Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы теректі аудандық білім беру бөлімі



бет1/12
Дата14.11.2019
өлшемі2,27 Mb.
#51780
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
НОВЫЙ ОТЖ 2019-2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

теректі аудандық білім беру бөлімі

бекітемін_______________

Мектеп директоры Е.М.Жұбаниязов
№1 педагогикалық кеңесте қаралды

«31» «тамыз» 2019 жыл

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің

2019-2020 оқу жылына арналған

оқу-тәрбие жұмысының жоспары

Ақсуат ауылы – 2019
Мазмұны

1 – бөлім

2018 – 2019 оқу жылы қорытындыларының педагогикалық талдауы. 2019 – 2020 оқу жылының мақсат-міндеттері.

2 – бөлім

Білім беру мекемесінің ақысыз жалпы бастауыш, негізгі, орта білімді алуға бағытталған қызметін ұйымдастыру.

Қызметтің негізгі бағыттары:



  • мектеп Жарғысымен бекітілген балалар құқықтарын жүзеге асыру бойынша мектептің іс – шаралары;

  • ақысыз жалпы білім алуға бала құқығын жүзеге асыру бойынша іс – шаралар;

  • тәрбиесі қиын балалармен жұмыс;

  • оқушылардың сабаққа қатысуын есепке алу тәртібі;

  • балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • балалар денсаулығын қорғауды жақсарту бойынша іс – шаралар, балалар жарақаттануын және ауыруын алдын алу;

  • микроаудан бойынша балалардың есебінің мерзімі мен тәсілдері;

  • жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытылатын ауру балалармен жұмыс; мектепте қажетті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жасау; кезекшілікті ұйымдастыру;

  • психологтік – медициналық – педагогикалық комиссиямен мектептің біріккен жұмысы;

  • болашақ бірінші сынып оқушыларымен жұмысты жоспарлау;

  • білімді экстернат түрінде алатын балалармен жұмыс;

  • өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша іс – шаралар.

3 – бөлім

Педагог кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестаттау.

Жұмыстың формалары мен мазмұны:



  • мектептің әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс;

  • жас мамандармен жұмыс;

  • мұғалімдер біліктілігін арттыру, ғылыми – педагогикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

  • тақырыптық семинарлар, практикумдар жұмысын жоспарлау;

  • тәжірибені жинақтау;

  • педкадрлар аттестаттауын жоспарлау; мектепішілік аттестаттау комиссиясының қызметі;

  • педагогтар құқықтарын қорғау бойынша іс – шаралар;

4 – бөлім

Білім беру процесін жақсартуға бағытталған педұжымның қызметі.

Қызметтің негізгі бағыттары:



  1. Бастауыш мектеп және негізгі, негізгі жән орта мектеп арасындағы сабақтастық бойынша жұмыс.

  2. Қосымша білім беруді жетілдіру (үйірмелер, факультативтер, экскурсиялар және т.б)

  3. Бейімді оқыту.

  4. Дарынды балалармен жұмыс. Мектепішілік олимпиадалар, байқаулар, конкурстар. Оқушылардың ғылыми қоғамы.

  5. Оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту бойынша іс – шаралар.

  6. Оқушылардың көшіру, бітіру аттестаттауын дайындау және өткізу.

  7. Оқушылармен спорттық – сауықтыру жұмысы.

  8. Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

  9. Мектеп кітапханасының кітап оқуды насихаттау бойынша жұмысы.

5 – бөлім

Тәрбие жұмысының жүйесін құруға бағытталған педұжымның қызметі.

  1. Оқушылардың азаматтық тәрбиесі.

  2. Оқушылардың өзін - өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыруға педагогикалық көмек.

  3. Сыныптардағы экскурсиялық – туристік жұмыс.

  4. Оқушылар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

  5. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі. Мектеп театры.

  6. Мектеп дәстүрлері.

  7. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар.

  8. Мектептің қосымша білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесуі.

  9. Оқушылард психологиялық – педагогикалық зерттеу.

  10. Мектептегі социологиялық зерттеулер.

  11. Психологиялық консилиум жұмысын жоспарлау.

  12. Оқушылардың демалысын және жазғы еңбек практикасын ұйымдастыру.

  13. Өзін өзі басқарудағы жастар орталығының жұмысы

  14. Мектеп және ЖОО біріккен қызметі. Кәсіпті бағдарлау жұмысы.

6 – бөлім

Білім беру мекемесін басқару. Ата – аналармен жұмыс.

Негізгі бағыттары:



  • Педагогикалық кеңес жұмысының жоспары.

  • Әдістемелік кеңестің жұмысы.

  • Директордың жанындағы кеңестердің жоспары.

  • Ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс жоспары

  • Ата-аналар үшін педагогикалық жалпы оқудың бағдарламасы.

7 –бөлім

Мектепішілік бақылау жүйесі.

Мектепішілік бақылау мазмұны:

- Мектепішілік бақылаудың жүйеленуі;


  • Жан – жақты(фронтальді) тексерулер;

  • Тақырыптық тексерулер;

  • Персоналды тексерулер және т.б

8 –бөлім

Оқу – материалдық базаны нығайту. Білім беру мекемесінің құралдары.

Жұмыс мазмұны:



  • Мектеп мүлкін қорғауға бағытталған іс – шаралар;

  • Мектеп жабдығын алуды жоспарлау; физика, химия, биология лабораторияларын жабдықтау;

  • Оқу базасын, спортзалды, шеберханаларды, спорталаңдарын жақсарту;

  • Ағымдағы және күрделі жөңдеу бойынша жұмыс;

  • Мектеп кітапханасын толықтыру;

  • Мектептің жарық және жылу режимін сақтау бойынша іс – шаралар;

  • Өрт қауіпсіздігі;

9 –бөлім

Ұйымдастырушылық – педагогикалық іс – шаралар.

Жұмыс мазмұны:



  • мектептің оның Жарғысына сәйкес жұмыс режимі;

  • мектеп бойынша іс – шаралар циклограммасы;

  • оқу жүктемесін, сынып жетекшілікті, кабинет меңгерушілікті, үйірме жетекшілікті және т.б бөлу;

  • мектеп кітапханасы, асхана, дәрігер, спортзалдың жұмыс режимі;

  • мектепті безендіру;

  • Кітапхана жұмысының жоспары.

  • Психологиялық қызмет жұмысының жоспары.

  • Әлеуметтік педагог жұмысының жоспары.

  • Мектепішілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары

  • Мұғалім – дефектологтің коррекциялық–әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

  • Педагог-логопедтің түзету-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

  • Әскери жетекшінің жұмыс жоспары.

1- бөлім

2018 – 2019 оқу жылы қорытындыларының педагогикалық талдауы. 2019 – 2020 оқу жылының мақсат-міндеттері.

Білім беру мекемесінің даму жағдайы туралы жалпы мәлімет

І. Мектеп туралы ақпараттық анықтама

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет.1960 жылы Ақсуат ауылында тоғыз жылдық мектеп болып ашылып, 1978-1979 жылдары орыс тілді Ақсуат орта мектебі болып,1984 жылдан бастап 464 орындық типтік жобадағы мектеп ғимараты іске қосылып,Ақсуат жалпы орта білім беретін, аралас тілді мектеп болып жұмыс істеп келеді.Өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, жалпы орта білім мекемелері туралы үлгі ережеге және сериясы АА №0009072 лицензиясы мен мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Әділет бөлімдерінде №0339953 куәлігіне сәйкес заңды тұлға мемлекеттік жалпы білім беретін мекемесі болып тіркелген. Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мектеп атауы жазылған мөрі бар. Мемлекеттік еңбек тәртібі өндірістік кеңесте 2.03.2012 ж. кәсіподақ төрайымының келісімімен бекітілген.

Мектеп екі тілде дәріс береді. 2016-2017 оқу жылында 267 оқушы,2017-2018 оқу жылында 256 оқушы, 2018-2019 оқу жылында 280 оқушы, мектепке қабылданды, оның ішінде 110 оқушы Пойма және Айтиев ауылдарынан күн сайын тасымалданады.

Барлығы 280 оқушының ішінде 1-4 сыныптарда 101 оқушы, 5-9 сыныптарда -155 оқушы, 10-11 сыныптарда - 24 оқушы оқиды.

1 ауысымда - 14 сынып оқиды

2 ауысымда - 10 сынып оқиды.

Мектепте 2018/2019 оқу жылында 3 мектепалды даярлық сыныбы бар, барлығы. Екеуі казақ тілінде, оның біреуі түзету сыныбы, біреу орыс тілінде. Түзету сыныбында – 2 оқушы, МАД қазақ сыныбында – 28 оқушы, МАД орыс сыныбында – 6 оқушы.
Мектептің жалпы аумағы – 2743,8 м2. Соның ішінде бір оқушыға есептегендегі оқу аумағы – 10,1 м2


  • Акт залының көлемі - 150 м2

  • спорт залы - 150 м2

  • асхана - 140 м2

  • кітапхана – 74 м2

  • медицина бөлмесі – 12м2

  • мектеп жанындағы үлеске көлемі - 0,25га

  • 19 сынып бөлмесі бар. Олардың ішінде 4 оқу бөлмесі \физика, химия, мультимедия, биология\ жабдықталған, 5-уі паспортталған /физика, химия, мультимедия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті оқу бөлмесі/ 1 мультимедия кабинеті (1 компьютер +16 ноутбук)

  • 4 мфу (3 жарамсыз), 3 принтер (1 жарамды), 2 роутер (интернет орталық), 2 интерактивті тақта +проектор (химия КАБИНЕТІ проектор жарамсыз) , проектор+экран (физика КАБИНЕТІ поектор жарамсыз), оқу кабинеті бойынша 37компьютер (оның 30-ы жарамсыз)

Мектептің жылу жүйесі газбен қамтылған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

ІІ. КАДР ҚҰРАМЫ

  1. МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

    р\с

    Аты жөні

    Қызметі

    Білімі

    Диплом бойынша мамандығы

    Сабақ беретін пәні

    Пән бойынша санаты, алған жылы

    Педагогикалық еңбек өтілі

    1

    Жұбаниязов Ерлан Маликович

    Мектеп директоры

    Жоғары

    Химия биология пәнінің мұғалімі

    Химия

    I

    2017 ж


    18 жыл

    2

    Сарсенова Айгуль Максутовна

    Оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік

    Жоғары

    Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

    Орыс тілі мен әдебиеті

    Зертеуші

    2019ж


    20 жыл

    3

    Маштаев Асхад Темирханович

    Оқу ісі жөніндегі орынбасары – 0,5 бірлік

    Жоғары

    Математика пәні мұғалімі

    Математика

    Сарапшы

    2019ж


    8 жыл

    4

    Малаева Гульдана Мулхайдаровна

    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік

    Жоғары

    Ағылшын және неміс тілінің мұғалімі

    Ағылшын тілі

    I

    2017 ж

    17 жыл


    5

    Рамазанова Гулден

    Саматовна



    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 0,5 бірлік

    Жоғары

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    Зертеуші

    2019ж


    14 жыл

  2. Педагогикалық  білім деңгейі

    Оқу жылы

    2016/2017

    2017-2018

    2018-2019

    Жоғары

    42

    44

    43

    Аяқталмаған жоғары

    -

    -




    Арнаулы орта білімді

    2

    4

    9

    Аяқталмаған арнаулы орта білім

    -

    -




  3. Біліктілік деңгейі

Оқу жылы

2016/2017

2017/2018

2018/2019

Жоғары санатты

6

6

6

Бірінші

19

20

22

Екінші

18

14

13

Санатсыз

12

8

11






Қызметі

Саны

Санаты

І

ІІ

санатсыз

1

Тәлімгер

1




1




2

Психолог

1




1




3

Дефектолог

1




1




4

Логопед

1







1

5

Әлеуметтік педагог

1




1




6

Кітапханашы

1




1




Барлығы

6




5

1

  1. Педагогтардың жасы бойынша көрсеткіші

    Оқу жылы

    2016/2017

    2017/2018

    2018/2019

    Жалпы

    44

    48

    52

    Әйелдер

    31

    38

    41

    Ерлер

    13

    10

    11

    Орташа жас










    25 жасқа дейін

    4

    5

    9

    58-63 жасқа дейін

    3

    1

    2

    Зейнеткерлік жас




    1




  2. Мектеп мұғалімдерінің еңбек өтілдері



    Оқу жылы

    2016/2017

    20017/2018

    2018/2018

    1

    3 жылға дейін

    4

    6

    9

    2

    3-5 жылға дейін

    3

    3

    4

    3

    5-20 жылға дейін

    26

    26

    26

  3. Педагог кадрлардың сандық құрамы

Оқу жылы

2016/2017

2017/2018

2018/2019

Барлық ппедагог кадр саны

55

54

52

Пән мұғалімдер саны

44

48

43

Мамандығы бойынша емес

-







 Педагогтердің барлығын қосқандағы сапалық құрамы -76,3%.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІ

2018-2019 оқу жылында І лекте 8 мұғалім өтініш беріп, 7 мұғалім аттестаттаудан өтті. Біреуі Ахметова К.Е. жүктілік демалысына шықты Жоғары санатын /педагог- зертеуші/дәлелдегендер: Сарсенова А.М., Сулейменова Р.С., Рамазанова Г.С. Бірінші санатын /педагог - сарапшы/ дәлелдегендер Кубаева Б.У., Габдуллина М.А., Маштев А.Т. Екінші санат /педагог-модератор/ алғандар: Кусельбева Ә.М. 2018-2019 оқу жылында ІІ лекте 14 мұғалім өтініш беріп, 10 мұғалім аттестаттаудан өтті.Біреуі Дарменова А.С. жүктілік демалысына шықты. Үш мұғалім ұлтық тесттен өтпей қалды. Физика пәні мұғалімі Жуматаева С.М., технология пәні мұғалімі Гусманова Ж.С. , өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хилибаева Э.А. Жоғары санатын /педагог- зертеуші/алғандар: Курманов Е.Ж., Избасарова Г.М. Бірінші санатын /педагог - сарапшы/ дәлелдегендер: Бакбасова Г.Г., Баймуратова Ж.С., Дуйсенгалиев Н.В., Айткалиева М.К., Жұбаниязов Е.М. Екінші санат /педагог-модератор/ дәлелдегендер : Нурпейсова Д.С., Нуртазиева А.Н., алған: Муканалиева А.М.



  1. ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСТАРЫНАН ӨТУІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

р/с

Оқу жылы

Мұғалім саны

Курстан өткені /жалпы/

«Өрлеу» БҚПКБАИ

ПШО

1

2016\2017

44

31

20

11

2

2017/2018

48

5

3

2

3

2018/2019

43

12

12

-


Үш деңгейлік курстанөткенпедагогтарсаны

р/с

Оқу жылы

Курстан өткені /жалпы/

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

1

2016\2017

1

1







2

2017/2018

2




1

1

3

2018/2019

2

1

1



Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі біліктілігін арттыру курстары арқылы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыру. 2018-2019 оқу жылында мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары «Өрлеу» және «ПШО» базасында өткізілді.

Барлығы 12 мұғалім оқыды, оның ішінде жаңартылған білім мазмұны бойынша 2 мұғалім оқып шықты.

ҚОРЫТЫНДЫ: Мектеп ұстаздарының 92% -ы жоғары білімді, 8% -ның арнаулы орта білімі бар. 2018-2019 оқу жылында барлығы 17 мұғалім аттестаттаудан өтті.

ҰСЫНЫМДАР:


  • Санаты жоқ мұғалімдерге біліктілік санатын иелену үшін өзінің кәсіби деңгейін арттыруға жұмыстану.

  • 2019-2020 оқу жылында біліктілік арттыру курстарынан өтпеген мұғалімдердің курстан өтуін қадағалау.

ІІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КОНТИНГЕНТІ

2018-2019 оқу жылында Ақсуат ЖОББМ-де оқу жылының басында 280 оқушы, оқу жылының соңында 282оқушы. Барлығы 24 сынып. Мектеп ІІ ауысымда оқыды.



  • І ауысымда 14 сынып, 141 оқушы

  • ІІ ауысымда 10сынып, 139 оқушы.

Аралас мектеп болғандықтан, оқыту тілдері қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Қазақ сыныптары - 20, оқушы саны - 255, орыс сыныптары - 4, оқушы саны -25. Оның ішінде І ауысымда 12 қазақ сыныбы, 1 орыс сыныбы; ІІ ауысымда 8 қазақ сыныбы, 4 орыс сыныбы оқыды.

Білім алушылар туралы мәлімет




І саты:

ІІ саты:

ІІІ саты:

Мектеп бойынша барлығы

Білім алушылардың жалпы саны

101

155

24

280

Барлық сынып саны

8

13

3

24

Сыныптың орташа толығуы

20

15

7

42

ІІ ауысымда білім алатын сыныптар саны

5

6

жоқ

11

Мектепалды даярлық тобының саны

1-топ – 13 тәрбиеленуші

2-топ – 13 тәрбиеленуші

3-топ – 6 тәрбиеленуші

Шағын орталық

1топ–10 тәрбиеленуші

2топ –10 тәрбиеленуші




Шағын орталық пен мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру

  • Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру:

  • мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі;

  • бес білім беру саласы арқылы танымдық іс – әрекеті ұйымдастыруды біріктіру әдісі;

Құзыреттілікті дамыту индикаторларының, яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейі, зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі.

  1. Шағын орталық пен мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің саны жайлы мәліметтер



    Оқу жылы


    ІІ кіші топ

    /3-4 жас/

    Ортаңғы топ

    /4-5 жас/

    Мектепалды даярлық тобы

    Барлығы

    1

    2016-2017

    20

    13

    17

    50

    2

    2017-2018

    17

    17

    25

    59

    3

    2018-2019

    10

    10

    32

    52

  2. Соңғы 3 оқу жылындағы оқушылар контингенті бойынша мәлімет.

Оқу жылы

Сыныптар саны

Барлығы


1-4

сыныптар

4

сынып

5-9 сыныптар

9

сынып

10-11

сыныптар

11 сынып

2016-2017

21

5

2

11

3

4

2

2017-2018

20

4

1

12

2

4

2

2018-2019

24

7

2

13

3

3

3

Оқу жылы

Оқушылар саны

2016-2017

267

89

28

148

32

30

15

2017-2018

260

86

21

148

25

26

10

2018-2019

280

101

27

155

31

24

15

ҚОРЫТЫНДЫ: Мектеп ұстаздары ауыл балаларын есепке алу жұмысын жүйелі жүргізіп отырады. Соңғы үш жылда оқушылар контингенті біртіндеп өсіп келеді. Биылғы оқу жылында да мектеп оқушылары контингентінің азаюы сақталуда. Оның себебі, мектептің қалаға жақын орналасқандығында. Өйткені ата- аналардың көзқарасы тұрғысында қалада білім алу тиімді.

ҰСЫНЫМДАР: Оқушылар контингенті сақтап қалу үшін ата - аналармен жүйелі жұмыс жүргізу

IV. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

Мектептің 2018-2019 оқу жылындағы өзекті тақырыбы



Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда заманауи талабына сай білім беруді ақпараттандыру арқылы жан-жақты, білімді, тәрбиелі,дара тұлға қалыптастыру.
Мектептің мақсаты

Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық педагогикалықәдіс-тәсілдерді мүмкіндігіне сай қолдану
Мектептің міндеттері

  1. Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы білім беру сапасын арттыру;

  3. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру

  4. Оқушылардың сапалы білім алуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту, ақпараттық технологиялармен, техникалық нысандар көмегімен оқушылардың көмегімен өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу қабілетін жүзеге асыру;

  5. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату

  6. Бәсекеге қабілетті мәдениетті, құзырлы, шығармашылық қабілеттеріне сенімді, адамгершілік қасиеттері жоға ұрпақ етіп тәрбиелеу;

Жұмыс жоспары айға бөлінді. Мектеп қызметі үрдісінде жоспарға қажетті өзгерістер енгізілді. Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын оқу - тәрбие жоспарына сәйкес бағыттап отырды.

V. МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУЫ

2018-2019 оқу жылында мектеп әкімшілігі мектеп директоры, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және екі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары құрамында жұмыстанды. Әкімшілік мүшелері арасында функциональдық міндеттерін бөліп беру оқу - тәрбие үрдісінің барлық бағыттарын тиімді бақылауға мүмкіндік туғызды.

Жыл бойы мектепішілік бақылау мына бағыттар бойынша жүзеге асты: мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау, пәндердің оқытылу сапасын бақылау, оқу бағдарламаларының орындалуын, қорытынды аттестаттауға дайындық, оқушылардың оқу үлгерімдері мен сабаққа қатысын, оқу үлгерімдері төмен оқушылармен және дарынды оқушылармен жұмыс барысын бақылау, т.б.

Бақылау тексеру түрінде, сондай –ақ әдістемелік көмек көрсету түрінде жүргізілді. Бақылау қорытындылары, оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жазған анықтамалары директор жанындағы отырыс, әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік отырыстарында қаралып, хаттамаларға енгізілді.

Мектепішілік бақылау жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Бақылаудың мына түрлері өткізілді: дербес бақылау, тақырыптық бақылау, тақырыптық - жалпылама бақылау, сыныптық- жалпылама бақылау, жалпы шолу, сынып журналдарын, оқушылардың дәптерлері мен күнделіктерін тексеру. Сонымен бірге, кіріспе, аралық және қорытынды бақылау түрінде негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі, математика, биология, география, физика, химия, тарих, ағылшын тілі)әкімшілік бақылау жұмыстары жүргізіліп, 2-5-сыныптардың оқу жылдамдықтары тексерілді. Оқушылар туралы жалпы мәліметті толтыру сапасы, тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы, оқу бағдарламасының орындалуы, оқушы білімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру, үй тапсырмасының көлемі мен орындалу түрлері, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша жыл бойы сынып журналдарын тексеру жүргізілді.Сынып журналдары әр айдың соңғы аптасында тексеріліп, ұсыныстары мұғалімдерге таныстырылып отырды.

Сынып журналдарын толтыруда қателіктерге жол берген пән мұғалімдерінен түсініктемелер алынды.

Пәндердің оқытылу жайын бағдарлауда пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, сабақ беру әдістері, пәннің оқытылу сапасы қаралып, сабаққа талдау жасалып отырды. Тексеру нәтижесі бойынша түзету және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сабаққа қатысудың негізгі бағыттары:



  • Оқу үрдісін ұйымдастыру сапасы, сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану;

  • Инновациялық компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі;

  • Сабақта оқу үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;

  • Жас мамандарға әдістемелік көмек беру;

Сабаққа қатысу барысында көптеген мұғалімдердің сабақ беруде туындайтын қиындықтары оқытудың әр алуан құралдарын кешенді қолдана алмау\сабақтың бір сарында өтуі\, уақытты тиімді пайдалана білмеу \үй тапсырмасына көп көңіл бөліп, жаңа тақырыпты игеруге уақыттың жеткіліксіздігі, сабақ темпінің төмендігі\, оқушыны пәнге қызықтыра алмау.

Сонымен бірге, 5 әдістемелік кеңес отырысы, 8 педкеңес, 12 директор жанындағы кеңес отырыстары өткізіліп, жоспар бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Мектепішілік аттестаттау өткізу үшінпедагог қызметкерлерден аттестаттау комиссиясы мен сараптама комиссиясының құрамы жасақталып, бекітілді. Барлық аттестаттаудан өтетін мұғалімдер педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен танысып, мұғалімдер үшін «Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы» стенд безендірілді. Бұйрықтар жазылып, педагог қызметкерлер қызметін бағалау үшін аудандық комиссияға ұсынылатын санаттар бойынша өтініш үлгісі, көмекші нұсқау материалдары жасалды. Аттестаттау кезеңдері мерзіміне сай өтіп, мұғалімдерге өтінішке сай қажетті біліктілік санаттары берілді.

ҚОРЫТЫНДЫ: Мектепішілік бақылау жоспары толығымен жүргізілді. Оқу тәрбие үрдісінің сапасын бақылауда мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестік жұмыстары негізгі рөл атқарды. Бақылау түрлерінің ішінде тақырыптық және жалпы шолу кеңінен жүзеге асты.

ҰСЫНЫМДАР:


  • Пән мұғалімдеріне оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдану, сабақта және сабақтан тыс шараларда белсенді енгізу, сабақ уақытын ұтымды бөлупәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көңіл бөлу;

  • Сынып журналдарына мемлекеттік құжат ретінде саналы қарап, ұқыпты толтыру және алдағы оқу жылында сынып журналында әр түрлі сия түстеріне жол бермеу үшін бірыңғай қара түсті қаламмен толтыру;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет