75
тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер мен
журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды
нығайтуға көмектесті. Сонымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға
өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режимнің тұтас халықтарды
күштеп көшіру, зорлық-зомбылықтың барлық элементтерін қамтыған
еңбек колонияларын құру сияқты қылмысты әрекеттері белең алып
отырды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап
әкелінген
болатын.
Еділ
бойындағы
Неміс
автономиялық
республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс
Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді. Немістерді соғысушы
армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында
қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балкарлар, қырым
татарлары, месхет түріктері де нақ осындай жағдайға ұшырады.
Жекелеген адамдарға немесе адамдар тобына ғана емес, бүкіл
халыққа күдіктене қараған большевиктік билік иелері оларды соғыс
кезінде жау жағына шығып кетеді деп ойлады. КСРО Мемлекеттік
Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы
мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға
жуық адам болғанын айғақтайды.Аталған режимнің қаталдығы және
этносаралық
қақтығыстарға
итермелеген
саясаты
қарапайым
адамдардың адамгершілік қасиеттерін жойып жібере алмады.Соғыс
Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың
бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сындары да, жанға батар
шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерлік те,
еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайьш ұлылығы да өз көрінісін
тапты.
Достарыңызбен бөлісу: