92
Әрі-беріден соң:
Арандай ауызын ашады,
Аяғын топтап басады.
Жыны судай тасады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады..
Көл жағалай отырған
Көккұтан мен қарабай,
Көтеріліп ұшқанша
Белінен келіп басады.
Тайбурыл ілкі шапқанында тек қана гулеп шапса, кішкене қызғасын
қабақтан қарғиды, әрі-бері шапқасын таудан секіріп, бір төбенің тозаңын
екінші төбеге қосады. Кешке жақын шабысты тіпті үдетеді. Құлан менен
құлжаның алдына шығып, құс көтеріліп ұшқанша белінен басып кетеді.
Мұндағы шабыстың дамуы сықылды шабысты көрсететін сөздері де
алдыңғысынан, соңғы келетін сөздері күштірек екенін көреміз. Гулеуден
қарғу, қарғудан таудан секіру, маралдың алдын тосудан құсты белінен
басу күштірек, тезірек жылдамдықты көрсететіні талассыз. Міне, осы
сықылды сөз қолданулар дамытуға жатады.
Жай сөздердегі: «Бар! Жүгір! Ұш!», «Мен он рет, жүз рет, мың рет
айттым» деген сөздер де осыған жатады. Бұлардың алдыңғысынан
соңғылары күштірек екені түсінікті, сондықтан да мыту туралы сөзді
осымен қысқартып, эллипсиске келелік.
Достарыңызбен бөлісу: