Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Bolashaq» академиясы» жеке меншік мекемесі



бет18/104
Дата24.08.2020
өлшемі0,64 Mb.
#76766
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104
Байланысты:
УМК Математика пмно

Дәріс №14.

Дәріс тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізудің әдістемесі.

  1. Математикадан сыныптан тыс жұмыс оқу процесінің құрамды бөлігі.

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері.

  3. Сыныптан тыс жұмыстардың кластағы тақырыптардан ерекшелегі.

1. Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар: математикалық бұрыштар, математика кештері, үйірмелер, конкурстар, олимпиядалар болып табылады. Мұндай сабақтардың ұзақтығы түрліше және айына 1-2 рет болады. Мазмұны жөнінде ол сабақтағы жұмыспен байланыста болуы тиіс, алайда қиынырақ есептер, қызықты, логикалық есептер, тапқырлыққа берілген есептер, мысалдар шешу үшін әр түрлі әдістер пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадратты толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды табу, ребустарды, жұмбақтарды шешу ұсынылады. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда плакаттар, суреттер, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе тіпті жақсы.

2. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу; олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға жұмыстарға тарту; соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Сыныптан тыс жұмыстардың кластағы тақырыптардан ерекшелегі – еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Сыныптан тыс жұмыс істеу үшін мұғалім шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды сынып ұжымымен үйлесімді болатындай етіп таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан өзгешелігі – ол математикалық ойын есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мұнда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Алайда, бұл жаттығулардың математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себебі тиюі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет