Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет40/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

1. 
ҰОҚ
 
дайындалу, оның мазмұны мен оқыту тәсілдерін анықтау
.
Сонымен қатар, оның ана тілі бойынша басқа сабақтармен қатардағы орны, 
балалардың білімдері мен біліктерінің деңгейі ескеріледі. Тәрбиешіге сөйлеу 
міндеттері және нақты сөйлеу мазмұны айқын болуы қажет. Жобалы 
бағдарламалық материалды оқу үшін қажетті әдістер мен тәсілдер таңдалады, 
сабақ құрылымы мен барысы ойластырылады. Қажетті көрнекілік оқу 
құралдары, оқу жабдықтары дайындалады.
2. Оңтайлы қарқындылық жүктемесі. 
Тәрбиеші дамытып оқыту 
принципін жетекшілкке алады. Ол балаларға орындалуы белсенді ақыл
-
ой 
әрекетін талап ететін жеткілікті жоғары деңгейлі күрделі тапсырмалар береді. 
Сабақтың араласқан құрылымы жүктеменің дұрыс мөлшерін анықтауға 


28
мүмкіндік береді, сондай
-
ақ біршама күрделі арнайы тәсілдер де пайдалы: ой 
тұжырымдамасы, салыстыру және т.б. сұрақтар.
 
3. 
Оқу сағаттарының
 
тәрбиелік сипаты.
Сөйлеуді дамыту ҰОҚ
де 
тәрбиелеп оқыту принципі
іске асырылады. Сөйлеу әрекетінің мазмұны мен 
оның тілдік дайындығы да, сабақтың дұрыс ұйымдастырылу, жүргізілу 
әдістемесі де тәрбиешілік әсер етеді. Сабақтарда жекеленген мәліметтер 
емес, ал белгілі бір білім жүйесі берілетіндіктен, балалардың бойында 
біртіндеп тілге, оны меңгеруге саналы қарым
-
қатынас туындайды. Жоғарыда 
айтылып кеткендей, сөйлеуді дамыту процесінде барлық психикалық 
процестер 
жетілдіріледі. 
Сабақтарда 
балалардың 
танымдық 
қызығушылықтарының қалыптасуы маңызды, яғни мектеп жасына дейінгі 
кіші балалардың ортақ білу құмарлылығынан мектеп жасына дейінгі үлкен 
балалардың сараланған және тұрақты қызығушылықтарына, олардың өз 
әрекетін қолжетімді талдау мен бағалауға. Баланың ана тілді меңгеруі, оның 
байлығы мен әсемдігін біртіндеп түсінуі патриоттық тәрбиенің туындауын 
болдырады. Балаларға қоғамдық тарихи сипаттағы мәліметтерді жеткізу, 
оларды адамдардың өмірімен таныстыру Отанға деген махаббатты, 
интернационализмді, 
ұжымшылдықды, 
еңбекқорлықты 
тәрбиелеуге 
көмектесетін жоғары өнегелік сезімдер мен көріністерді тәрбиелеумен 
байланысты. Педагог сабақта балаларды алынған білімдер мен біліктерді 
дербес, шығармашылықпен қолдануына үйретеді. Баланың бойында оқу 
ниетін қолпаштау, достарына өз білімін бөлісуге үйрету өте маңызды. 
Сабақтардың мазмұны мен ұйымдасуы мақсаттылық, тәртіптілік, әдептілік 
секілді моральдық 

еріктік кескіндерін тәрбиелеуге көмектеседі. Сөйлеу 
сабақтары балардың эстетикалық тәрбиесіне едәуір әсер етуі мүмкін. Педагог 
мектеп жасына дейінгі балалардың тек сыртқы әлем объектілерімен танысуы 
кезінде ғана эстетикалық тәрбиені жүзеге асырып қана қоймай, ең алдымен 
тілмен, оның бейнелік қатарымен, әуенділігімен, көркем сөзбен, тиісті 
жағдай құру жолымен де жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет