Пәннің оқыту нәтижелері:
Білім алушы бағдарламаны меңгергеннен кейін келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
Төл әдебиетіміздің тарихын, яғни оның қалыптасу процесін, әр түрлі даму кезеңдерін және зерттелуі мен зерделенуін жан-жақты қарастырады. Бұған қоса, осы күнге шейін өзінің көркемдік мәнін, эстетикалық сипатын жоймаған, айрықша жаратылған жазба ескерткітердің табылуы мен аударылуын, олардың мазмұн-мағынасын, әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын біліп, меңгеріп шығады. Жазба ескерткіштердің әдеби-көркемдік жағынан өзінен кейінгі әдебиетті дамытып-байытудағы орны мен маңызын түсінеді. Ең әуелі, болашақ мамандарға жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туындылардың мәтінін өз бетімен оқып-талдауына және әдеби-ғылыми тұрғыдан терең зерттеп-шұғылдануына мүмкіндік беріп, жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |