Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін берілетін



бет2/9
Дата27.11.2016
өлшемі2,77 Mb.
#2590
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін берілетін
жолдаманың үлгісі
_____________________ қаласының білім басқармасы
_____________________ ауданының білім бөлімі
_____________________ кентінің, ауылының әкімдігі
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін № ЖОЛДАМА
__________________ қаласының білім басқармасы _______________ қаласы, _______________көшесі _____ мекен-жайы бойынша орналасқан № ________ мектепке дейінгі ұйымға жолдама береді.
      Баланың тегі, аты, әкесінің аты: _____________________________
      Туылған күні: ________________________________________________
      Баланың үйінің мекен-жайы: __________________ ________________
      Жолдама мектепке дейінгі ұйымға берілген күннен бастап 5 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
      Жолдама «____»________ берілді
_____________________________________________________________________
Білім басқармасы бастығының аты-жөні (қолтаңбасы )
      Мөр
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жіберу алу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына      
5-қосымша                 
Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы балаларды тіркеу туралы хабарлама нысаны
      Баланы тіркеу туралы хабарлама
      Осы хабарлама _________________________________________________
                              (Ата-ананың аты-жөні)
_______________________________________________________ берілді.
            (баланың аты-жөні)
      Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды тіркеу журналына 20___ жылғы «____» ____________ №_______ нөмірімен кезекке қойылды.
      Мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін кезекте тұрған тұтынушы жұмыс кестесіне сәйкес, сонымен қатар электрондық портал арқылы өз кезегінің жылжуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
      (білім басқармасының маманы)
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жіберу алу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына      
6-қосымша                 
Мектепке дейінгі балалалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп
жасына дейінгі балаларды тіркеу өтінішінің формасы
___________________қаласының
білім беру басқармасының бастығына
ауданының
білім беру бөлімінің бастығына
___________________кентінің,
ауылының (село),
ауылдық (селолық) округінің әкіміне
____________________________________
мекен-жайында тұратын
__________________________
(Аты-жөні)
тел.________________________________
Өтініш
Мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін № _______,
менің баламды___________________
туылған күні ________________
кезекке қойуыңызды сұраймын.
Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезектік жолдамаға құқығын растайтын құжаттарға қосамын
_____________________________________________________________________
Ата-ананың жұмыс орны:
анасы-_____________________________
әкесі-_____________________________
___________________________________
Күні ______________________________
Қолы ______________________________
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жіберу алу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына      
7-қосымша                 
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 – 125-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
      2) уәкілетті органдардың орын-жайларында орналасқан стенділерде орналасады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
1471      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға жүгінген кезде:
      1) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стенділермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) жеке тұлғаның аудандық, қалалық бөлімдер, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың білім басқармалары бастықтарының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші еркін нысанда ресімделеді;
      2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
      3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиеші болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, мемлекеттік қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      5) егер мемлекеттік қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
      6) мемлекеттік қызметті алушының өмірбаяны еркін нысанда ресімделеді;
      7) мемлекеттік қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
      8) жұмыс орнынан анықтама;
      9) жалақысы туралы анықтама;
      10) тұрғылықты жерінен анықтама;
      11) некеде тұратыны туралы куәлік (некеде тұрған болса);
      12) мемлекеттік қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
      Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
      Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілетін әр бала үшін қорғаншылық (қамқоршылық) ресімдеуге ниет білдірген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мектеп әкімшілігі растаған баланың келісімі (егер бала 10 жастан асса);
      2) баланың туу туралы куәлігі;
      3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;
      4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама);
      5) баланың білім алу орнынан анықтама;
      6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кітапшасы, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      7) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлері туралы анықтама;
      8) тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттар.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер (өтініш нысандары) уәкілетті органның орын-жайларында үстелдерде орналастырылады не уәкілетті органның мамандарында болады.
      13. Толтырылған бланкiлер, нысандар, өтiнiштер және мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi басқа да құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады.
      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.
      15. Анықтама мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен беріледі.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда уәкілетті орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
      16. Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
      2) қызмет көрсету үшін шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Уәкілетті орган мамандарының мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпиялылық.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Уәкілетті орган мамандарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
      21. Қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін орын бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке беріледі.
      22. Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін уәкілетті органға беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Уәкілетті органға шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті береді.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кіріс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 939-каб. мекенжайынан, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес білім бөлімдерінен, сондай-ақ комитеттің www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.

«Жетімдерді, ата-анасының    


қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға   
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
2-қосымша           
Үлгі
Аудан (қала) әкімінің қаулысына
қосымшадан үзінді
елді мекен _______________________
20__жылғы «___ » _________ № _____
Қорғаншылық (қамқоршылық)
белгілеу туралы
      «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 120 және 121-баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.)_________________өтініші және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық, Алматы, Астана қалалары білім басқармаларының құжаттары негізінде ________________________ ауданының (қаласының) әкімі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленсін



Р/с №

Қорғаншы (қамқоршы)

Қорғаншылыққа алынушы

Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi



Т.А.Ә.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған баланың Т.А.Ә., туған жылы


      2. Қолда бар тұрғын үй ____________________________ бекітіліп берілсін


      Әкім                               _____________ қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
«Жетімдерді, ата-анасының    
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға   
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-қосымша           
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы
қорытынды
Т.А.Ә.____________________________________________________________
Туған жылы _______________________________________________________
Үйінің мекенжайы _________________________________________________
Психиатр _________________________________________________________
Нарколог _________________________________________________________
Дерматовенеролог _________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы __________________________________
Терапевт _________________________________________________________
Қорытынды ________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын).
      Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ғимараттарда арнайы жабдықталған пандус қарастырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) құжатты жоғалтқан азаматтың білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтініші;
      2) құжаттың номері және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі газеттен үзінді;
      3) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі;
      4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымдарына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беріледі, онда:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттардың ресімдеуге өтінішті қабылдаған білім беру ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелді жауапты білім беру ұйымынан алады.
3. Жұмыс қағидаттары
      18. Білім беру ұйымының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізінделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      18. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Білім беру ұйымы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының оқу бөлімінен алуға болады.
      21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар апелляцияның жоғарғы инстанциясы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүгіне алады.
      23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Білім беру ұйымына шағым беру үшін мемлекеттік қызметті алушы еркін үлгіде өз қолымен жазған өтінішін тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
      3) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысы.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:
      1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
      2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
      8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
      Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет