Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Математика күнтізбелік тақырыптық жоспарларының жинағы Шымкент 2021 кбж



бет1/48
Дата27.10.2023
өлшемі247,36 Kb.
#188734
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
КТЖ МАТЕМ ТОМЕН


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Математика күнтізбелік тақырыптық жоспарларының жинағы


Шымкент 2021
КБЖ 74.262
М29

Әдістемелік құрал Шымкент қалалық әдістемелік орталықтың әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған, №__ хаттама «____»____ 2021 ж.



Құрастырушылар:

Пікір жазғандар:


М29


Математика есептерінің жинағы: әдістемелік құрал /құраст.: _________________________ – Түркістан: Шымкент қалалық әдістемелік орталық, 2021. – 106 б.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда жалпы орта білім беретін оқу орындарының 5-11 сынып математика курсы бағдарламасы аясында дайындалған күнтізбелік тақырыптық жоспарларының жинағы берілген. Ұсынылып отырған әдістемелік жалпы орта білім беретін оқу орындарының математика пәнінің мұғалімдеріне арналған.




ҚБЖ ______


© Шымкент қалалық

әдістемелік орталық, 2021

Түсінік хат
Пәнді оқыту мақсаты:
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
- әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
- есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;
- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет