Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,29 Mb.
#5974
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЛАЛАРДЫ ТОЛЫҚ КҮН БОЛАТЫН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДА

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

__________________________________
Бағдарлама

Астана

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЛАЛАРДЫ ТОЛЫҚ КҮН БОЛАТЫН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДА

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

_________________________________
Бағдарлама

Астана


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген

Пікір жазғандар:

А. Е. Жумабаева, педагогика ғылымдарының докторы

А. Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты

А. Смақова, Астана қ. №63 «Әсем-Ай» балабақшасының әдіскері



Г. Тусупова, Астана қ. №16 «Шағала» балабақшасының әдіскері

Балалар толық күн болатын шағын орталықтарда балаларды тәрбиелеу мен оқыту: бағдарламасы. – Астана, 2013. – 49 б.

Осы бағдарламада балалар толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілген. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың жалпы қағидалары, нормативтік-құқықтық базасы және ата-аналарға кеңес беру-әдістемелік қолдау көрсету формалары берілген. Балалардың ойын және еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру үлгісі ұсынылған. Қосымшада көркем әдебиет, бейнелеу іс-әрекеті, музыка бойынша шығармалардың үлгілік тізбесі берілген.

Бағдарлама шағын орталық басшыларына, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне және ата-аналарға арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Балалық шақ – адам өмірінің ең тамаша әрі маңызды кезеңі, бұл кезде болашақ азаматтың денсаулығы қалыптасады, өмірлік тәжірибесі жинақталады және тұлға болып қалыптасуы жүзеге асады.

Елімізде ерте жастан бастап әр балаға қоғам тарапынан білім алу құқығы кепілдендірілген, балабақшаға бару мүмкіндігі оның бір аспектісі болып табылады. Әлеуметтік әділдіктің сақталуы өте маңызды, өйткені әр бала мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Жолдауында:

«Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп атап өтті.

«Балапан» бағдарламасының мақсаты: халықтың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының сапалы қызметіне қажеттілігін өтеу, осы міндеттердің бірі: демографиялық жағдайды және инклюзивті білім беруді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту болып табылады.

Осыдан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формаларын құру, атап айтсақ, - барлық балаларды мектепте оқуға дайындау және ата-аналардың күннен-күнге ұлғая түскен сұраныстарын жүзеге асыру үшін шағын орталықтар құру қажеттілігі келіп шығады.



Шағын орталықтарда толыққанды тәрбие үдерісін ұйымдастыру халық үшін мектепке дейінгі білім беру іс-әрекетін неғұрлым қолжетімді ете түседі, маңызды отбасылық мәселелерді шешуге, мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды дамуына, Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартында белгіленген басты құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал етеді.

Егер құзыреттілікті баланың пайда болған танымдық мәселелерін өз бетінше шешуге қажетті және қоғамдағы өмір нормалары мен ережелерін тиісінше орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі деп қарастыратын болсақ, осы әдістемелік мектеп жасына дейінгі әр баланың жеке мүмкіндіктеріне айқын бағдарланған деп айтуға болады.

Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және кейінгі жас ерекшелік сатыларымен жүйелігі және сабақтастығы, балалардың қажеттілігіне, оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда пайдаланылатын формалар мен тәсілдерді алуан түрлі етуге бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдісі айқын қарастырылған.

Білім беру жүйесіндегі демократияландыру үдерісі, оның вариативтілігі мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуіне, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру үшін жағдай жасауға байланысты. Ата-аналарды педагогтармен бірге бала тәрбиесіне саналы түрде жұмылдыру оның тиімділігін маңызды дәрежеде арттыра түседі.

Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын және психикалық саулығын сақтауға, баланы толық күн болатын шағын орталық жағдайына бейімдеуге, жас ерекшелігіне және ойын жағдайлары арқылы өмірлік тәжірибе жинақтауына сәйкес, негізгі бес білім беру саласы бойынша балалардың бойында басты құзіреттіліктерді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Әдістемелік құралдың заңнамалық-нормативтік қамтамасыз етілуі

Бала құқықтарының декларациясы, ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» Заңы осы әдістемеліктің құқықтық негізін құрайды.

Мақсаты:

Алуан түрлі іс-әрекеттерді ықпалдастыру арқылы өмірлік құзыреттіліктерге ие мектепке дейінгі жас ерекшелігіндегі баланың жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру.

Тәрбиешілер мен ата-аналарға балаларды әлеуметтендіруге және білім беруші, дамытушы және тынықтырушы іс-әрекетін ұйымдастыруда көмек беру.

Міндеттері:

1. Басты құзыреттіліктерге ие тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес 3-4, 4-5, 5-6 жасар балалардың білім жүйесін қалыптастыру.

2. Баланың жеке жас ерекшелік әлеуетінің барынша толық ашылуын, оның өз құрдастары мен ересектер ұжымында әлеуметтенуін қамтамасыз ететін танымға деген қызығушылығын белсендіру.

3. Ата-аналармен әріптестік қатынасты үйлестіру және баланың толыққанды дамуын, балалардың әдістемеліктің мазмұндық бөлігін игеруін қамтамасыз ету үшін әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету.

Әдістемелік құралды құру мен жүзеге асыру қағидалары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне қойылатын жоғары талаптар қарым-қатынас жасау, ойын, іздену іс-әрекеті, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық, мектепке дейінгі білім берудің вариативтілігі, көптеген білім беру әдістемеліктері мазмұнының жаңаруы негізінде білім беру мазмұнының ізгіліктігі, бірлігі мен сабасқтастығының өмірге енуіне әкелді.

Осы әдістемелік құрал келесі негіз қалайтын қағидаларға сәйкес құрылған:

- тұтастықты ықпалдастыру қағидасы. Балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің алуан түрлері ықпалдасады (бейнелеу ұйымдастырылған іс-әрекеті, тіл дамыту, экологиялық тәрбие, математикалық ұғым, дене шынықтыру);

- ынтымақтастық қағидасы. Ересектер мен балалардың арасында қарым-қатынасты нәтижелі құру үшін мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жағдайында тәрбиелеу мен оқыту әдістерін үйлестіру, мұның өзі ата-аналардың топ өміріне неғұрлым кеңінен қатысуын және балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерімен табысты танысуын қамтамасыз етеді;

- вариативтілік қағидасы. Бір ғана мазмұн аясындағы тапсырмалардың вариативтігі балаға шамасы келетін нәрселерді түсінуге, қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес шығармашылығын танытуға мүмкіндік береді;

- шығармашылық қағидасы. Педагогты әр баланың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін иеленуіне бағдарланады;

- психологиялық жайлылық қағидасы. Педагогикалық үдерістің эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз ететін ерекше заттық-дамыту ортасын құру;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бір тақырыпта болу қағидасы. Баланың шағын орталықта болу уақыты қарапайым математикалық ұғымдарды, нәтижелі іс-әрекет дағдыларын, тіл дамытуды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілетін әлдебір нақты тақырыпты қарастыруға арналған.

Әдістемелік құралдың құрылымы.

Әдістемелік құрал мыналардан құралады:

- түсініктеме жазба;

- «Жалпы ережелер» тарауы, мұнда келесі мәселелер қарастырылады:

- әдістемелік құралды заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету;

- әдістемелік құралдың мақсаты мен міндеттері;

- әдістемелік құралды құру мен жүзеге асыру қағидалары;

- балалар толық күн болатын шағын орталықтар топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері;

- үш жас ерекшелік топтарындағы (3-4, 4-5 және 5-6 жасар) балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінен, үлгілік оқу жоспарынан, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке бөлінген сағат сандарын, тарауларды – балалардың ойын және еңбек іс-әрекетіндегі дамуын көрсете отырып, тараулар бойынша бес білім беру саласының мазмұндық материалының бөлінісінен құралған әдістемелік құрал мазмұндық бөлімінен тұрады;

- әдістемелік құралды игерудің жоспарланған нәтижелерінен;

- «әдістемелік құралдың мазмұндық бөлімін балалардың игеруі бойынша ата-аналармен жұмыс істеу» тарауы.


Балалар толық күн болатын шағын орталықтардағы топтарда педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері

Әдістемелік құрал 3-4, 4-5 және 5-6 жасар балалардың 5 күн бойы мектепке дейінгі ұйымда толық күн болуына (10 сағат) есептелген.

Толық күн болатын шағын орталықтардағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы және жұмыс режімі ұйымдастырылған оқу іс-әрекет формаларындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың барынша жоғары жүктелуіне қойылатын талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады: екінші кіші топ үшін 15-20 минутты, ортаңғы топ үшін 20-25 минутты және үлкен топ үшін 25-30 минутты құрайды.

Педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бір айға арналған үлгілік «кестесі» құрылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кестесін құру кезінде педагог балалардың жас ерекшелігін және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің баланың психикалық және тән саулығына әсерін ескеруі тиіс.

Апта мен ай шеңберінде білім берудің бес саласын дұрыс реттестіру мен ықпалдастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу кезіндегі өте маңызды кезең болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесін құру кезінде педагог келесі қағидаларға сүйенуі тиіс:

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бес білім беру саласының аясында жүзеге асырылуы тиіс;

- әрбір күн алдыңғы күннен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сипаты мен формасына қарай ерекшеленіп тұруы тиіс;

- дүйсенбі мен жұма жұмыс аптасына жайлы «кіру» мен одан жайлы «шығуды» қамтамасыз ететіндей жеңіл болуы тиіс;

- жоғары зияткерлік және дене жүктемесіне ие ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекет саны баланың жас ерекшелігіне қарай аптасына екі-үшеуден аспауы тиіс;

- балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне қарай, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет жалпы көлемі мен ұзақтығын сақтау керек.



Жұмыстық оқу жоспары жыл бойы бес білім беру саласында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің санын қарастырады және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгілік бөлінуімен салыстырылады.

Үлгілік перспективалық жоспарлар жүйелі жоспарлау мәселесін шешуге көмектеседі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет пішіндері мен мазмұнын іріктеу діңгегі болып табылады.

Циклограмма дегеніміз үлгілік күн тәртібі (режімі) және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін (кесте) үлгілік бөлу негізінде бес білім беру саласының ықпалдасуы тұрғысынан апта аясындағы балалар іс-әрекетінің тиімді бөлінуін қарастыратын өзіндік бір матрица болып табылады.

Технологиялық карта – бұл кезеңдерді, тәрбиешінің басқару іс-әрекеттерінің және тәрбие мен оқыту барысында нәтижеге қол жеткізуіне ықпал ететін балалардың іс-әрекетін қайта жаңғыртудың жоғары дәрежесіне ие ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің алгоритмі. Технологиялық карталар педагогикалық үдерістің технологиялануын қамтамасыз етеді, күтілетін нәтиже тұрғысынан педагогқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, іс-әрекет кезеңдерін қарастырады.

3 ЖАСТАН БАСТАП 4 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ОҚУ ЖОСПАРЫ
Балалардың жас ерекшелігінің сипаттамасы

Сюжетті-рөлдік ойын баланың жалпы психикалық, интеллектуалды және тұлғалық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын жетекші іс-әрекетке айналады. Осы кезеңде бала тілге, оның дыбыстық және мағыналық жағына деген жоғары сезімталдыққа ие болады, шағын таныс әңгімелер айтады, танымдық қызығушылықтарын көрсетеді, құрдастарымен белсенді ойнайды.

Осы жаста балалардың бойында фонематикалық естуі, түсті ажыратуы, көз өткірлігі, зат пішіндерін қабылдауы, жетіле түседі, балалар көру және сөзбен қабылдау негізінде заттармен танысуға кіріседі, заттың бір немесе одан көп белгілерін атап көрсетеді.

Баланың жады еріксіз сипатқа ие болғандықтан, материал оның қосылған іс-әрекетіне қарай есте сақталады. Осы жастағы бала қиял мен шындық өмірді қиындықпен ажыратады, бала айналадағы барлық заттар өзі сияқты ойлай алады деп болжайды.

Мектепке дейінгі кіші жаста баланың бойында кеңістік, уақыт, сан, туралы қарапайым түсініктер, табиғат құбылыстары және оның салдарлары арасындағы қарапайым байланыстар туралы, барлық тіршілік иелерінің өзара байланысы туралы қарапайым түсініктер қалыптаса бастайды.

Осы кезеңде балалар қарапайым жалпылама операцияларды меңгереді (жинақтау, мыжу, жырту, құрастыру, қорытынды жасау және т.б.).

Бала кейбір тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, орын ауыстыратын заттар мен сөз таңбаларды тұрмыста, ойында және қарым-қатынаста атқаратын іс-әрекетіне қарай пайдаланады; тәжірибелік іс-әрекетінде заттардың қасиеттерін (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылысы) және олардың атқаратын іс-әрекетін ескереді, көп әрі белсенді түрде эксперимент жасайды, бақылайды. Осы жастағы балалар көркем мәтінді эмоционалды және тұтас тұрғыдан қабылдайды. Оның түсінігі сөйлеуден ғана емес, сонымен қатар заттық және ойын қимылдарынан білінеді.

Бала үшін бейнелеу іс-әрекеті дегеніміз – бұл өзі жасаған бейне. Осы бейнелер тікелей қабылданған, аңғал, ашық-жарқын бейне болып келеді, фольклорлық бейнелерді еске түсіреді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу үдерісі – бұл «бейнеге» кіру кезеңі, мұнда жағынды, сызықтар мен пішіндер баланың алдында жандана түседі. Сызық, пішін, түсті дақтар, жағындыларды пайдалана отырып, балалар күрделі емес сюжетті бере алады.

Осы кезеңде көпшілік балаларға музыкаға деген эмоционалды үн қатудың жоғары деңгейі тән болып келеді, мұның өзі осы мәселені музыкалық іс-әрекетпен аса қолайлы ете түседі.

Кіші жаста моторлық функциялар қарқынды дамиды. Балалардың қимыл белсенділігі дербес іс-әрекеттердің жеткілікті шамадағы жоғары болу деңгейімен сипатталады.

Үш жасынан бастап қызығушылығы айқын әрі байыпты пайда болады, осы кезеңде бала өзін жеке бір адам ретінде сезіне бастайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет