Кіріспе
Дидактикалық
материалдар
кешені
«Информатика»
пәнінің
5-
9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Дидактикалық материалдар оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыруға, тақырыптық бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Дидактикалық құрал 5-6 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы
бойынша оқытылатын тақырыптарды бекітуге арналған практикалық
тапсырмаларды қамтиды. Тапсырмалар келесі тараулардан алынған, олар:
«Ақпарат және ақпараттық үдерістер», «Компьютер ақпаратты өңдеу құралы
ретінде», «Алгоритмдеу және модельдеу», «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» және «Телекомуникация» [1].
Әр тарау деңгейлік тапсырмалар жүйесін қамтиды. А деңгейінің
тапсырмалары репродуктивті сипаттамадағы тапсырмалардан тұрады, ал
В деңгейі – репродуктивті-өнімді сипаттамадағы тапсырмалар, С деңгейі –
шығармашылық тапсырмаларды қамтиды. А деңгейінің тапсырмаларын
орындаған оқушыға қанағаттанарлық баға қойылады. Оқушылар тек
А деңгейінің тапсырмаларын орындағаннан кейін В және С деңгейінің
тапсырмаларын орындауға көшеді. Тапсырмалардың бәрін орындау міндетті
емес. Тақырыпқа, сабақтың мақсатына, оқушылардың дайындық деңгейіне
сәйкес құрастырылған.
Дидактикалық құралдың соңында информатика кабинетіндегі қауіпсіздік
техника ережелері және мәтіндік процессорда пернелер мәндері бойынша
қосымшалар ұсынылған.
3