АБСОЛЮТТІК ИДЕАЛИЗМ – идеализмнің негізгі түрлерінің бірі. Рухтың алғашқылығын және материяның одан кейінгілігін, туындылығын мойындай отырып А.и. субъективті идеализм сияқты дүниедегі барлық нәрселердің негізі жеке, адамдық сана деп емес, қайдағы бір объективті о дүниелік сана – «абсолютті рух», «дүниежүзілік парасат» және т.с. деп біледі. Ойды материалдық заттармен салыстырғанда алғашқы деп қарас- тырып, А.и. олардың арасындағы шын мәніндегі байланыстарды түсіндіруде метафизикалық танымға келіп соғады. Мысалы, Платон жалпы ғылымдар- ды «идеялар дүниесінде» мәңгі өмір сүреді, ал материалдық заттар осы идеялардың солғын көлеңкесі деп есептеген. Гегельдің «абсолютті рухы», шын мәнінде, материядан бөлек алынған, оған қарама қарсы қойылған, абсолюттендірілген ұғымнан басқа ештеңе де емес. А.и. дәл ұғына білудің кейбір жақтарын абсолюттендірумен қатар «парасатсыз жетілгендікті» де бастапқы негіз ретінде мойындайды (Шопенгауэр, Э. Гартман). Қазіргі заманғы Батыс философиясында А. и. персонализм және басқа да мектептер түрінде көрінеді. А.и. әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып кетеді.