3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мамандары мен Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашық болуы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.
Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін жердегі уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы ___________
Аудандық (қалалық) білім бөлімі _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.)________ заңды өкіл(дер)і (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастырушы басқа тұлғалар) _______________ жылы туған, _______________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) (жеке куәлік № __ ______ жылы _________ берілген) _________________ салымшының (мұраға қалдырушының Т.А.Ә.) қайтыс болуына байланысты ( _____ жылғы ___________ №____ қайтыс болуы туралы куәлік)________ жылғы нотариус берген ( ______ жылы ____________ берген мемлекеттік лицензия № ____ ) заң/аманат бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес тиесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес _________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) мұраға қалатын зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат береді.
Аудандық (қалалық) білім
бөлімінің бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Банк атауы
___________
Аудандық (қалалық) білім бөлімі _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.) заңды өкіл(дер)і (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын басқа тұлғалар) __________ жылы туған, _______________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) (жеке куәлік № __ ______ жылы _________ берілген) иесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес _________________ (банк атауы) кәмелетке толмаған баланың (балалардың) салымдарына иелік етуге рұқсат береді.
Аудандық (қалалық) білім
бөлімінің бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Қазақстан Республикасы
аудандық (қалалық) білім бөлімі
Кәмелетке толмаған бала (балалар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мүддесіне әрекет ететін аудандық (қалалық) білім бөлімі ____________________________________________________ көлік құралын _________________ рұқсат береді
Аудандық (қалалық) білім
бөлімінің бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Аудандық (қалалық) білім бөлімі
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________
Өтініш
Сізден __________________________ жинақтаушы зейнетақы қорындағы (қордың атауы мұрагерлікке құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі) зейнетақы жинақтарын салымшы (Т.А.Ә.) _______________ қайтыс болуына байланысты (қайтыс болуы туралы куәліктің №______, куәліктің берілген күні) кәмелетке толмаған балаларының (Т.А.Ә.) _______________ алуына рұқсат беруіңізді сұраймын.
Күні: _________жылғы «___ »
Өтініш беруші(лер) қолы __________
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Аудандық (қалалық) білім бөлімі
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________
Өтініш
Сізден кәмелетке толмаған балалар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады) (банк атауы) ________________________ банктегі салымдарына иелік етуге (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу) рұқсат беруіңізді сұраймын.
Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
____________________________________________________________________
_____________________________________________қолы __________________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
____________________________________________________________________
_____________________________________________ қолы _________________
Күні: _________жылғы «___ » Ерлі-зайыптылардың қолдары _____________
«Зейнетақы қорларына, банктерге
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Үлгі
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Аудандық (қалалық) білім бөлімі
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________
Өтініш
Сізден кәмелетке толмаған бала (балалар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ меншік құқығында тиесілі көлік құралына қатысты мәміле жасауға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Күні: ______жылғы «______ » Өтініш беруші(лер) қолы __________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (толық атауы, заңды мекенжайы құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Экстернат нысанындағы оқытуды ұйымдастыру «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
10. Мемлекеттік қызмет аудандық (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) анықтауымен мемлекеттік қызметті алушы экстернат нысанында білім алуға өтініш білдірген білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
Ғимараттың ішіндегі қызмет көрсетілетін орынжайлар көлемі, орналасуы және кескіні жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін креслолар мен орындықтар қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді.
Өтінішке қоса:
1) білім алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтама-қорытындысын;
2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;
3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.
12. Экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты білім беру ұйымы шығарады.
13. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.
15. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен болады.
16. Мынадай:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Білім беру ұйымының қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау барысында заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) құжаттарды қорғау және олардың құпиялығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1- қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Білім беру ұйымдары қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының басшысынан алуға болады.
21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне жүгіне алады.
22. Шағымдар жазбаша нысанда поштамен не білім беру ұйымының немесе мемлекеттік органның немесе басқа да ұйымдардың кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
24 Азаматтардың өтініштері, оның ішінде шағымдары еркін нысанда, жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылуы мүмкін.
25. Қабылданған шағымдар кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |