13
бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басшының атына өтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау
құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын кезекші
топтарға апара отырып, олардың қоғамдық ортада болатынына және
коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық
шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады.
Тәрбиеші МДҰ бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру
жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы,
тиісті киім, МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу,
себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін).
Кезекші
топтардағы
сабақтар
перспективалық
жоспар
мен
циклограммаға сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалыс режимі
сақталады.
Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер
балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады.
Достарыңызбен бөлісу: