11
«Кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың мысалдары»
таблицасы
Репродуктивті
деңгей
(
ақпаратты айту)
Продуктивті деңгей (талдау, салыстыру,
синтез сынды ойлау операциясы арқасында
өз бетінше ақпарат алу)
1.
Кейінгі ортағасырлық
Қазақстандағы жер
өңдеудің негізгі
аудандарын
көрсетіңдер;
2.
Қазақ хандығының
астаналарын
жазыңдар;
3.
Қазақстан
аумағындағы
ортағасырлық сәулет
ескерткіштері ауданын
белгілеңдер;
4.
Қазақ хандығының
XV
ғасырдағы және
XVI
ғасырдың
басындағы шекарасын
көрсетіңдер.
1.
Қазақстандағы жер өңдеуге
неғұрлым
қолайлы аумақтарды бөліп көрсетіңдер
(табиғи қолайлы аумақтар мен қолдан
жасалған жағдайлы аумақтарды түс (бояу)
көмегімен бөліп көрсет);
2.
Қазақстанның аумағын жер өңдеумен
шұғылдануға қолайлы және қолайлы емес
аймақтарға бөліп көрсетіңдер (бұлай
бөлуді көрсету үшін көмектесетін шартты
белгілер ойлап тап);
3. Оңтүстік Қазақстан жерінде жер
өңдеумен шұғылдануға неғұрлым қолайлы
аудандарды көрсетіңдер; Өз
таңдауларыңды негіздеңдер;
4. Картада Қазақ хандығы мемлекетінің
ХV ғасырдағы және XVI ғасырдың
басындағы аумағын көрсетіңдер. Қазақ
хандарының неліктен Сырдария өңіріне
биліктерін бекітуге ұмтылғанын
анықтаңдар. Сырдария өңірін билеу
құқығы үшін ХV ғасырда және XVI
ғасырдың
басында қандай династиялар әскери
қақтығысқа түсті?
Осындай тәсіл қолданғанда оқушы пән туралы білім алып қана қоймай,
оны алу және пайдалануға да үйренеді. Тарих сабақтарын карта,
схема, таблицаларды оқу алгоритмін өңдеу көмегімен пән туралы
білімдерін тереңдетуде түсіну, талдау және пайдаланумен араластыра
отырып жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: