Бірінші. «Фундаметалды математикалық идеялар» мынадай облыстарды қамтиды: «Айнымалы және қатынас» (айнымалылар арасындағы тәуелділік, тұрақты және ауыспалы байланыстар, математикалық моделдерді қолдану), «Кеңістік және пішін» (геометриялық формалар, сызбалар, пішіндерді кеңістікте визуализациялау) «Белгісіздік» (ықтималдылық және статистикалық құбылыстар, мәліметтерді анықтау мен жалпылау, ғылыми болжам жасау) және «Сан» (мәліметтерді түсіндіру және дәлелдеу, өлшем бірліктерін ұғыну және арифметикалық ойлауды қолдану).
Екінші. «Математикалық құзыреттілік» - дағдының үш деңгейін біріктіреді. Бұл «Елестету» (нақты фактілерді қолдану, математикалық объектілерді тану, алгоритмдер мен есептеуді орындау), «Байланыс орнату» (әртүрлі тапсырмаларды шешу, бірнеше фактілер мен ақпараттар арасындағы байланысты таба білу) және «Ойлау» (әртүрлі бөлімдердегі білімдерін қолдану, кешенді тапсырмаларды шешу және табу заңдылықтарын орындау).
- сурет. Білім алушылар нені оқуы қажет?1
1 – тапсырма. Жүріс
Суретте жүріп келе жатқан адамның іздері көрсетілген. Қадамының ұзындығы
P - бұл екі қатар іздің артқы жағының арасындағы айырмашылық.
n
Адамдар үшін = 140 формуласы, n және P арасындағы жуық ара-қатынасты
білдіреді
P
бұнда, n = минутына жасалған қадамдар саны және P = метрмен алынған қадам ұзындығы.
1 - сұрақ: Жүріс
Бернард өз қадамының ұзындығы, 0,80 м құрайтынын біледі. Формуланы Бернард жүрісіне қолдануға болады. Бернард жүрісінің жылдамдығын бір минут ішінде және бір сағат ішінде километрмен есептеңіз. Өз шешіміңізді көрсетіңіз.
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
....................................................................................................................................
Дұрыс жауап: Екі жағайға да өлшем бірлігі м/мин және км/сағ болуы қажет.
n = 140 x 0,8 = 112.
Минутына ол 112 x 0,8 м = 89,6 м. жүреді
Оның жылдамдығы 89,6 м/мин. құрайды.
Осылайша, оның жылдамдығы – 5,38 немесе 5,4 км/с.
Шешу жолы берілгеніне немесе берілмегеніне қарамастан берілген екі жауап та дұрыс (89,6 және 5,4). цифрларды дөңгелектеу кезінде алынған қателерді қабылдауға болатынына назар аударыңыз. Мысалы, минутына 90 м және 5,3 км/сағ (89 х 60) деп қабылдауға келеді.
89,6; 5,4.
90; 5,376 км/сағ.
89,8; 5376 м/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: |