Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 8. Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 8. Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың 
педагогикалық идеяларының сабақтастығы 
 
Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаев педагогика тариххында 
ұлы тұлға, кемеңгер ойшыл, ғұлама ұстаз екені, «Құтты 
білік» дастаны мен Абайдың таңдаулы педагогикалық 
туындылары 
арқылы 
әлемдік 
педагогиканың 
озық 
үлгілерімен деңгейлес тұрғаны шынайы ақиқат екендігі 
баршамызға мәлім.
Екі ғұламаның адамды тәрбиелеу, қоғам үшін қажетті 
тұлғаны қалыптастыру туралы педагогикалық мәні зор ой 
тұжырымдары бір-бірімен байланысып, қанша ғасыр ӛтсе 
де, қоғамның жаңа тарихи даму жағдайында жаңа белес 
тұрғысынан қарастырылып, ерекше маңызға ие болып отыр. 
Мұның ӛзі Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың ұрпақ 
тәрбиесіне қатысты мәңгі ӛшпес мұра қалдырып, олардың 
жылдар ӛткен сайын құндылығы арта беретінін дәлелдейді. 
Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер, мінез-құлық 
ерекшеліктері мәселесі педагогика ғылымының мәңгілік 
мәселесі екендігін, оның әрқашан жаңғырып, жаңаша сипат 
ала отырып, жалғастық тауып ӛрістеп, дами беретінін 
ескерсек, Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаев шығармашылығы 
кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы ӛмір 
шындығын 
танып-білуге 
себін 
тигізе 
алатынын 
мойындауымыз қажет. Сондықтан ұлы ғұламалар еңбектері 
ӛз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз 
үшін тек тарихи маңызы бар, ӛткінші құбылыс деп санауға 
болмайды, олар заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық 
ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, ӛркендеп, дамып 
отыратын асыл мұралар болып табылады.
Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың педагогикалық 
идеяларын табыстыратын басты мәселе – тұлғаның жетілуі 


түрінде танылатын кісілік кемелділік. Екі ғұлама ойының 
сабақтастығы адамгершіліктің жүйесін жасаумен, адами 
құндылықтарды айқындаумен, тұлғаның жетілуі мен кісілік 
кемелденудің мәнін ашумен ерекшеленеді. 
Педагогика ғылымында адамгершілік қоғамның, 
ӛмірдің объективті заңдылықтарына сәйкес адамдар 
арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып 
табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді 
бейнелейтін моральдық қасиет ретінде анықталады. Ол 
адамның 
мінез-құлқы, 
іс-әрекеті, 
қарым-қатынасы, 
кӛзқарасы арқылы сипатталады (әдептілік, мейірімділік, 
қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.).
Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында және 
А.Құнанбаевтың 
шығармаларында 
адам 
баласының 
бойындағы 
әділеттілік, 
мейірімділік, 
имандылық, 
рақымдылық, жомарттық тәрізді тұлғаның адамгершілік 
қасиеттері басты орынға қойылған. Екі ғұлама да ұлттық 
сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, 
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында ізгі 
қасиеттер қалыптасқан толық, жетілген адам бейнесін 
сомдап, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді 
саралайды.
Толық, жетілген адамның қадір-қасиеті ең алдымен, 
біліммен, ақылмен ӛлшенеді. Бұл туралы Ж.Баласағұни: 
Білік берді – адам бүгін жетілді, 
Ақыл берді – талай түйін шешілді. 
Кімге құдай берсе, білім, ақылды, 
Қолы жетіп, алар ол мол асылды! – деп ой 
тұжырымдайды (1). 
Ғұламаның даналық тұжырымдары ұлы Абайдың ой-
санасымен үндестік тауып, былайша сабақтасады: 
Дүние де ӛзі, мал да ӛзі, 


Ғылымға кӛңіл бӛлсеңіз. 
Білгендердің сӛзіне 
Махаббатпен ерсеңіз. 
Ақыл сенбей сенбеңіз, 
Бір іске кез келсеңіз (30). 
Ғылым-білімді 
уағыздаған 
ұлағаты 
мол 
ұлы 
ойшылдардың ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы 
парасаттылықтың белгісі болып табылады. Дүниенің сырын 
ұғып-білуде, ӛмірдің мәнін танып-түсінуде білім мен 
ақылдың мүмкіндігінің шексіздігін дәріптейді. 
Ж.Баласағұни мен Абай үшін толық адам барлық 
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ақылды, 
қайратты ер жүрек тұлғасы ретінде кӛрінеді. Ж.Баласағұни 
толық, жетілген адамдарға қажетті сапаларды саралай 
отырып, оларды бойға сіңіру кемелділік дәрежесіне жету 
деп біледі: 
Ерге керек тӛзімділік, күш-қайрат, 
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап. 
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті, 
Білімділік, ақылдылық қажетті. 
Ақыл керек, білім таңдап аларға, 
Білім керек, іске жақсы қарарға. 
Жарамды мен жарамсызды кӛрерге, 
Керектіні-керексізден бӛлерге. 
Барлық іске зерек болса, парықтап, 
Ала білсе, ӛз керегін анықтап. 
Сонда 
толық
болар ісің, пішінің, 
Білімді асты жейді баппен пісіріп. 
Мұндай кісі тілегіне жетеді, 
Қос жаһанда ісі оң боп ӛтеді.


Абайдың педагогикалық ұстанымы Ж.Баласағұнимен 
ұштаса отырып, ақыл, қайрат, жүректің бірлігі адамдық 
қасиеттің кемелденуі екендігі нақтылана түседі: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда 
толық 
боласың елден бӛлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 
Адамға ең қажетті ізгі қасиеттің биік тұғыры 
сабырлылық болып табылады. Сабырлылық Ж.Баласағұни 
мен Абайда адамгершіліктің маңызды сапасы ретінде 
ерекше мәнге ие болып, адами құндылық тұрғысынан 
қарастырылады. Мәселен, Ж.Баласағұни «Сабыр – ақыл-
парасаттың белгісі» десе, Абай «Сабыр түбі – сары алтын» 
деп баға береді. 
Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында кісіліктің, 
парасаттылықтың адам болмысын жақсартатын күш екені, 
бүкіл қоғам болмысы тұлғаның осы бір ішкі әлемінің 
сұлулығынан туындап, жалғасатын тірек екендігі айқын 
кӛрінеді. Шығармада адами қалыпты сақтаудың жолы ұят 
пен әділет, оларға қарама-қарсы адамды кісіліктен 
ажыратын арсыздық, мақтану, жамандық, сараңдық, 
еріншектік екендігі нақты мысалдармен сипатталады. 
Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа! 
Күйіп-пісіп, ӛзіңді отқа құлатпа! 
Қай істе де жоғалтпағын сабырды, 
Ұстамдылық үйірер мал бағыңды,
Тіліңді тый, қарай жүргін кӛзіңе 
Нәпсіңді тый, құлқының – жұт ӛзіңе.
Ұлы Абай «Сап, сап, кӛңілім, сап кӛңілім!» дей 
отырып, сабырсыздық арсыздықтың белгісі екендігін 
ескертеді: 
Сабырсыз, арсыз, еріншек, 


Кӛрсеқызар, жалмауыз, 
Сорлы қазақ сол үшін, 
Алты бақан, ала ауыз. 
Ӛзін-ӛзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді, 
Ол – арсыздық белгісі. 
«Құтты 
білік» 
дастанында 
кейіпкерлердің 
символикалық сипаттары арқылы берілген тӛрт жетекші 
педагогикалық 
идеялардан 
ӛрбитін 
тағылымдық 
құндылықтар адам болудың негізі болып табылады. Олар: 
әділдіктің бейнесі Күнтуды Елік патша арқылы берілген 
бұлжымас әділ заң мен тура жол; патшаның уәзірі Айтолды 
бейнесімен берілген бақ-дәулет, ырыс-байлық; уәзірдің 
баласы ¤гдүлміш арқылы берілген ақыл мен парасат; 
уәзірдің жұрағаты тақуа жан Одғұрмыш бейнесі арқылы 
берілген қанағат, ынсап, барға риза болу, ұстамдылық. 
Ж.Баласағұни Күнтуды Елік патша арқылы әділдіктің 
сипаттамасын бере отырып, әділдік, адалдық адамдықтың 
белгісі екендігін дәріптейді: 
Ұлым ба, әлде жақыным ба, алыс па, 
Кештеу жүрген қонақ па, әлде таныс па? 
Заң алдында, бәрі бірдей мен үшін, 
Кесем әділ, болмайды еш келісім... 
Бектік берік - әділ заңның жӛнімен, 
Бұра тұртсаң абыройың тӛгілер. 
Бұл тағылымы мол тәлімдік ой-пікірлерден әділдік, 
адалдық бар жерде адамның ар-ожданы таза, абыройы биік, 
мәртебесі жоғары болатындығы туралы қорытынды жасауға 
болады:
Әділдік – құт. Құт құрығы-кішілік. 
Әділдіктің заты - тұнған кісілік (1). 


Абай әділдікті ең жоғарғы моральдық қағида ретінде 
ұстанып, ӛз шығармаларының негізгі арқауы етіп алған: 
Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да, қуғанға. 
Әділет, шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға. 
Бастапқы екеу соңғысыз 
Біте қалса қазаққа, 
Алдың – жалын, артың – мұз, 
Барар едің қай жаққа?- дейді «Әсемпаз болма әрнеге» 
атты ӛлеңінде. Сол арқылы ұлы Абай әділеттілік болмаған 
жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе 
алмайды деп ой түйеді. Міне, осыдан екі ғұламаның ойы бір 
жерде түйісетінін байқауға болады. Екі ғұламаның да 
педагогикалық идеясының негізгі ӛзегі - әділеттің мерейін 
үстем ету. Ж.Баласағұни әділетті бек сипатындағы Күнтуды 
Еліктің бейнесі ретінде кӛрсетіп, кӛпті түзеу, жолға салу 
бектің ісі, сондықтан әділетті болуды ел басшысы бекке тән 
деп біледі. Ӛйткені Ж.Баласағұни адамды тәрбиелеу ісінде 
бек бейнесі мен қызметін негізгі тәрбие құралы ретінде 
пайдаланады. Әділет - кісіні ізгілікпен табыстыратын тӛте 
жол, әрі ізгілік те әділетсіз толыққанды тірлігімен 
кӛрінбейтіндігін тұжырымдай отырып, әділетті ӛмірдің 
мәні, тірліктің тірегі деп біледі. Ал ұлы Абай болса, әділетті 
халықтың, кӛптің салты, азығы ретінде бағалайды: 
Ғадаләт пен мархамат – кӛп азығы, 
Қайда кӛрсең, болып бақ соған кӛмек. 
«Құтты білік» дастанында әділет бейнесіндегі бектің 
Күнтуды аталуы тегін емес. Күннің шуағы жер бетіндегі 
жаны бардың бәріне тиеселі болса, әділет те - кӛпшілік 
ырзығы: 
Қарасып тұр кедей, жетім, тұлдарға, 


Шын әділдік – соларға кӛз бұрғанда – дейді ғұлама.
Абай ӛз шығармаларында Ж.Баласағұни секілді басшы, 
бек бейнесіне негіз болған әділет қасиетінің жетекші орнын 
нақты бӛліп кӛрсетеді. Абай ақылды нұрлы, жүректі ізгі 
етуші әділет деп біледі. Әділет Абайдағы үш танымның, 
яғни толық адам (ақыл, қайрат, жүрек), жәуанмәртлік (ақыл, 
рақым, әділет), имани гүл (Алла, адам, әділетті сүю) 
құрамында келеді. Абайдың, әсіресе әділетке айрықша үміт 
артқанын оның имани гүл танымынан байқауға болады. 
Бірінші сүюдегі Алланы ақын әділет пен махаббат деп 
біледі де, оны, яғни Алланы әсіресе әділеті үшін сүйеді. Ал 
екінші сүюдегі адамзат ақылымен, ақылын нұрлы, ізгі 
ететін әділетімен ғана мұратына жетіп, болмысын баянды 
етпек. Сӛйтіп, Абай танымының шыңы мен мәні – имани 
гүл, имани гүлдегі әділет болып табылады. Оның 
«Адамшылықтың алды махаббат, ғадаләт сезім» деп айтуы 
текке емес болар. «Құтты біліктегі» әділет бейнесінің бек, 
басшы түрінде берілуі құт-береке, ақыл-парасат, қанағат-
рақымның әділетке кіріптар, тәуелді екенін кӛрсетеді. 
Халық түсінігіндегі ең киелі ұғым, дастанның атына 
айналған құт-береке, бақ-дәулет әділет пен ізгілікке құштар, 
ӛйткені әділет пен ізгілік болған жерде құт болады (31). 
Міне, екі ғұламаның негізгі педагогикалық идеясының 
түйіні осы.
Ж.Баласағұни «Құт бір күндік, алды жар да, арты бал, 
толар дәулет, толған айдай сарқырар!» немесе «Мен де 
айдай жаңаланып тұрамын, бірде бармын, бірде жұмбақ 
тұрағым» дей отырып, адамға қажетті құттылықтың белгісі 
бақ-дәулет, ырыс-байлықтың мәңгілік еместігін, сондықтан 
дәулетің, байлығын болса, менменсіп, адамдық қасиетті 
бойыннан жоғалтпау қажеттігін айта отырып, «Дәулет бітсе, 
менменсіме, тасыма, жақсылық қыл, жиылсын жұрт 


қасына» деп тағылым береді. Мұның ӛзі педагогикалық 
мәні жоғары тәлімдік тәрбие ӛнегесі болып табылады. 
Қазіргі заман тұрғысынан алсақ, нарық қатынастарының 
ӛркендеуіне байланысты жаңа заманның ұрпағы дүниеге 
келіп отыр. Сондықтан жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде 
ғұламаның «Құтты білік» дастанында айтылған ой-
пікірлердің маңыздылығы арта түседі. Дәулетті адамдардың 
байлығына, жиған-тергеніне мәз болып, ӛмірдің мәні, 
тіршіліктің сәні осы екен деп, айналасындағы ұмытып, 
адамдық қасиеттерден арылуына жол берілмеуі тиіс.
Ж.Баласағұнидың тәлімдік ой–пікірін сабақтай отырып, 
Ұлы Абай дәулетті адамның адал болуы туралы былай 
дейді: 
Адамзат тірілікті дәулет білмек, 
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. 
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, 
Не қорлық құр қылжаңмен күн ӛткізбек? 
Ж.Баласағұни мен Абайдың негізгі тақырыптарының 
бірі ақыл мен парасат болып табылады. Ақыл-парасаттылық 
пен білімділік туралы екі ғұламаның ойы бір-бірімен 
сабақтасып, бірін-бірі толықтырып тұрады. 
Дастанда уәзірдің баласы Ӛгдүлміш арқылы ақыл мен 
парасаттың мәні ашып кӛрсетіледі. Ж.Баласағұни ақылды 
«қымбатыңның қымбаты, онсыз құнсыз тәннің сымбаты» 
деп ӛте жоғары бағалай отырып, оны былайша анықтайды: 
Ақыл тұрар қатпарында миынның,
Баста бәрі – қимас асыл сыйыңның. 
Ж.Баласағұни ақылды туғанда адамда болатын қасиет 
деп біледі, ақыл арқылы жинақталатын жанның қорын білім 
деп түсінеді: 
«Оқу-тоқу берер-білім, парасат, 
Оның бәрі ақыл емес, қарасақ. 


Ақыл-зейін хақ бұйрығы сіңірген 
Желек жаяр, қосылғанда біліммен!» 
Ақыл-ес те хақтың берген еншісі,
Білім – кенге түскен мидың елшісі. 
Абай адамда туғанда ақылдылыққа, білімділікке 
апаратын білсем екен, кӛрсем екен, үйренсем екен деген 
жан құмары болады деп біледі де, «аз ба, кӛп пе, білсем 
екен, кӛрсем екен деген арзу (тілек, мақсат), бұлардың басы 
– жибили (туа біткен қасиет, ақыл), ғылым – бұлар – кәсиби 
(жинақталған, еңбекпенен табылған)» деп тұжырымдайды. 
Он тоғызыншы қара сӛзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті 
болмайды: естіп, кӛріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі 
жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, кӛргені 
кӛп болған адам білімді болады» деп, ақыл мен білімнің 
ӛмір тәжірибесінен, кӛп оқып-білгеннен қалыптасатынын 
білдіреді. Сонымен Абай ақылды таза кәсіби қасиет дей 
отырса да, Ж.Баласағұни танымынан алшақ кетпей «білсем, 
кӛрсем, үйренсем» деген ақылдың алғашқы нышандары 
туғаннан адам баласында болатынын айтады. Абаймен 
ойын ұштастыра отырып, Ж.Баласағұни да ақылдың жүре 
келе толысатын кәсіби қасиетін жоққа шығармайды: 
Ақыл – есі бар адамның белгісі: 
Біліп бәрін, келер біле бергісі. 
Ж.Баласағұни мен Абайдың адамды тәрбиелеу туралы 
тәлімдік ой-пікірінің тағы бір түйісетін тұсы – қанағат, 
ынсап, барға риза болу, ұстамдылық мәселесі. «Құтты 
білік» дастанында бұл уәзірдің жұрағаты тақуа жан 
Одғұрмыш бейнесі арқылы беріледі. Дастанда «Нәпсіні тый, 
құмарлықтан арылғын, белгісі бұл ерлік, ақыл, арыңның» 
десе, Абай қанағатты адам бойындағы бес асыл істің бірі 
деп біледі.


Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының негізгі 
ӛзегі болған адам болу А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай 
мақтанба» атты ӛлеңінде жалғасын табады.
Ж.Баласағұни 
адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып, 
кісі ділі, тіні, негізі – кісілігімен ғана Адам деген құрметке 
ие екендігін ашып кӛрсетеді: 
«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те – 
Кісілікті кісілікпен құрметте! 
Тірі кісі кісілігін асырсын; 
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; 
Кісілікке түсер содан ұлы жол; 
Адамшылық жаса адамға, адам бол; 
Адам атын мақтаныш қып адал бол! 
Ұлы Абай атамыз да «Атаның баласы болма, адамның 
баласы бол» дей отырып, адам болу үшін қандай 
қасиеттерді бойға сіңіріп, қандай қасиеттерден аулақ болу 
керектігін кӛрсетіп бергені баршамызға мәлім. Міне, екі 
ғұламаның педагогикалық идеяларының сабақтасатын тұсы 
осы жерде деп білеміз. Тұлғаның да, қоғамның да жетіліп, 
кемелденуін, үйлесімді дамуын кӛздеген екі ғұлама әрбір 
адамның, жеке тұлғаның кеселді қасиеттерден тазарып, 
арылуын тілейді. Жан-дүние, ділің мен әрекетіңнің кеселді 
қасиет, ой, қылықтан тазаруы кісілік кемелділік кепілі, әрі 
оның алғашқы асуы секілді. Кісілік кемелділік жолындағы 
келесі асу кеселді қасиеттерден арылып, тазарған жан-
дүние, діліне адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп дарыту. 
Ғұламалардың педагогикалық ой-пікірлерінің негізгі түйіні 
осыған әкеп саяды: 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз. 
Тілеуің, ӛмірің алдыңда, 


Оған қайғы жесеңіз. 
Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой – 
Бес асыл іс кӛнсеңіз.
Қоғамда болып жатқан түбегейлі ӛзгерістер ХХІ 
ғасырда ӛндірістік парадигмадан жаңа білім мен ойлаудың 
жалпы әлемдік қағидаларына негізделген мәдениет 
парадигмасына; машиналы технологиядан әлеуметтікке; 
ғылыми білімдер түріндегі білім беру нәтижелерінен іс-
әрекет әдіснамасына; ұлттық экономикадан әлемдік 
экономикаға кӛшу үрдістерінің дүниеге келуіне себепші 
болды. Мұның ӛзі білім беру жүйесінде жаңа парадигманы -
ізгілендіру парадигмасын тудырды. 
Ізгілендіру Ж.Баласағұни мен Абайдың педагогикалық 
идеясының негізгі ӛзегі болған, ғұламалар тәрбиенің 
ізгілікті болуы қажет екендігін ӛз уақытында ғылыми 
тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, 
бүгінгі таңда екі ойшылдың кӛрегендігі мен ғұламалығы 
дәлелденіп, талай жылдар ӛтсе де, тәрбиенің негізгі 
парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр. 
Осы 
жоғарыда 
айтылғандардан 
басқа 
бабалар 
мұрасындағы тарихи дәстүр жалғастығы, даналық ой-пікір 
сабақтастығы жайында кӛптеген нақты деректер мен 
мысалдар келтіруге болар еді. Мұның ӛзі қай ғасырда, 
қандай заманда ӛмір сүргеніне қарамастан ұлы ойшылардың 
кӛздеген мақсаты бір, яғни жаны-тәні сұлу, рухани 
кемелденген елінің азаматын тәрбиелеу болғандығын 
аңғартады. Бұл бүгінгі таңда педагогика ғылымындағы 
тәрбиенің басты мақсатымен – қоғамға қажетті жеке 


тұлғаны қалыптастырумен тікелей байланыс табады. 
Сондықтан қазіргі әлеуметтік-экономикалық жаңару мен 
саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне аяқ басқалы 
отырғанда, жаһандану тұсында адамдардың рухани 
дүниесін байыту бабалардан бастау алған даналық, ӛзара 
сабақтастық арқылы ӛз шешімін табатыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет