«ТАНЫМ» білім беру саласы (72 сағ)
Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын игерген, әлемнің қарапайым бейнесін түсіне алатын және алған білімін тәжірибелік міндеттерді шешу үшін пайдалана білетін мектепке дейінгі кіші жастағы баланың тұлғасын қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
- қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, 18 сағ. («Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сан мен есеп; шама; геометриялық пішіндер; кеңістікте бағдарлану; уақытқа бағдарлану);
- құрастыру, 36 сағ. («Құрастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: құрылыс материалдарынан құрастыру; қағаздан құрастыру);
- қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 18 сағ. («Таным» білім беру саласындағы «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өлі табиғат заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері; өзіңді тану; қорек).
Достарыңызбен бөлісу: |