Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет104/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 13. Диалектикалық логика. – Астана: Аударма, 2006.


БОР (Bohr) Нильс Хенрик Давид (7.10.1885–18.11.1962) – ұлы дат ғалымы, физик-теоретигі әрі ойшылы, кванттық теорияны жасаушылардың


140

бірі. Атомның кванттық моделін жасағаны үшін физика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған (1922). 1920 ж. бастап Копенгагендегі Теориялық физика институтын басқарған. Бірнеше шет елдік Ғылым академиялары- ның академигі. Физиктердің копенгагендік мектебі деп аталатын халықара- лық ғылыми мектептің ұйымдастырушысы әрі басқарушысы. «Атомдар мен молекулалар құрылысы туралы» (1913) деген жұмысында атом құрылысы- ның кванттық принциптерін ұсынғаннан бастап кванттық механиканың түбегейлі жарық көргеніне дейін (1927 ж.) тікелей қатынасып, физикалық- теориялық әрі философиялық-методологиялық тұрғыдан осы үдерісті қада- ғалап отырған. Осы теорияның қалыптасуында зор маңызы бар сәйкестік және толықтырғыштық принциптерінің авторы. Сәйкестік принципіне сүйе- не отырып, В. Гейзенберг кванттық механиканың матрицалық вариантын жасап шықты. Толықтырғыштық принципі арқасында Н. Бор кванттық механиканың логикалық дәйекті интерпретациясына қол жеткізген. Бұл екі принциптің де терең философиялық, логикалық-методологиялық мән- маңызы бар екені анықталды.


Шығармалары: Бор Н. Избранные научные труды. В 2-томах. – Т. 1. Статьи 1909–1925. – М.: Наука, 1970. – 583 с.; – Т. 2. Статьи 1925–1961. –М.:
Наука, 1971. – 675 с.


БОРЫШ – адамның қоғамдық пікір және ішкі қозғаушы күштердің ықпалы негізінде қоғам, ұлт, әлеуметтік топ, ұжым алдындағы азаматтық міндеттерін білдіретін этикалық категория. Б. адамға міндеттер ретінде танылатын және оларды мүлтіксіз орындау оның ішкі моральдық қажет- тігі болып табылатын қоғам, ұжым тарапынан қойылатын талаптардың жиынтығы. Б. талаптарында қандайда бір әлеуметтік топтың мүдделері көрініс табады. Сол жалпы мүдделерді қабылдап мойындауы және оны индивидтің ішкі қажеттігіне айналуы, оны өз жауапкершілігіне алып, жанашырлық танытуы және олардың жеке мүддеге кіріктірілуі борыштық сана мен сезімнің пайда болуына әкеледі; әлеуметтік талап адамның ішкі моральдық сапасына айналады, жеке адам үшін шартты әлеуметтік мінез нормасына ауысады және сол әлеуметтік топтың немесе бүтіндей халық- тың қоғамдық санасында бекіп орнығады.
Қазақ даласы өркениетінде Б. елдің, жұрттың, бүкіл әлеуметтің алдындағы азаматтық парызбен, жауапкершілікпен, адамгершілік мінез- бен байланыстырылды. Мыс., оны «Е, е, қарағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі – ел нәсібі, ел нәсібі – ер нәсібі… жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығың- дар» (Арыстан би), «Бәрінен жолдас-жорамен, ағайын-туысыңмен, ел- жұртыңмен сіз-біз десіп, сүрген өмірге не жетсін» (Бөлтірік шешен), «Ай мұсылман, жарандар, малыңнан зекет беріңіз, аз өмірдің ішінде, тату бол


141

да тәтті бол» (Қабан би), «Жалғанды ойлап тұрсаң бірлік керек» (Төле би),


«Елдің тұтастық бірлігі – жаныңнан, сағыныш қызуы – қаныңнан» (Шоған би) деген шешендік нақылдар әлеуметтік бірлік пен тұтастықты сақтау борышын атқару болып тұрған «елдің бірлігі, бидің білігі емес пе» (Бөлтірік) дейтін ішкі биік мәдениет соның дәлелі. Жеке адамның ішкі мәдениеті мен ішкі рухани болмыстың моральдық сапасына байланысты. Бұдан қандайда бір адамның азаматтық, кісілік, адамгершілік тұрғыдағы жетілу дәрежесі, оның өз парызы мен қарызы, міндетін терең түсіну деңгейі көрініс табады. Азаматтық борышын өтеу ердің Отан, халық алдындағы парызын адалдықпен орындауының азаматтың толысып, рухани жетілгендігінің, ерлік кемеліне келгендігінің белгісі. Оны «Ер жігіт өзі үшін туады, елі үшін өледі», «Ел ауырын ер көтереді», «Ер – елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы» (қазақ мақалы) дегендер мақұлдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет