Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы теректі аудандық білім беру бөліміОқушылардың бейімделуі
|
Оқушылардың бейімделуі \1,5,10 сынып\ Мақсаты: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау. Жалпы 5 cыныптарда 5 а сыныбында 15 окушы, 5 б cыныбында 7 оқушы бар, 5 в сыныбында 12 оқушы бар оқушылардың бейімделу кезеңдерінде әр түрлі диагностикалық жұмыстар жүргізілді. 5 сынып оқушыларына тоқталсақ бұл жастағы күрделі ерекшеліктердің бірі оқушылардың өзін - өзі әр түрлі бағалауы. Бейімделу кезеңдеріне жұмыстану барысында оқушыларға “5 ші сыныптан мен не күтемін?”, “ 5 ші сынып дегеніміз не?”, “Жүректен жүрекке ” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді, әңгімелесу шығарма жұмыстары жүргізіліп, зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті. 5 сынып оқушыларына арналған сауалнама Зерттелушілер: 5 а сыныбы Қорытынды 1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 49%- ағылшын тілі, 14 % орыс тілі және орыс әдебиеті, 9% математиканы, 28%-ы қазақ тілі мен қазақ әдебиетін, пәндері деп жауап берген. 2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 28%-ы математика, 32%-ы бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру 14 %-ы тарих, 14% қазақ тілі, мен әдебиеті, 12 % жаратылыстану пәндерін таңдаған. 3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 65%-ы еңбек, бейнелеу, өзін-өзі тану пәндерін, 14%-ы тарих ,өлкетану 21%-ы ағылшын, информатика, математика, әдебиет пәндерін таңдаған. 4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы достарым, мұғалімдер, білім алған, пәндердің көптігі, мектептің іші, кітапхана, деп жауап берді. 5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 93%- «иә» деп жауап берсе, 7%-ы «кейде», деп жауап берген. 6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 100 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берсе, cонымен бірге оқушылардың басым бөлігі 4сыныпта да оқыған ұнайды қызықты деп жауап берген. 7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін, болашағым үшін оқимын» деп жауап берген. Зерттелушілер: 5 в сыныбы Қорытынды 1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 34%- тарих, 34% математиканы, 28%-ы қазақ тілі мен қазақ әдебиетін, пәндері деп жауап берген.2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 51%-ы математика, 49%- бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру 3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 51%-ы жаратылыстану 49%- еңбек, бейнелеу, музыка пәндерін таңдаған. 4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы достарым, мұғалімдер, білім алған, пәндердің көптігі, мектептің іші, кітапхана, деп жауап берді. 5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 100%- «иә» деп жауап берген. 6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 83 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берсе, cонымен бірге оқушылардың 17% 4сыныпта да оқыған ұнайды қызықты деп жауап берген. 7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін деп жауап берген. Зерттелушілер: 5 б сыныбы 1. «Сен үшін ең қиын пән?» деген сұраққа қатысушылардың 42%- қазақ тілі ағылшын тілі, 14% математиканы, 14%-ы орыс тілі пәндері деп жауап берген.30% ы ешқандай пән деп жауап берген. 2.«Сен үшін ең жеңіл пән?» сауалы бойынша 42 %-ы математика,28% информатика 49%- бейнелеу, еңбек пәндері, дене шынықтыру 3. «Сен үшін ең қызықты пән?» сауалына қатысушылардың 14%-ы математика 14% рус литература 72%- еңбек, бейнелеу,дене шынықтыру пәндерін таңдаған. 4. «Мектепте саған не ұнайды?» сауалы бойынша қатысушылардың барлығы спорт зал, кітапхана, деп жауап берді. 5. «Саған мұғалімдер жақсы қарай ма?» сауалы бойынша 100%- «иә» деп жауап берген. 6. «Қай сыныпта 4-те ме, әлде 5-ші сыныпта оқыған қызықты ма?» сұрағына 100 %-ы 5 сыныпта оқыған қызықты деп жауап берген. 7. «Сен өзің оқығың келгесін оқисың ба, әлде ... » сауалы бойынша қатысушылардың барлығы «оқығым келгесін, білім алу үшін деп жауап берген. Сонымен қатар «Мен және менің сыныбым» атты пікіралмасып сыныпта шағын эссе жаздыру барысында оқушылардың бір - бірімен достық қарым - қатынаста екендіктерін жалпы сабақ беретін ұстаздарына үйреніп қалғандықтарын жазған. 5 сынып оқушыларын бейімделу кезеңдерінде ерекше зерттеуге алынатын мәселелердің бірі: - Оқушылардың пән мұғалімдермен қарым қатынасы: - Өз өзінің басқару қасиетін қалыптастыру: - Оқушылар арасында қыз бен ер бала атты қарым қатынасты түсіндіру: - Оқушыға «мен орта буын оқушысымын деген ой қалыптастыру» осы орайда сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ұсыныс. Пән мұғалімдеріне ұсыныс: Оқушылар туралы мәліметтерді ата анасына жеткізу. Мен орта буын оқушысымын деген ойды қалыптастыру. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әр оқушымен жекелей жұмыстану. Сабақ кезінде релаксациялық жаттығуларды қолдану. 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАЛДАУЫ 2017-2018 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілермен жүргізілген әдістемелік жұмыстың мақсаты: Сынып жетекшілерінің шығармашылығын көтеру арқылы мектептің тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Міндеттері: Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді жетілдіруде сынып жетекшілеріне көмек көрсету; Сыныптағы тәрбие жүйесін құру үшін сынып жетекшілерінің теориялық және практикалық базасын қалыптастыру; Сынып жетекшілерінің жұмысынан тәжірибе жинақтау; Тәрбие жүйесін дамыту; Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілетін дамыту. Биылғы оқу жылында барлығы 20 сынып жетекшісі жұмыстанды. Олардың жоғарғы білімдісі -20, І санаттысы-12, ІІ санаттысы-6, және разрядтағылар-2. Мектеп директорының бұйрығымен биылғы оқу жылында сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып бастауыш сынып мұғалімі Серік Балзия Жалғасқызы тағайындалды. Әдістеме бірлестігі бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. Сынып жетекшілердің барлығы өздеріне берілген дәстүрлі мерекелер мен басқа да сыныптан тыс, қоғамдық іс-шараларды жауапкершілікпен орындады. Бекітілген жоспар бойынша және тәрбие жұмысының кестесі бойынша сынып жетекшілер ауқымды жұмыстар атқарды. Сонымен қоса, жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер тағайындалып, арнайы жұмыс жоспары жасақталып, тәлімгерлері мен бірлестік жетекшісі тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Сынып жетекшілер ұйымдастырушылық жұмыстармен қоса, түрлі байқауларға қатысып, тәжірибе алмасты. Атап айтар болсақ, бірлестік жетекшісі Серік Б.Ж «Жыл сынып жетекшісі» аудандық байқауынан І орын алып, облыстық кезеңде «Жаңашыл» номинациясын иеленсе, сынып жетекшілердің біліктілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты ұстаздар олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен Хилибаева Э.А. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тамыз айында «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» атты сынып жетекшілер отырысы оздырылды. Отырыс барысынды өткен оқу жылындағы ӘБ жұмысының қорытындысын талдап, жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарын бекітілді, сынып жетекшілердің іс-әрекеттері және сынып ұжымының тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік- нұсқаушылық құжаттар, сынып сағаттарын жоспарлауда толықтығы және сапасын бақылау тақырыптары қаралды. Қараша айындағы сынып жетекшілер отырысының тақырыбы: «Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы». «Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдануды ұйымдастыру» тақырыбында Серік Б.Ж.баяндама оқыды. «Сынып жетекшілердің мектеп психологы мен әлеуметтік педагогпен ынтымақтастығы» (сынып жетекшілердің тәжірибелерінен). «Қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі» (іс- тәжірибемен бөлісу). Ата-аналар жиналысын өткізудің технологиясы (жұмыс тәжірибесінен) іс тәжірибе алмасты. Қаңтар айында «Оқушылардың бос уақыты» тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста «Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру» (баяндама). «Жас ұлан» ұйымы жұмысының тәрбие берудегі тиімділігі (іс- тәжірибемен бөлісу).Үйірме мен секцияның жұмысы (іс- тәжірибемен бөлісу). Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек? (психологиялық кеңес) өткізілді. Мектеп психологы А.Дарменова бірнеше тренингтер ,пайдалы кеңестер ұсынды. Наурыз айында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» семинар өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (баяндама). Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары (сынып жетекшілердің тәжірибелерінен). Оқушылар арасындағы ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің алдын алу шаралары (іс- тәжірибемен бөлісу). Отбасы ішіндегі зорлық көрсету және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы (баяндама). тақырыптарында баяндамалар оқылып, іс тәжірибе алмасты. Мамыр айында өткізілген «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбындағы бірлестік отырысында сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыстары талданып, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер талқыланды. 9,11-сынып жетекшілерінің іс-тәжірибесінен «Кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыс», Балалардың жазғы демалысын, еңбек практикасын ұйымдастыру жұмыстары, Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәселелері қаралып, сынып жетекшілерінің жұмыстарына қорытынды жасап, келесі оқу жылында қаралатын мәселерге тоқталды Тәрбие саласы бойынша сынып жетекшілер мен оқушылардың шығармашылық жетістіктері: Аудандық жарыстардың жеңімпаздары: Сисенгали Алмас –Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен “Мистер Первокласник-2017” байқауы. Бас жүлде Есенгазиев Султан “Таңғажайып сәт” фото байқауында “Таңғажайып әсер” номинациясы ІІІ орын Хабиева Арай аудандық “Балдәурен” байқауы дипломант Сисенгалиева Гаухар аудандық Абай оқулары 2 орын Серікқызы Аяулым “Отбасы құндылықтары тақырыбындағы шығармалар байқуы” І орын Шамокен Әсет дзюдо күресі-3 орын. Кеңес Назар І орын. Шамокен Әсет “Таңғажайып сәт” фото байқауында “Таңғажайып әсер” номинациясы ІІІ орын Кушубаева Алина Суреттер байқауы ІІ орын Глоба Данил суреттер байқауы Алғыс хат Кокорин Петр суреттер байқауы алғыс хат Тельманова Жанерке ауд Қадыр оқулары ІІ орын Майдан Тайман сурет байқауы ІІІ орын Тельманов Ермахан -“Мен өлкемді зерттеймін” ғылыми жоба ІІІ орын “Балдәурен” балалар шығармашылығы фестивалі “Халықтық музыка” номинация Бакаушина Виктория- “Рухани жаңғыру” ғылыми жоба І орын. Шығармалар байқауы ІІорын Қайыржанова Ботагөз- Аудандық 2001-2002 ж қыздар арасында “Рухани жаңғыру болашаққа бағдар” аясында футболдан “Үздік қақпашы” номинациясы Базарбаева Назира -Ауд. Елбасы Н.ӘНазарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағд.аясында ҚР Тәуелсіздігіне орай өткізілген шығармалар байқауы жүлдегері. Бакбасова Асылжан -Аудандық 2001-2002 ж қыздар арасында “Рухани жаңғыру болашаққа бағдар” аясында футбол қатысушысы Нуралиев Нұрберген- ауд шаңғы жарысынан І орын Тюлегенова Аружан - шығармалар байқауы І орын Мусагалиев Темирлан -ауд шаңғы жарысы ІІІ орын Тұрмыс Алтын- ІІорын.футболдан қыздар құрамасы ІІ орын. “Абай мен Шәкәрім” эссе сайысы ІІІ орын Баймухамбетова Камила -ауд қолөнер сайысы ІІ орын. Футболдан қыздар құрамасы ІІ орын Туралиева Мариям- “Отбасылық дәстүрлер құндылықтары балалар көзімен” байқауы ІІ орын Облыстық жарыстардың жеңімпаздары: Тельманова Жанерке Облыстық эссе байқауы ІІ орын Есенгазиева Арайлым “Рухани жаңғыру” бағдарлама аясында “Туған ел” тақырыбындағы шығармалар байқауы І орын Республикалық жобалардың жеңімпаздары: Мұхамет Қасиет -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын Сапар Таймас- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын Ахмедьярова Адия- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын Саматова Жанель- “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын Тахирқызы Адиля -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Маугли және оның достары” атты жас таланттар байқауы І орын Хабиев Аян -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын Арыстангалиев Арыстан -“ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Көркем жазу -өнер” атты жас таланттар байқауы І орын Серікқызы Аяулым Республикалық “Шабыт” білім беру орталығы шығармалар байқауы І орын Кеңес Назар Республикалық өлеңдер шығару байқауы ІІ орын Капезов Жангир Республикалық өлеңдер шығару байқауы ІІІ орын Тельманова Жанерке Республикалық “Менің әкем әлемдегі ең керемет жан” эссе байқауы І орын Асқарова Милана - “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық эссе байқауы І орын Максимқызы Назеркем “ЭРУДИТ” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық эссе байқауы І орын Әбуғалиева Бибіайша “Қазақстан менің Отаным” Республикалық мәнерлеп оқу интернет байқауында Іорын “Шығармашылық шеберхана” интернет байқауы “Бисермен тоқу” номинациясы ІІ орын Кеңес Бекзат Республикалық күрес жарысы ІІ орын Халықаралық интелектуалдық марафон жеңімпаздары: Байдукешев Меирман Халыаралық “Балалық шағымның аспаны” атты жас таланттар байқауының менің сүйікті мульткейіпкерім номинациясы І орын. Нәби Асылжан ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы мәнерлеп оқу ІІ орын Капезов Амирхан ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы мәнерлеп оқу ІІ орын Ахмадиева Дильназ ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы көркем жазу ІІ орын Ахмедьяров Алдияр ІQ Center Интеллектті дамыту орталығы “Мен және менің досым” фото сурет ІІ орын ТҮСІНІК ХАТ 2019 – 2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысы «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа ала отырып құрылды. 2019 – 2020 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халық дәстүрлерін дәріптей отырып, жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» Мақсаты: Шығармашыл, өз бетімен жұмыстанатын, адамгершілігі мол, өзін және өзгелерді бағалайтын тұлға қалыптастыру үшін жағдай туғызу. Міндеттері: 1.Әлеуметтік ортамен балалар ұжымын ұйымдастыруда оқушылардың өз бетімен жұмыстануын, жауапкершілігін, белсенділігін көтеру. 2.Мұғалімдердің біріккен шығармашыл қызметі, спорттық секциялар мен үйірмелерді ұйымдастыру арқылы шығармашылық ахуал туғызу жолымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. 3.Жасөспірімдердің рухани адамгершілік, танымдық, салауаттылығын дамыту үшін жағдай туғызу. 4.Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін күшейту. 5.Мектеппен отбасы байланысын нығайту. 6. Оқушы балалар мен жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту.
Баланың қызығушылығын дамыту үшін мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту. 2019-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
жүктеу/скачать 2,27 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |