Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


-2021 оқу жылының 1 семестрінде оқу үрдісі сабақтарды синхронды және асинхронды өткізу форматында қашықтан өтеді



бет5/5
Дата12.04.2022
өлшемі131,09 Kb.
#138958
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өсімдітер және жануарлар Б. силлабус Өсімдіктер
Қазақ тілі 2-сынып 1-бөлім Өзім туралы Мен дизайнермін дидактика 2
2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде оқу үрдісі сабақтарды синхронды және асинхронды өткізу форматында қашықтан өтеді.
Курсты сәтті игеру үшін студенттің:
- қашықтықтан оқытуға мүмкіндік беретін құрылғысы (стационарлық компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) болу керек,
- үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алатын мүмкіндігі болу керек,
- «Platonus» ААЖ-не браузер немесе мобильді қосымша арқылы кіруге мүмкіндігі болу керек,
- пайдаланылатын құрылғысында бейне режиміндегі сабақтарға арналған Zoom платформасы орнатылуы керек.
Жазбаша жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Студенттердің әр тапсырмаға арналған жазбаша жұмысы бір файлда жасалады, оның атауы «Пәннің аты_тобы_ студенттің аты-жөні_күні» формасына сәйкес болуы керек.
Студенттердің жазбаша жұмыстары баспа тәсілімен компьютер арқылы бір аралық (интервал) сақтай отырып орындалады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Мәтін парақ ені бойынша тегістеледі. Қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: жиектері – сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 25 мм. Азат жол басындағы бос жер (абзац) – 1,0 (бесінші таңбадан).
Жазбаша жұмыстың беттері бүкіл мәтін бойынша қатар нөмірленуінсақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14.
Иллюстрацияларды (сызба, карта, график, схема, диаграмма, фотосуреттер) олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырылады. Иллюстрациялар түрлі түсті болуы мүмкін және оларды араб цифрларымен бүкіл жұмыс бойынша қатар нөмірлейді. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет. Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «...1-суретке сәйкес ...» деп жазу қажет.
Қажеттілігіне қарай иллюстрациялардың аталуы және түсініктеме деректері (сурет асты мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның аталуы түсініктеме деректерден кейін ортада келесідей орналастырылады:
Пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтемелер тік жақшаға алынады. Мысалы, [4]. Бір ақпарат көзіне сілтеме бір неше рет қайталанса, тік жақшага ақпарат көзінің реттік нөмірі мен сәйкесті беттердің нөмірлері көрсетіледі. Мысалы, [2, 27 б.]. Мәтіндегі сілтеме саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі ақпарат көздердің санына сәйкес болу керек.
Дерек көздер туралы мәліметтердіжұмыста пайда болу реттілігімен орналастыру керек. Олар абзацтан бастап араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар жұмыстың жалғасы ретінде рәсімделеді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналасады. Жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады, беттің жоғарғы жағының ортасында қосымшаның нөмірі мен «қосымша» сөзі көрсетілуі тиіс. Қосымшаның атауы бас әріптен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және жұмыстың қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келесі үлгіге сәкес рәсімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Заңнамалық материалдар:
1 Постановление Правительства Республики Казахстан. О вопросах кредитования аграрного сектора: утв. 25 января 2001 года, № 137.
Кітаптар:
1 Лунин В.В., Карманов А.П. Физическая химия лигнина.- М.: Академкнига, 2010. – 489 с.
Жинақтар:
1 Карманов А.П. Концепция топологической структуры лигнина // Мат-лы II междунар. конф. «Физикохимия лигнина». – Архангельск, 2007. - С. 7–11.
Жорналдар:
1 Дейнеко И.П. Утилизация лигнинов: достижения, проблемы и перспективы // Химия растительного сырья. – 2012. – № 1. – С. 5-20.
Газеттер:
1 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269.
Диссертация материалдары:
1 Смирнова А.И. Влияние алюмосодержащих минеральных компонентов техногенного происхождения на формирование органоминеральных структур на основе сульфатного лигнина: Автореф. на соиск. уч. степ. канд. хим. наук. – С.-Петербург. гос. технол. ун-т растит. полимеров, Санкт-Петербург, 2013. - 17 с.
Ескерту:Дереккөз нөмірнен кейін нүкте қойылмайды, бір бос жерден кейін дереккөз туралы мәлімет басылады.
Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар
Презентация келесі бөлімдерден тұруы керек:
- Титулдық бет (бірінші слайд);
- Кіріспе;
- Презентацияның негізгі бөлігі;
- Қорытынды.
Барлық слайдтардағы тақырыптардың түсі мен қаріпі бірдей болуы керек. Басқа қаріппен және түспен цитаталар мен ескертулерді келтіруге болады (олар тым көп болмауы керек). Қалың немесе түрлі-түсті шрифтпен, курсивпен белгіленген мәтін көп болмауы керек.
Мәтін фонмен біріктірілмеуі керек. Фонның түсі ақ немесе оған жақын, мәтіннің түсі қара немесе оған жақын болғаны жөн.
Титулдық слайдта келесі ақпарат болуы керек:
- Ұйымның атау;
- Баяндама тақырыбы;
- Баяндамашының аты-жөні;
- Жетекшінің аты-жөні;
- Байланыс деректері (e-mail, телефон).
Бірінші слайдтың дизайны әдетте келесілерден ерекшеленеді (жалпы стиль сақталады), баяндама тақырыбы ең үлкен шрифтпен теріледі. Слайд тақырыбы үшін шрифт өлшемі 32 және одан жоғары болуы керек. Негізгі мәтін үшін қаріп өлшемі 24-тен 28-ге дейін, маңыды төмен материал (толықтырулар мен ескертулер) 20-дан 24-ке дейін қаріппен жасалуы мүмкін.
Презентация көрнекі болуы керек, дегенмен суреттер тым көп болмауы керек. Слайдтардағы мәтін көлемі көп болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет