1.2. Бала өмірінің екінші жылындағы сөйлеудің дамуы
Өмірінің екінщі жылы екі кезеңге бөлінеді (1 жастан 1 жас 6 айға дейін,
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін). Бірінші жартыжылдықта ересек адамның
сөйлегенін түсінуді дамыту маңызды міндет болып табылады. Мектепке
дейінгі тәрбие және оқыту Үлгілік бағдарламасында адамдарды, заттарды
(киімдер, жиһаздар, ыдыс
-
аяқтар, т.б.), қарапайым әрекеттерді білдіретін
сөздерден құралатын категориялар тізімі беріледі. Балаларды жеке сөздерді
ғана емес, сондай
-
ақ сөз тіркестерін түсінуге үйрету ұсынылады. Ересек адам
сөз тіркестері арқылы сюжеттердің мазмұнын ашады, тапсырмалар береді,
сәбиді тапсырмалардың мәнін түсінуге және оларды орындауға үйретеді.
Екінші жартыжылдықта ересек адамның сөйлегенін түсінуді дамыту
бұрынғыдай маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол қоршаған
болмыста баланың бағдарын кеңейту есебінен іске асырылады. Балаларды
жақын жерде, сондай
-
ақ алыс ортада (балабақшада, алаңда, көшеде)
орналасқан және болып жатқан заттардың, құбылыстардың, шаралардың
атауын түсінуге; заттардың белгілерінің атауларын, мінез
-
құлық ережелерін
меңгеру үшін қажетті түрлі сөздерді түсінуге; қысқаша әңгімелерді,
өлеңдерді түсінуге; қиын емес тапсырмаларды орындауға үйрету қажет [9].
Белсенді сөйлеудің дамуы бұл жастағы балаларды тәрбиелеудегі басты
міндет болып табылады. Балалардың бойында қоршаған ортамен негізгі
қарым
-
қатынас жасау құралын дамыту, түрлі себептермен ересек адамдарға
және балаларға жүгіну білігін қалыптастыру, бұрын алынған әсерлерді
(көрген, естіген) бірнеше сөзбен немесе қарапайым сөз тіркесімен жеткізу
қажет. Сөйлеуді дамытуда жануарлармен, қозғалып келе жатқан көлікпен
танысу үлкен маңызға ие.
Сөйлеуді дамыту әдістемесінде сұрақтарды қабылдау маңызды тәсіл
болып табылады. Балаларға өмірдің екінші жылында (әсіресе екінші жарты
жылдығында) алуан түрлі сұрақтар қоюға болады және қою қажет (олардың
кейбіреулеріне балалардың тез жауап бере алмауын, тек біраз уақыттан соң
жауап беретіндігін естен шығармау қажет).
«Анау кайда?мынау қайда?»
сұрағын балаға оның алғашқы жылынан бастап қояды. Ең алдымен бұл оның
затқа деген зейінін аударту үшін жасалады. Сұрақтан кейін зат көрсетіледі
және аталады. Баланың сұраққа жауап беруінде белсенділік танытуы талап
етіледі. Ең алдымен бала сұрақты заттың орналасуына қарамастан, оның
атаулық мағынасын түсінеді, содан соң оның орналасуын көрсетеді.
Сұрақтар: «Бұл кім? Бұл не?». Бұл сұрақтардан кейін заттарды немесе
әрекеттерді білдіретін сөздерді үлгі ретінде берген жөн. Баланы нақты
сөздерді қолдануға бағыттайтын тәсілдер белсенді сөйлеудің дамуы үшін
маңызды болып табылады. Тәрбиеші оны сөздерді қайталауға үйрете отыра
ең алдымен үлгілер береді: «Бұл қуыршақ, бұл ит, ал бұл жерде аю допты
ұстап тұр». Содан соң сәбиді осы сөздерді дербес жекеше, немесе бір сөз
әртүрлі мәтінде болатындай етіп басқа сөздермен қоса қолдануына
итермелейді: «Қуыршақтың аты Әйгерім. Әйгерім өте жақсы. Әйгерім
серуендеуге шықты. Әйгерімді тамақтандырып, содан соң ұйықтату қажет».
Суреттерді көрсету, қоршаған заттарға деген зейінін аударту қажет.
Сонымен
қатар, «Анау
қайда
-
мынау қайда? Бұл не? Бұл кім?» деген сұрақтармен
сүйемелдеген және «Қуыршақтың қайда отырғанын көрсетші. Аюды алып
келші. Итті сөреге қойшы» секілді алуан түрлі тапсырмалар берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |