Көмір өнеркәсібі — отын-энергетика кешенінің маңызды буыны. Көмір — технологиялық шикізат және отын ретінде металлургияда, химия өнеркәсібінде, көлікте пайдаланылады. Көмір өнеркәсібі қазір әлеуметтік және экологиялық проблемаларға байланысты дағдарыс үстінде.
Электр энергетикасы. Электр энергетикасы өнеркәсіптің дамуына ғана емес, қоғамның бүкіл өндіргіш күшіне әсер етеді. Электр энергиясын өндіруден Ресей тек АҚШ-қа ғана жол береді. 2002 жылы 910 млрд кВт • сағ электр энергиясын ендірді.Электр энергиясы шаруашылықтың барлық салаларында тұтынылады, пайдаланылған электр энергиясының бағасы өнімнің өзіндік құнына кіреді. Осыған байланысты су куатымен жұмыс істейтін су электр станцияларын салу тиімді, ол ең арзан электр энергиясына жатады. Аса ірі су электр станциялары Енисей (Краснояр, Саян-Шушинск), Ангара (Братск, Усть-Илим, т.б) өзендерінде жұмыс істеуде. Электр энергиясының біраз бөлігін жылу электр станциялары өндіреді, бірақ олардың үлесі біртіндеп азаюда. Жылу электр станциялары отын кезіне және тұтынушы аудандарға (ірі өнеркәсіп орталықтары және қалалар) жақынсалынады. Оның аса ірілері — Сургут, Кострома, Рефтинск ЖЭС-тері.Энергетикалық жүйелерге бір орталықтан басқарылатын, электр энергиясы жоғары вольтті желілермен жеткізілетін, әр түрлі типтегі электр станциялары топтастырылады. Энергияны ұтымды пайдалану үшін электр станциялары біртұтас энергетикалық жүйелерге біріктіріледі.Электр энергиясы желілер арқылы энергияны қажет ететін көсіпорындарға жеткізіледі. Ресей дүние жүзінде электр энергиясын экспорттайтын ел.
Металлургия машина жасау, химия және ағаш кешені. Металлургия кешені — қара және түсті металлургия салаларынан тұрады. Қара және түсті металлургияға өнеркәсіпте қолданылатын бүкіл конструкциялық материал өндірудің 90%-ы тиесілі. Металл жүктері темір жол жүк айналымының 35%-ын құрайды. Қара және түсті металлургия Ресейде тұтынылатын отын-энергетика байлықтарының 25%-ын жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |