Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет9/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Барлығы

4 385

2 660

1 725

2 229

2 156

Математикалық және жаратылыстану ғылыми зерттеуге IEA Халықаралық орталығының таңдауы республикамыздың барлық аймағынан 8-ші сыныптың 4390 оқушылары іріктеліп алынды. Зерттеуге қатысқан қатысушылар санының көбісін Оңтүстік-Қазақстан (808) мен Алматы (482) облыстарынан, аздығы – Батыс-Қазақстан (86) және Солтүстік-Қазақстан (96) (5-кесте) облыстарынан.


Республикамыздың сегізінші сынып оқушыларының жалпы санынан, ТIMSS-2011 қатысушыларының, едәуір бөлігін 61,6% (2 707 адам) – қазақ тілінде оқытылған оқушылар құрады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептің 8-ші сынып оқушыларының тапсырмаларды орындау пайызы орташа республикалық көрсеткіштен 4,6%-ға және орыс тілінде оқытатын мектеп көрсеткішінен 10%-ға төмен. Орыс тілінде оқытатын мектептердің халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау жетістігі республика бойынша 51,5%-н құрады.
Сегізінші сынып оқушылары арасында математика бойынша нәтижелері 487 балл, статистикалық тұрғыда халықаралық орташа баллдан (500) екі деңгейге төмен, және әлемнің 42 елінің ішінен 17 орынға сәйкес. Жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша зерттеудегі 490 балл жинап 42 қатысушы-елдің арасынан 20-ға ие болды.

5-кесте – Зерттеудің қатысушылар құрамы / 8 сынып / адам / аймақ





Облыс атаулары

барлығы

оқыту тілі (қазақ /орыс)

ұлдар

қыздар

Ақмола

131

50

81

63

68

Ақтөбе

238

177

61

109

129

Алматы

482

374

108

224

258

Атырау

173

82

91

91

82

ШҚО

253

72

181

129

124

Жамбыл

342

312

30

180

162

БҚО

86

86

0

33

53

Қарағанды

328

92

236

177

151

Қостанай

228

9

219

134

94

Қызылорда

229

229

0

112

117

Маңғыстау

221

151

70

108

113

Павлодар

171

94

77

76

95

СҚО

96

17

79

54

42

ОҚО

808

644

164

387

421

Алматы қ.

396

207

189

200

196

Астана қ.

208

111

97

100

108

Барлығы

4390

2707

1683

2177

2213

Ескеретіні, 8-ші сынып оқушылары зерттеуге алғаш рет қатысып отыр, себебі 2007 жылдың циклінде тек қана 4-ші сынып оқушылары қатыстырылған [15].


Сондықтан көрсеткіштер динамикасын бақылау тек қана 4-ші сыныптар бойынша мүмкін.
Көрсеткіштер динамикасын анықтау үшін алынатын позициялардың мәнділік коэффициенті айқындалды. Сонымен, математика бойынша 36-ның ішінде 5 орынның мәнділік коэффициенті 2007 жылы 7,2, ал 2009 жылы 1,9 құрады, жоғарылаукоэффициенті теріс болып шықты, яғни қазақстандық оқушылардың позициялары күрт төмендеді. Көрсеткіштердегі айтарлықтай күрт төмендеу жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша көрініс алды. Мұнда прирост коэффициенті (-2,1) теріс санға тең (6-кесте, 4-сурет).

6-кесте – TIMSS-дегі Қазақстан рейтингісі жөнінде мәлімет (4 сыныптар)



Пәндер

рейтинг

Рейтинг мәнділігінің коэффициенті

Рейтинг өсу коэффициенті

2007 жыл

2011 жыл

2007 жыл

2011 жыл

математика (МП)

36-дан 5

50-ден 27

7,2

1,9

-5,3

Жаратылыстану ғылымдарының пәндері (ЖҒП)

36-дан 11

50-ден 32

3,3

1,6

-1,7




4-сурет – TIMSS-дегі Қазақстанның нәтижелер динамикасы (4сыныптар)


Сонымен, TIMSS зерттеуіне қатысудың екінші кезеңінде Қазақстанның 4 сынып оқушылары алдыңғы циклдың нәтижесімен салыстырғанда өз позицияларын айтарлықтай төмендетті.


PISA халықаралық бағдарламасы – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.


PISA бағдарламасының мақсаты – 15 жастағы оқушылардың мектепте алынған білімі мен тәжірибесін адам қызметінің, қарым-қатынастың және әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымында қолдана алу қабілеттерін бағалау.
Атап айтқанда 15 жастағы оқушыларды зерттеуге тартуды таңдау көптеген мемлекеттерде бұл жаста мектептегі міндетті оқытудың аяқталуымен түсіндіріледі және оқыту бағдарламалары түрлі мемлекеттерде ортақ болып табылады. Білім берудің аталған кезеңінде оқушыларға келешекте пайдалы болуы мүмкін білім мен біліктің қазіргі жағдайын анықтау өте маңызды, сонымен қатар оқушылардың ересек өмірде табысты бейімделуіне қажет білімдерді өз бетімен алу қабілеттерін бағалау.
PISA оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы ЭЫДҰ және ұлттық орталықтарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын консорциуммен жүзеге асырылады.
Консорциумның жұмысына педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі (The Australian Council for Educational Research – ACER) жетекшілік етеді. Консорциумға сондай-ақ Нидерландтардың педагогикалық өлшеуінің ұлттық институты (Netherlands National Institute for Educational Measurement – CITO), АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS), Жапония білім беру саласындағы зерттеулердің ұлттық орталығы (National Institute for Educational Research, NIER), АҚШ Вестат (WESTAT) кіреді.
PISA алғашқы зерттеуі 200 жылы өткізілді, оған 32 мемлекет қатысты, 2003 жылы – 43, 2006 жылы – 57, 2009 жылы – 65.
PISA-2012 зерттеуі әлемнің 65 мемлекетінен 510 мың оқушы қамтылды. 2015 жылы 70 астам мемлекет PISA тестіне қатысуға шешім қабылдады [16].
Аталған халықаралық бағдарлмада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық». Оқушылардың жалпыоқулық және интеллектуалды білікке ие болуын бағалауға баса назар аударылады.
PISA зерттеуі үшжылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклда жоғарыда аталған үш бағыттың біреуіне ерекше назар (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі) аударылады. Қалған екеуі бойынша аталған саладағы оқушылар сауаттылығының жалпы сипаттамасы келтіріледі. 2000 жылы негізгі бағыт – «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы – «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық».
Айта кету керек, зерттеудің негізгі бағыттары құралдарын әзірлеудің тұжырымдамалық сипаты, нәтижелерді өңдеу және көрсету әдістері әлемнің жетекші мамандары қатысатын ғылыми форумдарда талқыланады және жобаға қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен (әдетте, білім министрліктерінің өкілдерімен) олардың практикалық маңыздылығын есепке ала отырып бекітіледі [17].
Мемлекетке тәуелді даму деңгейі (ППҚ бойынша ІЖӨ бір адам санына шаққанда), әлеуметтік-экономикалық шарттар (әлеуметтік-экономикалық факторлар бойынша PISA индексін қолдану арқылы) секілді факторларды есепке ала отырып, оқушылардың орташа үлгерімін мемлекетаралық салыстыру келесідей көрініс алады:

  1. оқушылардың оқу жетістіктерін мемлекет аралық салыстырудағы айырмашылық:

  • оқу сауаттылығы бойынша ұпайлар жынысы, туылған айы, экономикалық индекс және мектептің орташа әлеуметтік-экономикалық индексі бойынша негізделеді;

  • әлеуметтік-экономикалық индекспен түсіндірілетін айырмашылық үлесі (әсіресе мектеп деңгейінде) – мүмкіндіктер сәйкессіздігін өлшеудің дәлелденген өлшемі.

  1. Мемлекеттің жеке және мектептік факторларына оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша орташа ұпайлардың сызықтық регрессиясы:

  • жеке факторлар – бұл жынысы, туылған айы, әлеуметтік-экономикалық индекс, туған тілі, жаңа материалды игеру стратегиясына иелік ету, түскен кездегі жасы, мектептке дейінгі мекемеде оқуы ...

  • мектеп факторларына оқыту тілі, әлеуметтік-экономикалық факторлар, бағдарлама типі (мысалы, жалпымен салыстырғандағы арнайы) жатады ...

  1. айырмашылықсебебін талдау үшін Оаксаки-блайндердің әдісі бойынша топтар арасындағы айырмашылықтарды декомпозициялау.

Ұқсас механизмді қолданудың келесідей артықшылықтары бар:

  • түрлі факторлардың ықпал етуі мемлекеттер бойынша бағалануы мүмкін;

  • сандық ықпал ету халықаралық орташа көрсеткіштердің деңгейінен айтарлықтай ерекшеленген жағдайда бұл проблеманы/мүмкіндікті ашуы мүмкін.

Мысалға алатын болсақ, Хорватияда желтоқсан айында туылған балалар қаңтар айында туылған балалардың көрсеткішінен төменірек көрсеткіштерді көрсетеді, қаңтарда туылғандар – басқа мемлекеттермен салыстарғанда – олардың қабілеттеріне байланысты бөлу «шамадан тыс» сипатқа ие, себебі жасы кіші әлде қайда жетілмеген балаларды ұтымсыз жағдайларға қояды [18].
Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне екі рет қатысты: 2009 және 2011 жылдары.
2012 жылдың зерттеуіне 218 білім беру ұйымынан, оның ішінде 200 жалпы білім беретін мектептерінен (89-қалалық, 111-ауылдық) 15 жас шамасындағы 5808 білім алушы қатысты. Мектеп оқушыларының жалпы саны 5381 құрады, оның ішінде қазақ тілінде оқитындар саны – 3234, орыс тілінде оқитындар саны – 2147. Зерттеуге мектеп оқушыларымен қатар Тжәне КББ ұйымдарынан 427 білім алушы қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде оқитындар саны – 288, орыс тілінде оқитындар саны – 139.
Аймақ бойынша салыстыру кезінде ең көп қатысушылар саны Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында байқалды. Халықаралық консорциумның іріктемесіне сәйкес қала және ауыл мектептерінің тең ара-қатынасы Павлодар облысында ғана көрініс тапты (7-кесте).

7-кесте – PISA-2012 қатысушылары / білім беру ұйымдары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет