып сәт” фото байқауында “Таңғажайып әсер” номинациясы ІІІ орын

  • Хабиева Арай аудандық “Балдәурен” байқауы дипломант

  • Сисенгалиева Гаухар аудандық Абай оқулары 2 орын

  • Серікқызы Аяулым “Отбасы құндылықтары тақырыбындағы шығармалар байқуы” І орын

  • Шамокен Әсет дзюдо күресі-3 орын. Кеңес Назар І орын.

  • Шамокен Әсет “Таңғажайып сәт” фото байқауында “Таңғажайып әсер” номинациясы ІІІ орын

  • Кушубаева Алина Суреттер байқауы ІІ орын

  • Глоба Данил суреттер байқауы Алғыс хат

  • Кокорин Петр суреттер байқауы алғыс хат

  • Тельманова Жанерке ауд Қадыр оқулары ІІ орын

  • Майдан Тайман сурет байқауы ІІІ орын

  • Тельманов Ермахан -“Мен өлкемді зерттеймін” ғылыми жоба ІІІ орын

  • “Балдәурен” балалар шығармашылығы фестивалі “Халықтық музыка” номинация

  • Бакаушина Виктория- “Рухани жаңғыру” ғылыми жоба І орын. Шығармалар байқауы ІІорын

  • Қайыржанова Ботагөз- Аудандық 2001-2002 ж қыздар арасында “Рухани жаңғыру болашаққа бағдар” аясында футболдан “Үздік қақпашы” номинациясы

  • Базарбаева Назира -Ауд. Елбасы Н.ӘНазарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағд.аясында ҚР Тәуелсіздігіне орай өткізілген шығармалар байқауы жүлдегері.

  • Бакбасова Асылжан -Аудандық 2001-2002 ж қыздар арасында “Рухани жаңғыру болашаққа бағдар” аясында футбол қатысушысы

  • Нуралиев Нұрберген- ауд шаңғы жарысынан І орын

  • Тюлегенова Аружан - шығармалар байқауы І орын

  • Мусагалиев Темирлан -ауд шаңғы жарысы ІІІ орын

  • Тұрмыс Алтын- ІІорын.футболдан қыздар құрамасы ІІ орын. “Абай мен Шәкәрім” эссе сайысы ІІІ орын

  • Баймухамбетова Камила -ауд қолөнер сайысы ІІ орын. Футболдан қыздар құрамасы ІІ орын

  • Туралиева Мариям- “Отбасылық дәстүрлер құндылықтары балалар көзімен” байқауы ІІ орын


Облыстық жарыстардың жеңімпаздары:

  • Тельманова Жанерке Облыстық эссе байқауы ІІ орын

  • Есенгазиева Арайлым “Рухани жаңғыру” бағдарлама аясында “Туған ел” тақырыбындағы шығармалар байқауы І орын

Республикалық жобалардың жеңімпаздары:

  • Мұхамет Қасиет -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Сапар Таймас- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Ахмедьярова Адия- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Саматова Жанель- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Тахирқызы Адиля -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Хабиев Аян -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Арыстангалиев Арыстан -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын

  • Серікқызы Аяулым Республикалық “Шабыт” білім беру орталығы шығармалар байқауы І орын

  • Кеңес Назар Республикалық өлеңдер шығару байқауы ІІ орын

  • Капезов Жангир Республикалық өлеңдер шығару байқауы ІІІ орын

  • Тельманова Жанерке Республикалық “Менің әкем әлемдегі ең керемет жан” эссе байқауы І орын

  • Асқарова Милана - “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық эссе байқауы І орын

  • Максимқызы Назеркем “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық эссе байқауы І орын

  • Әбуғалиева Бибіайша “Қазақстан менің Отаным” Республикалық мәнерлеп оқу интернет байқауында Іорын

  • “Шығармашылық шеберхана” интернет байқауы “Бисермен тоқу” номинациясы ІІ орын

  • Кеңес Бекзат Республикалық күрес жарысы ІІ орын

Халықаралық интелектуалдық марафон жеңімпаздары:

  • Байдукешев Меирман Халыаралық “Балалық шағымның аспаны” атты жас таланттар байқауының менің сүйікті мульткейіпкерім номинациясы І орын.

  • Нәби Асылжан ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы мәнерлеп оқу ІІ орын

  • Капезов Амирхан ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы мәнерлеп оқу ІІ орын

  • Ахмадиева Дильназ ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы көркем жазу ІІ орын

  • Ахмедьяров Алдияр ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы “Мен және менің досым” фото сурет ІІ орын


ТҮСІНІК ХАТ

2019 – 2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысы «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа ала отырып құрылды.



2019 – 2020 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халық дәстүрлерін дәріптей отырып, жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру»

Мақсаты: Шығармашыл, өз бетімен жұмыстанатын, адамгершілігі мол, өзін және өзгелерді бағалайтын тұлға қалыптастыру үшін жағдай туғызу.

Міндеттері:

1.Әлеуметтік ортамен балалар ұжымын ұйымдастыруда оқушылардың өз бетімен жұмыстануын, жауапкершілігін, белсенділігін көтеру.

2.Мұғалімдердің біріккен шығармашыл қызметі, спорттық секциялар мен үйірмелерді ұйымдастыру арқылы шығармашылық ахуал туғызу жолымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

3.Жасөспірімдердің рухани адамгершілік, танымдық, салауаттылығын дамыту үшін жағдай туғызу.

4.Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін күшейту.

5.Мектеппен отбасы байланысын нығайту.

6. Оқушы балалар мен жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту.

Күтілетін нәтиже:

Баланың қызығушылығын дамыту үшін мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.



2019-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ



Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

    1. Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.



Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі




«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» бірыңғай тәрбие сағаттары

Анықтама

Сынып жетекшілер

Қыркүйек

1

«Үлкен Елге тағзым!», «Кіші Елге тағзым!» өлкетану экспедициялары"Астананы зерттейміз"," Астана – Еуразия жүрегі"," Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы", "Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі"», "Алтай маржаны"," Ұлы Жібек жолын жаңғырту", " Каспий қақпасы», «Түркістан-киелі мекен» ,т.б.

Есеп

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У

сынып жетекшілер



Демалыс кезеңдері

2

«Транспарентті және есеп беруші мемллекет» бейнероликтер байқауы

АББ жеке жұмыс

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У.


Қыркүйек /басы/

3

«Өзіңнен баста» флешмобы

АББ ақпарат

Акнуржанова А.У

Қыркүйек /25/

4

«Біз адал еңбекті қолдаймыз!» акциясы

АББ ақпарат

«Адал ұрпақ» ерікті клубының жетекшісі Акнуржанова А.У

Тоқсан сайын

5

«Айбын» әскери-патриоттық жиынын өткізу

АББ ақпарат

Сайынов Н.С

Тұрақты

6

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» /бөлек жоспар/

АББ ақпарат

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У

сынып жетекшілер



18-23 Қараша

7

Президент күніне арналған іс-шаралар: тәрбие сағаты, шығарма, мәнерлеп оқу байқауы, кинофильм көру. Ұжымдық шаралар /Бөлек жоспар/

АББ ақпарат

Амиргалиева Б.Н, сынып жетекшілер

Қарашаның 4 аптасы

8

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» акциясы/бөлек жоспар/

АББ ақпарат

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У

сынып жетекшілер



28.11-12.12

9

«9 желтоқсан Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» /бөлек жоспары/

АББ ақпарат

«Адал ұрпақ» тобының жетекшісі Акнуржанова А.У, Габдуллина М.А

7-8 Желтоқсан

10

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шаралар "Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!" ұжымдық шаралар/бөлек жоспар/


АББ ақпарат

ДТІЖО, СЖ, тарих пәні мұғалімдері, кітапханашылар

4.12-15.12

11

"Батырлардың ерлігіне жүрегіңмен жақында" /Ауған соғысы жауынгерлері туралы/ бөлек жоспар

АББ ақпарат

Сынып жетекшілер,

Сайынов Н.С



30.01.

12

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған "Патриот" айлығы /бөлек жоспар/

АББ ақпарат

АӘД пәні мұғалімі, СЖ, МТ

Сәуір 9 мен мамыр 9

13

«Қоғамдық тәртіптің негіздері» атты тақырыбында дисскусиялық практикумы, «Қазақстан - құқықтық мемлекет» атты айлығы, «Шынайы және сатылмайтын еңбек» тақырыбы төңірегінде оқушылар арасында суреттер жарысы, «Мемлекеттік қызметті алу» атты іскерлік ойыны, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар картасы» жобалар конкурсын ұйымдастыру

АББ ақпарат

ДТІЖО, «Адал ұрпақ»

Жыл бойына

14

«Ақжайық –адалдық алаңы» /бөлек жоспар/

АББ ақпарат

«Адал ұрпақ» тобының жетекшісі Акнуржанова А.У.

Жыл бойына

15

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» онкүндігі /бөлек жоспар/

АББ ақпарат

Малаева Г.М

Курманов Е.Ж



Сәуір /8-18/

16

«Жас полиция» тобының жұмысы (бөлек жоспар)

АББ ақпарат

«Адал ұрпақ» тобының жетекшісі Акнуржанова А.У,

Жыл ағымында
  1. Бағыты: рухани-адамгершіліктәрбие

Мақсаты: "Руханижаңғыру" құндылық негіздерін тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттерімен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы терең түсінігін қалыптастыру, қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен дәстүрлерімен келісіледі.





Іс-шараныңатауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

«Мектепке жол» қамқорлық акциясы

Жоспар,

Анықтама


Малаева Г.М

Нурпейсова Д.С



Тамыз,

қыркүйек


2

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның » апталығы

Сценарий

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У сынып жетекшілер



Қазан

3

Қарттар күніне арналған тәрбие сағаттар, дөңгелекүстелдер, байқаулар ұйымдастыру

АББ ақпарат

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У сынып жетекшілер



қазан

4

«Мейірімділік жүректен» қайырымдылық айлығы

«Мейірбандық күндер» айлық /бөлек жоспар/



Жоспар,

Анықтама


ДТІЖО

Әлеуметтік педагог



02.10-07.11

5

«Қыздар онкүндігі» /бөлек жоспар/

АББ есеп

Малаева Г.М

Рамзанова Г.С



Қазан /4-13/

6

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан /бөлек жоспар/

АББ есеп

Малаева Г.М

Нурпейсова Д.С



Қараша /12-23/

7

«Қамқорлық» /бөлек жоспар/ Акциясы

Жоспар, анықтама

Нурпейсова Д.С Cынып жетекшілер

Қаңтар-ақпан

8

Ұлдар мен қыздар клубтарының жұмысы /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

Ильясова Х.Н

Хилибаева Э.А



Жыл ағымда

9

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

Малаева Г.М

Нурпейсова Д.С

Сынып жетекшілер


Маусым

10

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұрлы болашақ акциясы

АББ есеп

Нурпейсова Д.С

Маусым

11

«Қазақстан – мейірімділік мекені» бастамасы /бөлек жоспар/

АББ есеп

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У


Қыркүйек-қаңтар аралығы

3.Бағыты: Ұлттық тәрбие

Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету



п/п

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

«Тіл – татулық тірегі» 22 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған шаралар Онкүндік /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

Гум.пәндер бірлестігі

Қыркүйек үшінші апта

2

Аналар, әкелер мектебінің жұмысын ұйымдастыру /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

Кужакова Ж.Б

Берес Ж.Н



Жыл бойы

3

Оқушылардың қазақ тілін, мемлекеттілік атрибуттарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған дөңгелек үстел, тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақстан Республикасы рәміздерінің үздік қолданылуы және насихатталуы» байқауы

АББ ақпарат

Акнуржанова А.У

Тұрақты

4

«Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның белгісі» - лекторлық топ

Анықтама

Муратов Р.С

Муканалиева А.М



13.11-18.11

5

«Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз!» онкүндігі /бөлек жоспар/

анықтама

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У



Наурыз 10-20

4. Бағыты: Отбасылық тәрбие

Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.




Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Сыныптың әлеуметтік портреті Карта толтыру

Мәлімет жинақтау

Нурпейсова Д.С

Қыркүйек

2

Отбасы күніне арналған тәреспубликалық апталық "Отбасы-бақыт мекені" / бөлек жоспар/

Сценарий, анықтама

Сынып жетекшілер

5-11 қыркүйек

3

Өзара қарым-қатынас, отбасы тәрбиесі ерекшелігі, ондағы эмоционалдық атмосфера мен тұрмыс жағдайын анықтау мақсатындағы оқушылар үйлеріне рейд

Байланыс дептері

Мектеп әкімшілігі

Жыл бойы жоспарлы түрде

4

Ата-аналар қоғамдастығының алдында қамқоршылық кеңестердің көпшілік жария есептерін өткізу

Есеп

Нургалиев Ш.О

жылына 1 рет

5

Жергілікті атқарушы органдары өкілдерініңқатысуы мен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (Ашықбаяндамалар) өткізу

Қоғамдықтыңдаулр

Мектеп әкімшілігі

Жылына 4 рет

6

«Әкем-асқар тауым» әкелер форумы

«Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды» аналар форумы



Форум

Мектеп

әкімшілігі



2019, 2020 жж.

7

"8 -наурыз -Халықаралық Аналар күніне" арналған шаралар /бөлек жоспар/

Сценарий

Акнуржанова А.У

Наурыз 1-7

8

"Жаңа жыл" мерекелік шырша

Анықтама

Рамазанова Г.С

Акнуржанова А.У



Желтоқсан

9

«Мерейлі отбасы» байқауы

Анықтама

Мектеп әкімшілігі

Сәуір І аптасы

10

«Оқырман отбасы» байқауы

АББ есеп

Амиргалиева Б.Н

Сәуір /20/

11

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы

АББ есеп

МӘ

23 мамырға

12

"Мектеп бітіру кеші" салтанатты кеш

Анықтама

Малаева Г.М

Рамазанова Г.С



Маусым

13

Ата-аналарға психологиялық кеңестер

Кеңес беру журналы

Нуртазиева А.Н

Нурпейсова Д.С



Жыл ағымында

14

Ата-аналар жиналыстары /бөлек жоспар/

Жоспар, хаттама

Мектеп әкімшілігі

Жылына 5 рет

15

«Қамқоршылық кеңес» жұмысы /бөлек жоспар/

Жоспар, хаттама

Малаева Г.М

Жыл ағымында

16

Ата-аналар комитетінің жұмысы /бөлек жоспар/

Жоспар, хаттама

Малаева Г.М

Жыл ағымында

5.Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту



р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Еңбек күніне арналған тәрбие сағаттары:

1. «Еңбек түбі – береке». 2. «Еңбек бәрің де жеңбек». 3. «Әлемнің әміршісі еңбек».



Сценарий, анықтама

Сынып жетекшілер

25.09 - 30.09

2

«Назар аудар,бағдаршам!» акциясы

АББ ақпарат

Акнуржанова А.У

Қаңтар /23-25/

3

«Мен offline» республикалық акция

АББ ақпарат

Малаева Г.М

Акнуржанова А.У



Қаңтар /27/

4

Мектеп аумағын көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізу

АББ ақпарат

Жаратылыстану бірлестігі

Тұрақты

5

Мектеп оқушыларының, студенттердің өндіріс жаңалықтарымен, табысты кәсіпқойлармен кездесуін ұйымдастыру

АББ ақпарат

Мектеп әкімшілігі

Тұрақты

6

"Жер - біздің үйіміз" облыстық табиғат қорғау акциясы

акция

Жаратылыстану бірлестігі

Мамыр /4-20/

7

Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған балалар шығармашылық байқауы

Жоспар, анықтама

Биология пәні мұғалімдері

Қазан


8

"Гүлденген мектеп" Байқауы

Есеп

Жаратылыстану бірлестігі

Қаңтар -тамыз

9

"Мамандық әлемі" Айлық /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

ДТІЖО, ДОІЖО, ПП,ӘП,СЖ

4 сәуір-4 мамыр

10

«Гүлдер әлемі фестивалі» Сайыс

Анықтама

Технология пәні мұғалімдері

Мамыр

11

Саябақтар шеруі /бөлек жоспар/ Акция

Жоспар, сценарий, анықтама

ДТІЖО, биология, еңбек пәндерінің мұғалімдері, сынып жетекшілер

1-9 Сәуір

12

"Жазғы демалысты ұйымдастырудың үздік ұйымы" Байқауы

Есеп,папка

Мектеп әкімшілігі

15 шілдеге жолдау

6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру



Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

«Үздік сынып жетекші» сайысы

Хаттама

ДТІЖО, тәлімгер

Сәуір

2

"Жылдың үздік оқушысы" сайысы

Анықтама

СЖ; пән мұғалімдері

Жыл бойы, мамыр

3

"Озаттар шеруі" шеру

Мәлімет

ДТІЖО, тәлімгер

25 мамыр

4

"Қауіпсіз интернет" айлық /бөлек жоспар/

Анықтама

Бірлестік жетекшілері

10-21 сәуір

7. Бағыты: Көп мәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.



Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Ереже-мектептің негізгі заңы мінез-құлық ережемен таныстыру

Мәлімет

Сынып жетекші

Қыркүйек

2

Рухани келісім күніне арналған тәрбие сағаттары

Сабақ жоспары

Сынып жетекшілер

Қазан

3

"Қайырымды көршіме рахмет!"1 Наурыз-Алғыс айту күніне шаралар

Анықтама

ДТІЖО, МТ,ПП

Наурыз

4

«Бірлігіміз жарасқан!» Өнер фестивалі

Фото анықтама

Музыка пәні мұғалімі

Мамыр

5

1 мамыр мерекесіне арналған ұлттық ойындардан мектеп біріншілігі

АББ ақпарат

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Мамыр

6

Театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға әкскурсия

АББ ақпарат

ДТІЖО, СЖ

Жыл бойына

7

«Тарихтан тағылым» мұражай сабақтары

АББ ақпарат

Тарих пәні мұғалімі

Жыл бойына

8. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру




Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Білім алушылардың спортсекциялары менқамтылуын бақылауда ұстау

АББ ақпарат

МӘ

Тұрақты

2

«Былғары доп» футбол турнирі

АББ ақпарат

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері

Тұрақты

3

"Право на здоровье" ЖИТС қарсы күн /бөлек жоспар/

Жоспар, есеп

Мектеп медбикесі, Наркобекет

8 қараша-03 желтоқсан

4

"Есірткісіз әлем үшін" Халықаралық акция

Есеп

Мектеп медбикесі

18 сәуір

5

«Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт денсаулығын сақтау!», «Мен салауатты өмірді қолдаймын!» онкүндік /бөлек жоспар/

Жоспар, анықтама

ДТІЖО

1Сәуір - 10 сәуір

6

Наркологиялық бекеттің жұмысы

Жоспар,

анықтама


МӘ

Жыл бойы

7

"Үздік мектеп асханасы" байқауы




Мектеп әкімшілігі

15-25 қаңтар /Сәуір/

8

Алкогольді ішімдіктердің, темекінің, басқа да зиянды заттардың жасөспірімдер ағзасына зияны

Есеп

Мектеп медбикесі

Жыл бойы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет