Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



бет15/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)

5. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі.

Кәсіби құзыреттілік-бұл еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтайтын білім мен біліктің жиынтығы, бұл педагогтің жеке және кәсіби сапаларының оңтайлы үйлесімі.


Педагогтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтік – құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіби құзыреттілікті дамытудың негізгі міндеті – шығармашылық даралық, педагогикалық инновацияларды қабылдауы, өзгермелі педагогикалық ортаға бейімделе білу қабілеті.
Кәсіби құзыреттілік:
- біліктілікті арттыру жүйесі;
- педагогикалық қызметкерлерді атқаратын лауазымына және біліктілік санатына сәйкес аттестаттаудан өткізу;
- педагогтардың өздігінен білім алуы;
- әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, конференциялар, шеберлік сыныптары жұмысына белсенді қатысу:
- заманауи білім беру, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, педагогикалық құралдарды меңгеру және оларды үнемі жетілдіру;
- түрлі жобаларға, зерттеу жұмыстарына қатысу;
- озық тәжірибені зерделеу, өз педагогикалық тәжірибесін жариялау;
- тәлімгерлік арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық қызметкердің кемінде бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын, біліктілігін арттыру курстарынан өтуге құқығы бар. (ҚР «Білім туралы» заңы 6-тармақша 2-тармақ 51-бап).
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлік
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлік мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметте еңбек өтілі жоқ, мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық еңбек өтілі бар немесе еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жас мамандардыңкәсіби қалыптасуына, сондай-ақ белгілі бір топта білім беру қызметін жүргізу үшін қосымша дайындықты қажет ететін тәрбиешілерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында енгізіледі.
Тәлімгерлердің кандидатуралары сараптама тобының отырыстарында қаралады, МДҰ басшысымен келісіледі және педагогикалық кеңесте бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет