Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


МАҚСАТЫ:  Жетілген тұлғаны тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
27 (1)

МАҚСАТЫ: 
Жетілген тұлғаны тәрбиелеу 
Ізгілендіру идеясы
Адамгершілік тәрбие 
Адами қасиеттер 
Ақыл-ой тәрбиесі 
Эстетикалық тәрбие 
Еңбек тәрбиесі 
Құқықтық тәрбие 
Имандылық тәрбиесі 
Отбасы тәрбиесі 
Білім, ақыл, тіл 
Сұлулық, ӛнер 
Еңбек-тіршілік кӛзі 
Ел басқару 
Ислам қағидалары 
Халық педагогикасы 
Тұлғаның үйлесімді дамуы 


1. Кісілік – адамгершіліктің негізгі тұтқасы, 
адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет, 
Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі 
ретіндегі сапалық кӛрсеткіш. Ғұлама кісілікке тән 
сипаттарды былай бӛліп кӛрсетеді: тіл – адал сӛйлеп, 
шындығын айту; әділет - әділдікті сақтау, ар-намысты 
қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және 
қол кең болу; қайсарлық – елін-жерін қорғау, жаудан 
сақтану.
Ж.Баласағұни адамның бойындағы кісілік қасиетін 
жоғары қоя отырып, кісі ділі, тіні, негізі – кісілігімен ғана 
Адам деген құрметке ие екендігін ашып кӛрсетеді: 
Кісі екенсің, тінің сенің – кісілік, 
Кісілерге адамдық ет кешіріп... 
Кісілікпен танытасың затыңды, 
Кісілікпен шығарасың атыңды. 
Кісілерді кісі еткен кісілік, 
Кісілікпен аты шығар кісінің... 
Кісі ізгісі – қайрымды кең кісі, 
Ел сарасы, кісіліктің белгісі... 
Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. 
Әділдіктің заты – тұнған кісілік. 
Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып кӛрсету бойынша 
айтқан даналық тағылымдары дастанның ӛн бойынан 
кездесіп отырады. Қазіргі жастарымыздың бойында кісілікті 
қалыптастыру ең маңызды мәселе болса, Ж.Баласағұнидің 
еңбегі - кісіліктің әліппесі ретінде баға жетпес құнды дүние. 
2. 
Ізгілік. 
Ж.Баласағұнидің 
ілімі 

ізгілік 
педагогикасының қайнар кӛзі, дастанда ізгіліктің сипаты, 
пайдасы толық ашып кӛрсетіледі. Ғұлама адам бойындағы 
ізгілік жақсы адамға тән екендігін айта отырып, жақсы адам 
мен жаман адамның ӛмірдегі мәніне салыстырмалы талдау 


жасайды. Жақсы адамның ешқашан аты ӛшпейтінін, жаман 
адамның ешқашан аты аталмайтынын ескерте отырып, ізгі 
іс қай адамды болмасын (бекті де, құлды да) жақсылыққа 
апаратын жол, құрметке бӛлейтін қасиет екендігін меңзейді: 
Ізгілік пен жақсы қылық – амалы, 
Мұнымен ер екі дүниені алады. 
Сен ізгілік тілер болсаң; одан да, 
Кел ізгілік қыл, сӛзіңді доғар да. 
Адам бойындағы ізгілік оның ізгі ниетінен, ізгі сӛзінен 
және ізгі қылығынан кӛрінетінін ғұлама ӛте кӛрегендікпен 
тұжырымдаған. Ізгі ниет - адамды ізгілікке, адамгершілікке 
итермелейтін ішкі күш, алғашқы түрткі, сондықтан оны 
адам бойында қалыптастырудың маңызы зор: 
Жақсы болса ердің ниет-құлығы, 
Іс-тілегі түгел болар ғұмыры. 
Ниеті оң – тек жақсылық табады, 
Ниеттен-ақ жанға сауап алады. 
Ғұлама ізгі сӛз сӛйлеген адамның шапағатқа 
бӛленетінін, ізгі сӛзі арқылы ӛзінің білімділігін, 
ақылдылығын, даналығын, кісілігін танытатынын айтады:
Кісі кӛркі – сӛз, бұл сӛздің түрі кӛп, 
Ізгі сӛзді ерді мақта, тілі ӛрт!... 
Тілмен адам ӛң береді сӛзіне, 
Жақсы сӛзбен нұр береді ӛңіне. 
Ізгі қылық ізгі ниет пен ізгі сӛздің іс жүзіндегі кӛрінісі, 
ол адамның мінез-құлқынан кӛрінеді. Ізгі қылық арқылы 
адам ӛзінің жақсылығын айналасындағы адамдарға күн 
нұрының шуағындай тарата алады, ай сәулесіндей кӛрсете 
біледі, жарқырап тұрған жұлдыздардай таныта алады: 
Кісі әсілін танытады қылығы, 
Ісі қандай – сондай тіні, құлығы. 
Құлқы ізгінің қылығы да әдемі, 


Оңбағандық – оңбас құлық әлегі! 
3. Тектілік. Адам баласының адамгершілік қарым-
қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бӛліп, адамдық асыл 
сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние 
таластықты тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат 
кӛрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық 
қасиеттерді 
қастерлемеуден 
туындайды 
[27.Б.43]. 
Ж.Баласағұни тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен 
шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне кӛтереді. Ол 
тектіліктің тұқым қуалау арқылы да адамның бойына 
тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ой-пікірлері 
дәлелдейді: 
Елік ойын мәтелдеді, балады: 
«Текті ердің текті ұрпағы қалады!»... 
Тегі жақсы болса, жақсы адам да
Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда.
Ғұламаның данышпандығы тектілікті тәрбие арқылы 
қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы 
болып табылады. Оның негізгі мәні – «әкеңді сыйласаң, 
атаңды құрметтей білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның 
ӛнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, 
бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан 
екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: 
Текті атаның баласы туыс іздейді, 
Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. 
Асыл болса кімнің ата-тегі егер, 
Одан елге пайда тиер, сене бер!. 
Тәрбиенің жетекші роліне сүйене отырып, тек - 
адамдық қасиет, ӛйткені әрбір тұлғаның тегі – Адам, 
сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады 
деген тұжырым жасайды: 
Бектер сӛзі тілді буып алмасын, 


Текті сӛздің тек әділін арнасын... 
Ізгі іс істесең – текті тірлік сүргенің, 
Жауыздығың - кӛрге тірі кіргенің. 
4. Парасаттылық. Адамның данышпандығы, білімділігі, 
ақылдылығы, 
даналығы, 
терең 
ойшылдығы 
мен 
кемеңгерлігі оның парасаттылығын білдіреді. Ж.Баласағұни 
парасаттылықты жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісінің 
кемелділігін 
білдіретін 
жиынтық 
ұғым, 
адамның 
адамгершілік сапаларының бірден-бір ӛлшемі ретінде 
қарастырады. «Ӛгдүлмішті сонан соң сӛзге қостым, Ақылы 
асқан жоқ одан ӛзге достым» дей отырып, Ақыл бейнесін 
уәзірдің баласы Ӛгдүлміш арқылы беріп, парасаттылықтың 
мәнін ашып кӛрсетеді. Тұлғаның бойында парасаттылық туа 
біткен ақыл-есті біліммен толықтыру нәтижесінде пайда 
болатындығы туралы ой-пікір айта отырып, оны дамыту 
үшін үнемі білім, ӛнер нәрімен сусындатып отыру, оқып-
үйрену еңбегімен шұғылдану қажеттілігін ашып кӛрсетеді: 
Туып оқу-тоқусыз, ӛмір бойы оқиды, 
Дүние сырын ақылмен санасына тоқиды. 
Анадан да шарана білімсіз боп туады, 
Біліп, оқып,үйреніп дана жолын қуады. 
Тек ақыл-ес табиғаттан бұйырар, 
Ақыл-еске білім, ӛнер құйылар. 
5. Әділдік. Әділдік ханның, әміршінің бейнесі арқылы 
суреттеліп, дастан мазмұнында де ӛлмейтін кейіпкерге 
айналғандығы бекер емес. Бұдан туатын ой — қай заманда 
болмасын әділдіксіз, әділ заңсыз, құқықтық тәрбиесіз 
ешқандай 
қоғам 
алға 
ілгерілемек 
емес. 
Ал
педагогикалық 
процесс 
кезінде 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушілердің арасында, тіпті, балалардың ӛзара 
қатынастары 
жағдайында 
әділеттілік 
қағидасының 
сақталмауы ӛскелең ұрпақ үшін зардабы үлкен құбылысқа 


айналатындығы анық. Сондықтан, педагог-ақын әділдікті 
әлемдегі тіршіліктің кӛзі - Күнге теңеп: «Жарқыраған Күнді 
кӛр де, кӛр мені, Күн сӛнсе егер, тіршіліктің ӛлгені» — деп 
әділдіктің Күн сияқгы қоғамдық ӛмірге нұрын шашып, 
адамдардың қарым-қатынасын сәулелендіріп тұратындығын 
айтып, ұлағатты педагогикалық ой түйеді [9. Б.43]. Ғұлама 
әділдіктің мағынасы туралықты, шыншылдықты, түзулікті 
білдіреді, одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеу 
қиянат жасау, жазықсыз жапа шектіру деп түсіндіреді. 
Сондықтан дастанда әділдік адамның ең асыл қасиеті, 
адамгершіліктің негізі деп саналады: 
Елік айтты: - Біл, әділ жан бір шынар, 
Тілі, ділі сӛзіменен бір шығар. 
Тысы-ішіне, іші-тысқа жарасып, 
Туған жаннан кетпес шындық адасып... 
Әділдік – құт. Құт құрығы-кішілік. 
Әділдіктің заты – тұнған кісілік. 
Сонымен 
бірге 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
ілімінде адамгершіліктің асыл сапалары, негізгі ӛлшемдері 
болып 
табылатын 
қайырымдылық, 
кішіпейілділік, 
жомарттық, 
әдептілік, 
сыпайылық, 
сабырлылық, 
инабаттылық, имандылық, достық, жолдастық сияқты 
қасиеттердің мән-мағынасы айқындалып, оларды дұрыс 
ұйымдастырылған тәрбие арқылы тұлғаның бойында 
қалыптастыруға болатындығы айтылады. Ғұламаның 
ойынша, тұлғаның рухани дамуы оның бойындағы жақсы 
және жаман қасиеттердің бірін-бірі жоққа шығаруы 
арқасында 
мүмкін 
болады. 
Мәселен, 
надандықты 
парасаттылық, 
күншілдікті 
достық, 
жауыздықты 
қайырмдылық, 
сараңдықты 
жомарттық 
жойып, 
адамгершілігі мол, рухани дүниесі бай жетілген тұлғаны 
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 


Ж..Баласағұнидің педагогикалық ілімінде ақыл-ой 
тәрбиесіне де ерекше орын беріледі. Ғұламаның пікірінше, 
адамда туғанда танып-білуге деген қабілет (ынта) болады: 
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса... 
Осы ынтаны оятып, әрі қарай дамыту үшін, яғни ақыл-
ой тәрбиесін іске асыру үшін адамның бойында қандай 
сапалар болу керектігін Ж.Баласағұни ӛз еңбегінде кӛрсетіп 
берген, мұнда да ол тӛрт тұғырға сүйенеді: біріншісі – ақыл, 
екіншісі – ерік, үшіншісі - әрекет, тӛртіншісі – сӛз. Осы 
тӛрт тұғырдың адам денесінде алатын орны бар: ми, жүрек, 
қол және тіл. Ғұлама дастанда ақыл-ой тәрбиесін берудің 
педагогикалық жүйесін данышпандықпен кӛрсете біледі. 
Бұл қазіргі ұстаздар қауымы үшін құндылығы жоғары 
тәрбие технологиясы болып табылады. Біз Ж.Баласағұнидің 
ақыл-ой тәрбиесінің жүйесін былай кӛрсетеміз (Кесте 2 ):
Кесте 2 – Ж.Баласағұни іліміндегі ақыл-ой тәрбиесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет