10 ай
-
1 жас)
Бұл кезеңдегі сөйлеудің дамуына баланың ересек адамдармен және
балалармен сан алуан өзара қарым
-
қатынасының қалыптасуы, және
заттармен әрекет жасауының дамуы үлкен әсер етеді. Сабақ ойыншықтардың
сюжетімен орындалады. Затта
бейнеленген суреттердің көрсетілімі енгізіледі.
Сұрақтар:
1.
Бала өмірінің алғашқы жылында болатын дене
ж
әне физиологиялық
өзгерістері туралы деректер келтіріңдер.
2. Бала өмірінің алғашқы жылын қандай кезеңдерге бөледі және
неліктен?
10
3.
Бала өмірінің алғашқы жылындағы сөйлеу алды әрекеті қалай
ұйымдастырылады? Оны қашан «үйретеді»? Қандай әдістер мен тәсілдер
қолданылады?
4.
Баланың жүйелі сөйлеуді меңгеруіндегі сөйлеу алды дайындығы
неден құралады?
5.
Бала өмірінің алғашқы жылындағы сөйлеу алды жаттығуларына
тәрбиешілердің жауапкершілікті қарым
-
қатынасы неліктен талап
етіледі?
1.2. Бала өмірінің екінші жылындағы сөйлеудің дамуы
Өмірінің екінщі жылы екі кезеңге бөлінеді (1 жастан 1 жас 6 айға дейін,
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін). Бірінші жартыжылдықта ересек адамның
сөйлегенін түсінуді дамыту маңызды міндет болып табылады. Мектепке
дейінгі тәрбие және оқыту Үлгілік бағдарламасында адамдарды, заттарды
(киімдер, жиһаздар, ыдыс
-
аяқтар, т.б.), қарапайым әрекеттерді білдіретін
сөздерден құралатын категориялар тізімі беріледі. Балаларды жеке сөздерді
ғана емес, сондай
-
ақ сөз тіркестерін түсінуге үйрету ұсынылады. Ересек адам
сөз тіркестері арқылы сюжеттердің мазмұнын ашады, тапсырмалар береді,
сәбиді тапсырмалардың мәнін түсінуге және оларды орындауға үйретеді.
Екінші жартыжылдықта ересек адамның сөйлегенін түсінуді дамыту
бұрынғыдай маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол қоршаған
болмыста баланың бағдарын кеңейту есебінен іске асырылады. Балаларды
жақын жерде, сондай
-
ақ алыс ортада (балабақшада, алаңда, көшеде)
орналасқан және болып жатқан заттардың, құбылыстардың, шаралардың
атауын түсінуге; заттардың белгілерінің атауларын, мінез
-
құлық ережелерін
меңгеру үшін қажетті түрлі сөздерді түсінуге; қысқаша әңгімелерді,
өлеңдерді түсінуге; қиын емес тапсырмаларды орындауға үйрету қажет [9].
Белсенді сөйлеудің дамуы бұл жастағы балаларды тәрбиелеудегі басты
міндет болып табылады. Балалардың бойында қоршаған ортамен негізгі
қарым
-
қатынас жасау құралын дамыту, түрлі себептермен ересек адамдарға
және балаларға жүгіну білігін қалыптастыру, бұрын алынған әсерлерді
(көрген, естіген)
бірнеше сөзбен немесе қарапайым сөз тіркесімен жеткізу
қажет. Сөйлеуді дамытуда жануарлармен, қозғалып келе жатқан көлікпен
танысу үлкен маңызға ие.
Сөйлеуді дамыту әдістемесінде сұрақтарды қабылдау маңызды тәсіл
болып табылады. Балаларға өмірдің екінші
жылында (әсіресе екінші жарты
жылдығында) алуан түрлі сұрақтар қоюға болады және қою қажет (олардың
кейбіреулеріне балалардың тез жауап бере алмауын, тек біраз уақыттан соң
жауап беретіндігін естен шығармау қажет).
«Анау кайда?мынау қайда?»
сұрағын балаға
оның алғашқы жылынан бастап қояды. Ең алдымен бұл оның
затқа деген зейінін аударту үшін жасалады. Сұрақтан кейін зат көрсетіледі
және аталады. Баланың сұраққа жауап беруінде белсенділік танытуы талап
етіледі. Ең алдымен бала сұрақты заттың орналасуына қарамастан, оның
атаулық мағынасын түсінеді, содан соң оның орналасуын көрсетеді.
Сұрақтар: «Бұл кім? Бұл не?». Бұл сұрақтардан кейін заттарды немесе
11
3. Бала өмірінің алғашқы жылындағы сөйлеу алды әрекеті қалай
ұйымдастырылады? Оны қашан «үйретеді»? Қандай әдістер мен тәсілдер
қолданылады?
4.Баланың жүйелі сөйлеуді меңгеруіндегі сөйлеу алды дайындығы
неден құралады?
5. Бала өмірінің алғашқы жылындағы сөйлеу алды жаттығуларына
тәрбиешілердің жауапкершілікті қарым
-
қатынасы неліктен талап етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |