Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ



бет170/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ
этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.




ЕВКЛИД – (б.з.б. 4 ғ. – б.з.б. 3 ғ.) ежелгі грек математигі. Математика бойынша алғашқы теориялық трактаттардың авторы. Е-тің ғұмырнамалық деректері бойынша б.з.д. 3 ғасырда Александрияда оның ғылыми қызметі өткен. Оның басты еңбегі – «Бастау» (латындық нұсқасы – «Элементтер») планиметрия, стероеметрия және сандар теориясының кейбір мәселелерін баяндаған. Бұл еңбекте өзіне дейінгі гректік математиканың дамуының нәтижесін қорытындылап және математиканың даму көкжиектерінің ірге- тасын қалады. Е. дүниетанымына Платон мен Аристотель шығармашы- лығы ықпал етті. Оның «Фигуралардың бөлінуі туралы» атты еңбегі араб тіліндегі аудармасында сақталған. Е-тік алгоритм екі бүтін санның бөліну- шісін табу тәсілін көрсетеді. Е-тік геометрияның аксиомалар жүйесі мынандай негізгі ұғымдарға сүйенеді: нүкте, түзу, жазықтық және қозғалыс. Е-тік геометрия – нақты физикалық кеңістіктің құрылымын бейнелеу үшін жасалған алғашқы қадам. Е-тік кеңістік б.з.б. (математикада) бұл евклидтік геометрияда аксиомалаларымен бейнеленетін кеңістік. Е-тік емес геометрияның ашылуы кеңістік ұғымының априорлығын мойындаудың негізсіз екендігін дәлелдеді.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.

ЕГЕМЕНДІК (француз – souverainete немесе souveranitat – жоғары билік) – мемлекет пен биліктің негізгі сипаттамасы. Е. мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси іс-әрекетінің тиісті формаларында көрінетін мемле- кеттік биліктің тәуелсіздігі мен үстемдігі. Суверенитет терминін алғаш рет мемлекеттік-құқықтық мағынада XVI ғасырда француз ғалымы Ж. Боден енгізді. Оның пікірінше, «Е. – бұл мемлекеттің абсолютті және тұрақты билігі». Саяси Е. идеясының қалыптасуы Батыс Еуропада ұлттық-тәуелсіз, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болу үдерісімен сай келеді. Мұнда Е. шіркеуден, басқа мемлекеттен және биліктің басқа орталықта- рынан тәуелсіздікті белгілейтін қасиет. Е. мемлекет идеологиясы – жоғары феодал-билеуші-сеньордың үстемдігі туралы ортағасырлық түсінікке қар- сы қойылды. Н. Макиавелли түсіндірмесінде егеменді билік бүкіл билік ретінде көрінеді. Жаңа заманда феодалдық монархтың жеке билігінің сая- си егемендігі мемлекеттің, кейін халықтың (Дж. Локк, Б. Спиноза, Жан- Жак Руссо) үлесіне өтеді. Е. ең алдымен мемлекттің өз қызметін жүзеге асыруда іске асады. Е. мемлекеттің құқық жүйесінде көрінеді. Мемле-кеттің құқықтық өкілеттілігі мемлекеттік егеменділіктің шынайы іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Е-гі халықаралық қатынастарда тәуелсіз, яғни халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде әрекет етуін айқын- дайды. Мемлекеттердің егеменді теңдігі БҰҰ жарғысында бекітілген. Еге- менді теңдік қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттарының бірі. Т. Гоббс теориясында Е. мемлекеттің өз азаматтарына деген билігінің абсолюттілігін білдіреді. Бірақ бір адамның бүкіл билігі мемлекеттік заңның бүкіл билігіне біртіндеп орын береді. Б. Спиноза мен Г. Гроций саяси Е-лік ұғымын мемлекеттіліктің сапалы сипаттамасына қатысты көрсетеді.


Қазақстан Е-гі 1991 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз елдің қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет