қатаң тыйым
салынады.
3
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Нұсқау:
Сізге бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.
1. Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында үйсіндердің
ордасы орналасқан қала
A) Көк-Мардан
B) Ақтас
C) Чигу (Чигучен)
D) Шірік-Рабат
E) Алтынасар
2. 1858 жылы Ресеймен келісімге келіп, патша билігін мойындаған көтеріліс
басшысы:
A) Жанқожа
B) Есет
C) Махамбет
D) Кенесары
E) Исатай
3. 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханға 20 мың қолмен көмекке
келген батыр:
A) Қарасай
B) Ағынтай
C) Алпамыс
D) Жиембет
E) Жалаңтөс
4. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған әулие
A) Қарахан ата
B) Ахмет Иүгнеки
C) Укаш ата
D) Алан-хазар
E) Арыстан-баб
5. 1570 жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі Қазақ
хандығының құрамында болды:
A) Бұрындық ханның тұсында
B) Қасым ханның тұсында
C) Шығай ханның тұсында
D) Тоғым ханның тұсында
E) Хақназар ханның тұсында
6. Мұхаметжан Тынышбаев Жетісудан ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып
сайланған жыл:
A) 1907 ж.
B) 1901 ж.
C) 1902 ж.
D) 1899 ж.
E) 1900 ж.
4
7. Ш. Уәлиханов «Қазақ даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген
құдыретті билеуші болды» деп жазған
A) Есім хан туралы
B) Бұрындық хан туралы
C) Абылай хан туралы
D) Әбілқайыр хан туралы
E) Нұралы хан туралы
8. Қазақстандағы Түркістан-Сібір темір жолы салынған кезең:
A) жаңа экономикалық саясат кезінде
B) индустрияландыру кезінде
C) халық шаруашылығын қалпына келтіру кезінде
D) тың жерлерді игеру кезінде
E) «жылымық» жылдары
9. 1891 жылы Ява аралынан табылған адамзат өкілі
A) гоминид
B) неандерталь
C) синантроп
D) питекантроп
E) австролипитек
10. 2008 жылы Қазақстан халқының құрамындағы жастардың үлесі
A) 29,5%
B) 30,2%
C) 15,5%
D) 3,7%
E) 31,3%
5
Нұсқау:
Сізге контекст негізінде бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары
беріледі.
«Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісінде және Отанды сыртқы
жаулардан қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет те атқарған Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке билердің есімдері белгілі. Халқымыздың тарихында
бұл атақты үш бидің алатын орындары ерекше. Ұлы билер өз заманында елін,
жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап
қалуда аса зор еңбек сіңірді. Билер ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін дау-
жанжалдарды бітістіріп, көрші мемлекеттермен бейбіт байланыс орнатуда
ханға ақыл-кеңес беріп отырған. Билер қоғамда жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мейрімділік, адалдық, ізгілік сияқты
адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырған».
11. Сурет бойынша Кіші жүзден шыққан қазақтың би(-лер)і
A) Қазыбек би
B) Төле би, Қазыбек би
C) Әйтеке би, Төле би
D) Әйтеке би
E) Төле би
12. Cурет бойынша үш биге де ортақ кезеңді анықтаңыз
A) Моңғол шапқыншылығы
B) Жоңғар шапқыншылығы
C) Әмір Темір шапқыншылығы
D) Парсы шапқыншылығы
E) Араб шапқыншылығы
6
13. Yш бидің қатысуымен дүниеге келген заңдар жинағы
A) «Жеті жарғы»
B) «Есім ханның ескі жолы»
C) «Қасым ханның қасқа жолы»
D) «Жасақ»
E) «Сібір қазақтарының жарғысы»
14. Cуреттегі билерді оқиғалармен сәйкестендіріңіз
A
.Әйтеке би Б. Төле би В. Қазыбек би
1.Абылай ханға Сабалақ деген лақап ат қойған; 2. Жалаңтөс батырдың
ұрпағы; 3.Қалмақ ханы «Саңқылдап тұрған дауысың бар екен»-деп
айтқан;
A) А-1, Б-3, В-2
B) А-3, Б-1, В-2
C) А-1, Б-2, В-3
D) А-2, Б-1, В-3
E) А-2, Б-3, В-1
15. Дұрыс сәйкестендіріңіз:
1. Әйтеке би; 2. Қазыбек би; 3. Төле би
А. Жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген;
Ә. Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген;
Б. Жалаңтөс батырдың ұрпағы;
A) 1-Ә; 2-А; 3-Б
B) 1-А; 2-Ә; 3-Б
C) 1-Б; 2-А; 3-Ә
D) 1-Ә; 2-Б; 3-А
E) 1-А; 2-Б; 3-Ә
7
Нұсқау:
Сізге толық жауапты қажет ететін ашық тест тапсырмалары
беріледі.
16. Tүркі дәуірінде көшпелілер және отырықшы халықтардың жетістіктері
мен мәдени қарым-қатынастарын анықтап, көшпелі және отырықшы
халықтардың арасындағы мәдени байланыстардың маңызына баға беріңіз
a)
Көшпелі түркілердің металл өңдеуде жеткен жетістіктерін
анықтаңыз
[1]
b)
Отырықшы халықтардың айналысқан кәсіптеріндегі
жетістіктерін анықтаңыз
[1]
c)
Көшпелі және отырықшы халықтардың арасындағы мәдени
байланыстардың маңызына баға беріңіз
[3]
17. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы қарсаңындағы саяси, этникалық
жағдайды анықтап, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуының
алғышарттарын сипаттаңыз
a)
Ұлттық мемлекет құрылуының қарсаңындағы Қазақстанның
саяси жағдайын сипаттаңыз
[1]
b) Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы қарсаңындағы этникалық
жағдайды анықтаңыз
[1]
c)
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуының алғышарттарын
сипаттаңыз
[3]
8
18.
Kартаны пайдалана отырып, Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты,
Түргеш қағанатының жер аумағын көрсетіп, қалыптасуының тарихи
кезеңдерін, саяси жағдайын, сабақтастығын түсіндіріп, ыдырау себептерін
анықтаңыздар.
a) Картадан мемлекеттердің жер аумағын көрсетіңіз.
[1]
b) Мемлекеттердің қалыптасуының тарихы кезеңдерін түсіндіріңіз. [1]
c) Мемлекеттердің қоғамдық құрылысын анықтаңыз.
[1]
d) Мемлекеттердің құрылысындағы сабақтастықты анықтаңыз.
[1]
e) Мемлекеттердің ыдырау себебін түсіндіріңіз.
[1]
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
пәнінен сынақ аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |