Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Жер бедері және минералды ресурстар. Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 13 мың км-ге созылып жатыр. Аймақтың жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі екенін сендер "Материктер мен мұхиттар географиясынан" білесіддер. Енді аймақтың басты құрылымдық бірліктері мен олардағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерімен танысайық.ймақтың солтүстігіндегі бірнеше тау жоталары мен таулы қыратты біріктіретін Мексика Кордилъерасы аумағында күшті жер сілкінулер, жаңартау атқылаулары болып тұрады. Мұнда Орисаба (биіктігі — 5700 м), Попокатепетль (биіктігі — 5452 м) сияқты сөнбеген ірі жанартаулар орналасқан. Орталық Американың батысын альш жатқан құрылымы өте күрделі таулы ауданды Кариб Кордилъерасы деп атайды, ол шығысында жағалфқ ойпаттарға ұласады.Кариб теңізі алабында орналасқан аралдар Үлкен Антиль, Бағам және Кіші Антиль аралдарының тобын құрайды. Олар шығу тегі жағынан әр түрлі (материктік, жанартаулық және маржандық) болып келеді, жер бедері де алуан түрлі. Аралдардың жағалаулары күшті тілімденген, қолайлы қойнаулар да көп. Бірақ маржан рифтері кеме қатынасына кедергі келтіреді.
Оңтүстік Американың батыс бөлігін қозғалмалы, қарқынды даму үстіндегі Анд тау жүйесі алып жатыр. Венесуэла жерінен Отты Жер аралына дейін созылған Анд жүйесі дүние жүзіндегі ең ұзын (9000 км-ден астам) тау тізбегі болып саналады. Мұнда батыс жарты шардың ең биік нүктесі — Аконкагуа тауы (биіктігі — 6960 м), дүние жүзіндегі аса биік сөнбеген жанартау — Охос-дель-Саладо (биіктігі — 6880 м) орналасқан. Анд аумағында қарқынды тектоникалық әрекетке байланысты күшті жер сілкінулер мен жаңартау атқылаулары жиі болып тұрады. Осыған қарамастан, адамдар Анд таулары аумағын ежелден қоныстанып, оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалана білген. Мұнда еуропалықтар келместен бұрын әйгілі Инктер өркениеті пайда болып, дамудың шырқау шегіне жеткен.Анд тауларынан шығысқа қарай әр түрлі жастағы шөгінді жыныстармен жабылған Ежелгі Оңтүстік Америка платформасы орналасқан. Оның кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатқан, кейінгі геологиялық кезеңдерде көтерілуге ұшыраған бөліктеріне Бразилия және Гвиана таулы үстірттері сәйкес келеді. Платформаның майысып, төмен түскен беліктерінде Амазонка, Ориноко және Ла-Плата ойпаттары орналасқан. Ежелгі платформа мен Анд аралығында Гран-Чако, Маморе және Пантанал жазықтары жатыр. Оңтүстікке қарай олар Патагония үстіртіне ұласады.Латын Америкасы аумағында минералды шикізаттың көптеген түрлері кездеседі. Мұнайдың ең бай кен орындары Венесуәла жеріндегі Маракайбо ойысында және Мексика шығанағының жағалық жазықтары мен қайраңында шоғырланған. Жалпы алғанда, аймақтың барланған мұнай қоры 18 млрд т шамасында деп бағаланады. Аймақтағы тас көмірдің жалпы барланған қоры онша мол (шамамен 100 млрд т) болмаса да, Оңтүстік Американың көпшілік елдерінде көмірлі алаптар бар.
Радиоакпшвтіминералдардың (уран, торий) қоры Бразилия мен Аргентинада, Колумбия мен Мексикада шоғырланған. Бұл кен орындарының болашақта аймақта атом әнергетикасын қарқынды дамытуға негіз болатыны сөзсіз. Латын Америкасы сапасы өте жоғары болып келетін темір кендеріне бай; оның әлемдік қорының 25—30%-ы осы аймақта шоғырланған. Темір кендерінің қоры жөнінен Бразилия (барланған мөлшері 80 млрд) және Боливия (40 млрд т) айрықша көзге түседі. Бразилиядағы кен қорының жартысынан астамында темірдің үлесі өте жоғары (54%-дан артық) болады. Бразилия және Гвиана таулы үстірттері темір кендерімен қатар, жоғары сапалы маргании кен орындарымен де өйгілі.
Түсті металдардың таралуы аумақтың геологиялық даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Анд тауларының Боливия, Перу, Бразилия аумағына енетін бөлігінде "қалайы белдеуі" орналасқан, мұнда капиталистік дүниедегі калайы қорының 30%-ы шоғырланған. Қалайы кен орындары Кариб алабындағы аралдарда да бар. Өлемдегі барланған мыс қорының 2/5, бокситтің 1/4 бөлігі Латын Америкасының үлесіне тиеді. Оңтүстік Америка аумағының кезінде еуропалықтарды таңдандырып, бес ғасыр бойы тонауға түскен байлығының бірі — алтын, Оның ірі кен орындары Амазонка және Ориноко өзендерінің алаптарында, Аргентина жерінде шогырланған. Күміс қоры жөнінен дүние жүзінде Мексика бірінші орын алса, Перу үшінші орында. Аймақта плапшна (Колумбия), алмас (Бразилия, Венесуэла, Гайана), боксит (Ямайка, Бразилия), селитра (Чили) және т.б. минералды ресурстардың қорлары барланған.
Климаты және агроклиматтық ресурстары. Аймақтың климатын қалыптастыруда географиялық орны мен жер бедері шешуші рөл атқарады. Аумағының басым бөлігін екі жарты шардың субтропиктік және тропиктік белдеулерінің алып жатуы, қоршап жатқан екі мұхит айдынының ықпал етуі және аса ірі кедергі қызметін атқаратын тау белдеулерінің болуы аймақішілік климат ерекшеліктерін калыптастырады.Экваторлық белдеуде температура жыл бойы тұрақты. Субэкваторлық және тропиктік белдеулерде температураның жыл мезгіліне байланысты өзгерістері таулы үстірттерде айқын байкалады. Биіктікке қарай температураның төмендеуінен Мексика таулы қыраты мен Бразилия таулы үстірттерінде үсіктер болып тұрады; бұл үсіктер Бразилияның кофе плантацияларына кеп зиян өкеледі. Латын Америкасындағы ең ыстық аудан — жыл бойы басым түрде құрлықтық ауа массаларының ықпалында болатын Гран-Чако жазыгы. Оңтүстік жарты шардың тропиктік белдеуінде орналасқан бұл жазықта жаз айларында температура кейде 50°С-қа жетеді. Жалпы Оңтүстік Америка аумағында орташа жылдық температура тек таулы аудандарда ғана теріс шамаға ие; тіпті қиыр оңтүстіктегі Магеллан бұғазы ешқашан қатпайды.
Аймақ климатына мұхит өсері айтарлықтай. Мұхиттағы жылы ағыстар өтетін Колумбияның батыс жағалауларына жауын-шашын мол түседі. Перуде суық ағысы өтетін Чилидің Тынық мұхит жағалауында дүние жүзіндегі ең кұрғақ — Атақама жағалық шелі орналасқан. Күзде Кариб алабындағы аралдар үстімен тропиктік циклондар жиі өтеді, олар өз кезегінде күшті дауылдарды тудырып, үлкен апатты жағдайларға алып келеді.ХалқыҚұрамы. Аймақтағы елдер төуелсіздігін алған соң да, коныс аударушы еуропалыктардың легі толастамады. Олардьщ басым бөлігі Оңтүстік Американың кезінде ауыл шаруашылығына колайсыз деп есептеліп, жеткілікті игерілмей келген субтропиктік және қоңыржай белдеулерін қоныстана бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында испандар мен португалдар, немістер мен италиялықтар келсе, XX ғасырда олардың катарын шығыс Еуропадан (чехтар, поляктар, сербтер, украиндар, орыстар) және Жапония мен Қытайдан қоныс аударушылар көбейтті. Бұл онсыз да креолдар (испандықтардың "таза қанды" ұрпақтары) басым болып келген Аргентина мен Уругвайдың халқын одан әрі "еуропаландырды".Сонымен аймақтың қазіргі заманғы нәсілдік және ұлттық құрамы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық даму барысынын нәтижесінде қалыптасты.
Карта мәліметтері аймақ халқының құрамы күрделі екендігін көрсетеді; әсіресе Бразилия, Мексика, Венесуэла, Колумбия тәрізді ірі елдерде нәсілдік және ұлттық ала-құлалық күшті байқалады. Бұл елдерде және Кариб алабы мемлекеттерінде африкалықтардың ұрпактары мен мулаттар үлесі едәуір көп. Жалпы алғанда, африкалықтардың ұрпақтары аймақ тұрғындарының 10%-ын құрайды.Бразилиялықтар — африкалықтардың дәстүрлі мәдениетінің көптеген элементтерін (діни-нанымдары мен мерекелерін, әдет-ғұрыптары мен киім кию үлгісі және т.б.) бойына сіңірген ұлт. Олардың бүкіл әлем тамсана тамашалайтын карнавалдары түптеп келгенде, африкалықтардың көсемді таққа отырғызуға арналған салтанатты шеруінің өзгертілген түрі болып табылады. Карнавалда орындалатын самба биінде африкалық құлдардың қант қамысы плантацияларында еңбек ету үрдісі бейнеленген. Бай мулаттарды, әдетте "сенімге кірген ақ адамдар" деп атайды, ал кедей мулаттар әлеуметтік жағынан африкалықтармен бірдей сатыда түр.Суринам мен Гайанада тұрғын халықтың жартысынан астамы — азиялықтар. Халқының нәсілдік кұрамы салыстырмалы түрде біркелкі елдер катарына еуропалықтар үлесі жоғары Аргентина (93%), Уругвай (88%), Коста-Рика (87%) жатады. Аймақтың байырғы халқы — үндістер қазіргі кезде Латын Америкасы тұрғындарының 15%-дан астамын ғана құрайды; олардың үлесі тек Боливияда (63%), Гватемала (54%) мен Перуде (47%) ғана жоғары. Соған қарамастан үндістердің африкалықтармен некесінен туған метистердің саны Кариб алабындағы елдерде өте аз.
Аймақ халқының тілдікқұрамына еуропалық отарлау тікелей әсер етті. Қазіргі кезде аймақтағы 33 тәуелсіз елдің 18-інде мемлекеттік тіл ретінде испан тілі; Бразилияда португал; Кариб алабындагы 12 аралдык мемлекетте ағылшын; Гаитиде француз; Суринамда нидерланд тілі қабылданған. Перуде испан тілімен Жалпы алғанда, аймакта туу коэффициенті 24°/00 болса, өлім коәффициен-ті — 6°/00- Халықтың табиғи өсуі "демографиялық жарылыс" кезеңінде (XX ғасырдың 60-жылдары) 30°/00 болса, 2000 жылы 18°/00-ге дейін азайды. Табиғи өсудің жоғары көрсеткіштері даму деңгейі темен Никарагуа (30°/00), Гватемала (29°/00), Гондурас пен Парагвайға (28°/00) тән; Кариб алабындағы ағылшын тілдес кіші елдерде (4—11°/00), Аргентина (11°/00) мен Уругвайда (7°/00) бұл керсеткіш өте төмен.Адамның өмір жасыньщ орташа ұзақтығы аймақ бойынша 70 жылды кұраса, Гаитиде бұл көрсеткіш 49-ға, Гондурас пен Никарагуада 68-ге, ал Доминикада 78-ге тең. Табиғи өсімнің жоғарылығы, адамның өмір жасының салыстырмалы түрде аса ұзақ болмауы көптеген елдердің тұрғын халқының "жасаруына" себепші болған. Кейбір елдерде жасы 15-ке жетпеген балалар жалпы халықтың 40%-дан астамын құраса, жасы 65-тен асқан қарттар үлесі 3—6%-дан аспайды.
Латын Америкасы — дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған аймақтардың бірі; мұнда 1 км2-ге 24 адамнан келеді. Аймақта халық біркелкі орналаспаған мұхит жағалауларындағы қолайлы шығанақтар маңында, байырғы өркениет ошақтарында, таулы аудандарда, Кариб алабындағы аралдық елдерде халық тығыз қоныстанған. Кариб алабындағы Барбадоста әр км2-ге 700 адамнан келеді, Сальвадорда бұл керсеткіш 300-ге тең. Амазонка мен Ориноко алаптарында, Патагонияда халық ете сирек қоныстанған, мұнда 1 км2-ге 1 адамнан да келмейді. Елдер бойынша халық тығыздығының ең төмен көрсеткіштері Суринамга (1 км2-ге 3 адам), Гайана (4 адам) мен Боливияға (8 адам) төн.Латын Америкасында урбандалу деңгейі жоғары: аймақ халқының 73%-дан астамы қалаларда тұрады. Дегенмен аймақ бойынша "қала халқы" ұғымы бірыңғай жүйеге келтірілмеген. Кейбір елдерде халқының саны белгілі бір мөлшерден асқан елді мекендер (Гондураста 1000 адамнан, Аргентинада 2000, Венесуәлада 2500 адамнан асқанда) қала деп танылады. Бразилия, Эквадор мен Парагвайда, Гватемала мен Никарагуада тұрғындарының санына қарамастан, кез келген өкімшілік бірліктің орталығы қала дәрежесіне ие болады. Урбандалу деңгейі жөнінен аймақта Уругвай (91%) мен Аргентина (89%), Венесуэла (86%) мен Чили (85%) жетекші орын алады; бұл елдердегі урбандалу процесіне XX ғасырдың басындағы қоныс аударушылар легі тікелей әсер етті. Аймақтағы көптеген елдерде урбандалу деңгейінің жоғарылауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге сәйкес келді. Жаппай индустриялану және елдер әкономикасына шетел капиталының құйылуы ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуына себепші болды. Қала халқының үлесі төмен елдерге Сент-Винсет пен Гренадиндер (25%), Гаити мен Гренада (34%) жатады.
Латын Америкасына тән бір ерекшелік — "жалған урбандалу", ол жалпы қала халқының үлесінің еңбек ететін экономикалық белсенді қала халқының үлесінен едәуір артық болуымен сипатталады. Өйткені ауыл халқы жаппай ірі қалаларға қоныс аударранымен, олардың барлығын бірдей тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Көптеген ірі калалардың маңында жоспарсыз, жобасыз бой көтерген жүздеген кедейлер жатағының пайда болуын осы процеспен түсіндіруге болады. Соңғы онжылдықтарда қала агломерациялары жедел карқынмен қалыптасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |