Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет69/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

21- 

Билет 

 

1. 

Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы

2. 

Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.  

3. 

Үйсін 

тайпаларының 

қоныстанған 

аумағын 

картаға  

белгілеңіз. 

 

 

 



Жауабы: 

1.Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы

Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ 

хандығының  билеушісі  Абылайдың  басты  мақсаты  -  мемлекет 

дербестігін  қалай  да  сақтап  қалу  еді.  Дипломатиялық  шаралардың 

шебері  Абылай,  хан  болып  сайлануға  дейін  де,  Тарбағатай  таулары, 

Алтай  сеңгірі,  Зайсан  көлінің  шығысына  қарай  жатқан  тарихи  қазақ 

жерін  қайтаруда  қыруар  күш-жігер  жұмсады.  Жоңғария  тарихи 

сахнадан  мүлде  жоғалып,  оның  жерін  басып  қалған  Маньчжур-Цин 

билеушілері  Абылаймен  келісе  отырып  жаңа  шекара  белгіледі.  1760 

жылы  қытайлар  Тарбағатай  тауы  маңында  көшіп-қонып  жүрген  қазақ 




 

72 


 

руларын  батысқа  қарай  ығыстырып  тастауға  күш  салды.  Осындай 

жағдайда 

Абылай 


Цин 

әулеті 


билеушілерімен 

арадағы 


қайшылықтарды  өзара  тиімді  нәтижелермен  шешуге  күш  салып 

отырды.1757-1760  жылдары  казақ  елінің  дербестігін,  жер  аумағының 

бірлігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Абылай  Пекинде  Қытайдың  да 

билігін  мойындайды.  Бір  жағынан  Абылай  1740  -1742  жылдары 

Ресейге  ант  берумен  қатар  Қытайдың  билігін  қабылдауын 

дипломатиялық  шешім  деп  бағалады.  Абылай  сонымен  қатар  Орта 

Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың 

70-


жылдарының  басында  Абылай  бірқатар  соғыстарда  Ходжент 

әміршісіне,  Ташкент  бегіне  соққы  берді.  Қазақтар  жоңғарлармен 

соғысып  жүргенде  өзбек  бектеріне  ауып  кеткен  Түркістан,  Сайрам, 

Шымкент,  Созақ  және  басқа  бірнеше  қалаларды  Абылай  күшпен 

қайырып  алып,  қазақтардың  билігіне  қаратты.  Олар  тиесілі  алым-

салығын  төлеп  тұруға  міндеттелді.  Қазақстанның  халықаралық 

жағдайы  жақсара бастады.  1771  жылы Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет 

дүние  салды.  Қазақ  хандығында  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  өлген 

билеушінің  ұлы  Әбілпайызды  емес,  халық  арасында  зор  беделге  ие 

Абылайды  ақ  киізге  көтеріп,  хан  сайлады.  Белгілі  саяси  қайраткерді 

үш  жүздің  өкілдері  Орта  жүздің  ханы  ғана  емес,  барлық  қазақтың 

билеушісі  деп  тануы  оның  Жоңғарияға  қарсы  азаттық  күрестегі, 

халықтың 

басын 

біріктірудегі 



рөлін, 

Ресей 


және 

Қытай 


мемлекеттерімен  дұрыс  дипломатиялық  қатынас  орнатып,  іс  жүзінде 

елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді. Дегенмен, Ресей 

үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса 

да,  1778  жылдың  24  мамырында  Орта  жүздің  ханы  етіп  Абылайды 

бекітті.  Абылай  өзіне  берілуге  тиісті  ханға  лайықты  символды 

қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. 

II  Екатерина  оны  Орта  жүздің  ханы  етіп  бекіту  туралы  грамотасын 

патша  өкілдері  арқылы  ханның  туған  ауылына  жеткізді.  Абылай  хан 

қазақ  хандығын  билеуде  бірқатар  жаңа  өзгерістерді  заңдастырды. 

"Есім  ханның  ескі  жолында",  "Қасым  ханның  қасқа  жолында",  атақты 

даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке 

ханның  "Жеті  жарғы"  заңдарында  хан  билігіне  қойылған  шектеулерді 

Абылай  мойындамады.  Ірі  ұлыстарды  билеуге  хан  өзіне  жақын 

сұлтандарды  тағайындады.  Сот  істерін  шариғат  ережелеріне  сай 

жүргізетін  билер  қызметіне  Абылай  шек  койды.  Өз  сарайында 

топтасқан  халық  батырларының  қолдауына  сүйеніп,  Абылай  ойлаған 

жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды 

ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ. 

Хан  сонымен  қатар  қазақ  елінің  шаруашылық  құрылымына  да 

өзгерістер  енгізуге  тырысты.  Қазақтардың  Ертіс  пен  Есілдің  бойында, 

Көкшетау,  Тарбағатай  өңірлерінде  егін  шаруашылығын  дамытуын 

қолдады.  1761  жылы  императрица  II  Екатеринаға  жолдаған 




 

73 


 

хаттарының  бірінде  ағаштан  үй  тұрғызу  үшін  бірнеше  ұста  және  200-

300  пұт  астық  жіберуді  сұраған.  Петропавлға  жақын  жерде, 

Көкшетауда,  Ертіс  өңірінде,  кейінірек  Ақтөбе  маңайында,  Ой  (Уйская) 

шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшін егін 

шаруашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете түсініп, қазақ 

халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет