Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



бет33/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      Магистратураға, адъюнктураға және резидентураға оқуға түсетіндер үшін:
      1) ұйым басшысы атына жазылған өтініш;
      2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      3) интернатураны бітіргендігі туралы куәлік (резидентураға оқуға түсу үшін);
      4) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында бекітілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
      6) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
      7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      8) жеке куәлігінің көшірмесі;
      9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда).
      Докторантураға оқуға түсетіндер үшін:
      1) ұйым басшысы атына жазылған өтініш;
      2) болашақтағы отандық және шетелдік ғылыми кеңесшісімен келісілген, жоспарланып отырған диссертациялық зерттеуіне жасалған негіздеме;
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      5) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында бекітілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
      6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);
      7) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
      8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      9) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыларға осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, онда:
      1) конкурстық іріктеуге жіберілгендігі туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері;
      4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсушілердің әрбір емтиханды 100 баллға бағалайтын жүйе бойынша екі түсу емтиханының нәтижесінде 150 балдан кем балл жинауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамылық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ЖОО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе жоғары оқу орнының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.


      21. Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар апелляцияның жоғары инстанциясы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласа алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, тел: +7 7172 742362 (интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).
      22. Тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ЖОО кеңсесі арқылы жазбаша түрде білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақытының режиміне сәйкес қабылданады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 


бағдарламалары бойынша оқыту үшін    
жоғары оқу орындарына құжаттарды    
қабылдау және оқуға қабылдау»     
мемлекеттік қызмет стандартына    
қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)т










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)5.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных вежливостью персонала










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу
орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) және жоғары оқу орындары (бұдан әрі –ЖОО) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ және ЖОО веб-сайтарында орналасқан.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жатақхана берілетіні туралы жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 минуттан артық емес;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет ТжКБ ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында күту үшін және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттар тізбесі мен құжаттарды рәсімдеу үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орындар). Дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылар кедергісіз қол жеткізуі үшін ғимараттарда пандусы бар кіреберіс қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) Стандарттың 1- қосымшасына сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтініш;
      2) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;
      3) 086-У нысандағы медициналық анықтама;
      4) факультет деканатының қолдаухаты
      5) отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;
      6) ата-анасының біреуі немесе ана-аналары қайтыс болған жағдайда ата-анасының қайтыс болғаны туралы анықтама (жетімдер үшін);
      7) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);
      8) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      9) оқу орнынан анықтама.
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы өтініштер нысандары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының фойесінде орналасады немесе мамандарда болады.
      13. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін сұраныс құжаттары ТжКБ ұйымының және ЖОО-ның фойесінде орналастырылады, немесе мамандардан алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрлері;
      3) қосымша құжаттардың атауы мен саны;
      4) күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдап алған ТжКБ және ЖОО өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмағанда. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады;
      2) ТжКБ және ЖОО жатақханаларында орын болмағанда.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ТжКБ және ЖОО қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпияда ұстау қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      19. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      20. Мемлекеттік қызметтің сапа және нәтижелілік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. ТжКБ ұйымдары мен ЖОО қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ТжКБ ұйымдары мен ЖОО оқу бөлімдерінен алуға болады. Арыздар ауызша және жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.


      22. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда белгіленген жұмыс кестесін сәйкес жоғарғы апелляциялық инстанция – ҚР Білім және ғылым министрлігіне шағымдана алады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Азаматтардың өтініштері, соның ішінде шағымдары жазбаша түрде еркін нысанда қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына қарай қосымша құжаттарды беруге болады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Техникалық және кәсіптік білім  


беру ұйымдарында, жоғары оқу   
орындарында оқитындарға       
жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша       

Өтініш

_____________________________________________________________________


                              (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                     (факультет/бөлім, мамандық)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«_____»_________20__ж.

______________(қолы)

«Техникалық және кәсіптік білім  


беру ұйымдарында, жоғары оқу   
орындарында оқитындарға       
жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 2-қосымша       

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпараттық қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша
кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (бұдан әрі –Үлгі қағидалар) реттеледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының интернет-ресурстарында және фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), әкімдіктердің, облыстар және Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының ресми сайттарында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап.
      6. Мемлекеттік қызмет негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңінде – 60 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін;
      Құжаттар тіркелген күннен бастап бір аптадан аспайтын мерзімде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерге түсу емтихандарына жіберілгендіктері туралы хабарлайды.
      8. Білім беру ұйымдары көрсететін қызмет көрсету білім беру ұйымы бекітетін және құрылтайшымен келісілген қызмет көрсету тарифіне сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) оқудың күндізгі нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
      3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
      Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкі және сырттай оқу бөліміне 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау күндізгі оқу бөліміне 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі;
      2) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;
      3) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған училищелерде, колледжерде және жоғары техникалық мектептерде көрсетіледі. Оқу орындарының фойесі бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтермен жарақтандырылады. Күту жағдайы және қажетті құжаттарды даярлауға қолайлы болуы үшін бөлмелер креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) білімі туралы құжаттар (түпнұсқа);
      3) білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтініш;
      4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медециналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) қоса беріледі;
      5) 3х4 көлемдегі 4 фотосурет.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің заңды өкілдері жеке өздері ұсынады.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын – босқынның куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман – оралманның куәлігі.
      Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
      Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және Үлгі қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жіберіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі оқу орнының фойесінде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
      13. Өтініш, сондай-ақ барлық қажетті құжаттар білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушылардың ұсынған құжаттары «Білім алушылар қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркеледі. Құжаттарды өткізген тұлғаларға құжаттарды қабылданғаны жөнінде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті қабылдап алған күнді және нөмірін, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады, бас тарту себептері жазбаша негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет