олицетво рение
.
Ақ
киімді,
денелі
ақ сақалды,
Соқыр, мылқау
, танымас тірі жанды,
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Осындағы
киім
деген сөздің алдындағы
ақ, ақ сақалдының
алдындағы
денелі, соңындағы
соқыр, мылқау
эпитетке жатады.
Кейіптеуге
тағы бір мысал:
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып, –
99
дейді. Бұл өлең де алдыңғы өлең секілді, жансыз нәрсеге жанды нәрсенің
күйін беріп, жансыз нәрсені жандандырып, жандының жасайтын қимылын
береді. Мұның ішінде жеке-жеке алғанда эпитет, теңеуге жататын сөздер
бар:
бұйра
– эпитет;
Арыстанның жалындай, айдаһардай –
теңеу.
Өз мағынасында қолданылатын: теңеу, эпитет, гипербола, троптың
түрлері: метафора, олицетворение, метонимия, т.б. фигураның түрлерімен
де байланысып, аралас келетін жерлері бaр. Мысалы, Махамбеттің:
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атқан оғы Еділ, Жайық тең өткен.
Атқанда қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан,
Арыстан еді-ау, Исатай!
Бұл пәнидің жүзінде,
Арыстан одан кім өткен?! –
деген үзіндісін алсақ, теңеу, метафора, гиперболалық теңеу, эпитет және
гиперболалар бір-бірімен байланысты аралас келгендігін көреміз.
Әрине, біз бұл арада көркем тілдің, араларындағы байланыстарын
айтқанда, барлығына да толық тоқтап, толық анализ бермекші емеспіз.
Бұлардың арасында байланыс болатынын ға на айтып, оған мысал
келтіріп, оны қалай айырудың бағытын ғана көрсетпекшіміз.
100
Достарыңызбен бөлісу: |