Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


жастан бастап 5 жасқа дейінгі ортаңғы топқа арналған үлгілік оқу жоспары



бет3/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,29 Mb.
#5974
1   2   3   4   5   6

4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі ортаңғы топқа арналған үлгілік оқу жоспары





«Денсаулық» - 2 сағат




қауіпсіз мінез-құлық негіздері және дене шынықтыру валеология негіздерімен

2 сағат

«Қатынас» - 2 сағат




тіл дамыту

1 сағат

көркем әдебиет

0,5 сағат

орыс тілі

0,5 сағат

«Таным»- 3 сағат




қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

1 сағат

құрастыру

1 сағат

қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері

1 сағат

«Шығармашылық» - 4 сағат




сурет салу

1 сағат

мүсіндеу

0,5 сағат

жапсыру

0,5 сағат

музыка

2 сағат

«Әлеуметтік орта» - 1 сағат




қоршаған ортамен таныстыру және экология

0,5 сағат

көркем әдебиет

0, 5 сағат

Мектепке жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі

12 апталық сағат,

36 оқу аптасы

Вариативті компонент

2 сағат













«ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы (72сағ)

  1. Мақсаты: баланың денсаулық сақтау негіздерін, жеке гигиена дағдылары мен қимыл дағдыларын меңгеруіне, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және өз денсаулығын күтуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау құзыреттіліктерін қалыптастыру.

  2. «Денсаулық» білім саласының мазмұны ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

  3. - дене шынықтыру, 72 сағ. («Дене шынықтыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді:

- негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру; лақтыру, тастау, ұстау; бауырлап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және қайта құру; музыкалық-ырғақ қимылдары);

- жалпылама дамытатын жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа; кеудеге арналған жаттығулар);

- спорт жаттығулары (шанамен сырғанау; сырғу (өз бетінше); шаңғы тебу (басып жүру, жанымен жүру); велосипед немесе өзі сырғанайтын құрылғыда (самокат) сырғанау; жүзуге дайындық) тебу;

- спорт ойындарының элементтері (кеглиді құлату, футбол, хоккей);

- қимыл-қозғалыс ойындары (жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; жер бауырлап немесе өрмелеп ойнау; лақтырып ойнау, тастап ойнау және ұстап ойнау; кеңістікте бағдарлана білуге ойнау, эстафеталық ойындар; суда ойнау).

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері және валеологиялық тәрбие балалардың өз бетінше қозғалыс іс-әрекеті, сауықтыру-шынықтыру, салауатты өмір сүру салты дағдыларын қалыптастыру, сауықтыру-шынықтыру процедураларын дамыту арқылы бір жыл бойы мектепке дейінгі ұйым іс-әрекетінің барлық режимдік кезеңдерінде, сондай-ақ «Қоршаған ортамен таныстырудағы» басқа тақырыптармен ықпалдасуынан және білім берудің бес саласында жүзеге асырылады.

Валеология бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- гигиеналық процедуралар өткізу (шашын тарау, қол орамалды пайдалану, жуынғанда жеңдерін өз бетінше түру, беті мен қолын сабындап жуу және оларды құрғата сүрту, тістерін тіс шөткесімен тазалау, киімді суламау, сүлгіні белгіленген орынға ілу); белгілі бір реттілікте киіну мен шешіну; негізгі тамақ өнімдерін атау;

- денсаулықты нығайтудың кейбір шаралары туралы түсінікке ие болу (шынығу, күн тәртібін сақтау, гигиеналық процедураларды сақтау);

-жануарларды ұстап көргенде, сақтық шараларын сақтау; балабақшаның, өз үйінің айналасында бағдарлана білу.
«ҚАТЫНАС» білім беру саласы (72сағ)

Мақсаты: ана тілін және орыс тілін үйренуге, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін коммуникативті-тілдік құзіреттілікке ие мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.

«Қатынас» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:



  1. - тіл дамыту, 36 сағ. («Тіл дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу; шығармашылық тілдік қызмет);

- көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; жаттауға арналған шығармалар; әңгімелеп беру және сахналандыруға арналған шығармалар);

  1. - орыс тілі, 18 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту).

Тіл дамыту бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- барлық дауысты, дауыссыз; қатаң, ұяң үнді дыбыстарды айту; «р», «л» дыбыстарын дұрыс айту;

- сөзде берілген дыбысты есту мен атап көрсету;

- жалпылама мәнге ие сөздерді пайдалану (көкөністер, жемістер, жануарлар, ойыншықтар);

- заттардың орналасуын анықтау мен атау: сол жақта, оң жақта, арасында, жанында, қатар;

- күрделі сөз формаларын қолдану: көпше түрдегі ілік септігіндегі зат есім (балалардың, қонжықтардың), бұйрық райлы етістік (сурет сал, ән сал, биле);

- жекеше-көпше түрді, септік жалғауларын үйлестіру;

- шағын әдеби мәтіндер мен ертегілерді әңгімелеп айтып беру;

- ойыншық туралы және сюжеттік картина бойынша әңгіме құрастыру;

- таныс әдеби туындылар мен ертегілерден үзінділерді драмаландыруға қатысу.



Көркем мәтін бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- ертегі, әңгіме, өлең тыңдай білу;

- оқыған туындылардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

- шағын тақпақтарды жатқа оқу;

- ересектердің көмегімен шағын әңгімелерді айтып беру, шағын ертегілерді драмаландыру (сахналандыру);

- кітапқа қызығушылық таныту, кейбір таныс әдеби шығармаларды, оның ішінде қазақ авторларының шығармаларын, ұлттық фольклорлық туындыларды білу мен атын атау.



Орыс тілі бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- үлгілік ойын жағдайларында педагогтың сөзін түсіну;

- жақын айналасындағы заттардың топтарын атау (ойыншықтар, ыдыс, киім, жануарлар, құстар, көкөністер мен жемістер, адам денесінің кейбір мүшелері);

- жыл мезгілдері мен табиғаттың жекелеген құбылыстарын білдіретін заттарды атау; заттардың кейбір қасиеттері мен белгілері, қарапайым іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді атау; қарапайым сұрақтарға жауап беру: Кім? Не? Бұл не? Қандай? Неше? Жылдың қай мезгілі? Заттардың кейбір қасиеттері мен белгілерін атау;

- өзі туралы әңгімелеу (тегі, аты-жөні, жас ерекшелігі); қарапайым диалогқа қатысу; сөйлемде жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолдану; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту; сөз тіркестерін құрастыру; екі-үш сөзден сөйлем құрастыру;

- тәрбиешінің үлгісі бойынша қысқа әңгіме (екі-үш сөйлемнен) құрастыру.


«ТАНЫМ» білім беру саласы (108 сағ)

Мақсаты: әлемнің қарапайым бейнесін түсінуге және өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін танымдық құзыреттілікке ие мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:



  1. - қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру , 36 сағ. («Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: жиынтық; сан мен есеп; көлем; геометриялық фигуралар; кеңістікте бағдарлану; уақытқа бағдарлану);

  2. - құрастыру, 36 сағ. («Құрастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: құрылыс материалдарына құрастыру; қағаздан құрастыру; табиғи және жарамсыз материалдан құрастыру; конструктор бөлшектерінен құрастыру);

  3. - қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: жансыз табиғаттың заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері; өзіңді таны; қорек).

  4. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- заттарды үлгісі мен аталған санына қарай есептеу, сандарды ретіне қарай атау арқылы заттарды санау және қорытынды сан, «Барлығы қанша?» деген сұраққа жауап беру;

- сандарды ретіне қарай атау арқылы 5-ке дейін заттарды санау, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына жауап беру;

- заттардың екі тобын салыстыру, аз топқа қосу арқылы немесе үлкен топтан бір затты алу арқылы екі тәсілдің теңдігін анықтау, «қанша болды?», «қанша қалды?» сұрақтарына жауап беру;

- түрлі анализаторлардың көмегімен санау (көру, есту, сезіну арқылы);

- беске дейінгі цифрларды білу мен атау;

- ұлғаю және азаю тәртібінде көлемі әр түрлі 5 затқа дейін салыстыру;

- геометриялық пішіндер мен денелерді тану және атын атау: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, текше, шар, цилиндр;

- әлдебір заттың өзіне қатысты орналасуын анықтау мен белгілеу;

- берілген бағытта қозғалу: алға, артқа, солға, оңға;

- тәулік бөліктерін ажырата білу және атау.



Құрастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- құрылыс бөлшектерін ажырата білу және атын атау (текше, пластина, діңгек, кішкентай кірпіш);

- конструктивтік қасиеттерін ескере отырып, құрылыс материалдарының бөлшектерін пайдалану;

- құрылысқа талдау жасау: негізгі бөлшектерді көрсету және оларды шамасы мен пішінен қарай ажырата білу, осы бөлшектердің бір-біріне қатысты кеңістікте орналасуын анықтау;

- берілген тапсырмаға сәйкес құрылыстарды өзгерту;

- тікбұрыш парақты ортасынан бүгу;

- қағаз парақтарын көлемді пішіндерге өзгерту (мыжу, жырту, бұрау);

- жұмыс орнында тәртіп сақтау.



Эксперименталды іздену іс-әрекеті

- қарапайым тәжірибелер мен эксперименттерге қызығушылық таныту және қатысу;

- қарапайым себеп-салдар байланысын орнату;

- заттарды белгілі бір реттілікте тексеру тәсілдері;

-түрлі материалдармен, олардың сапасы және қасиеттерімен танысу.

«Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- «өлі» және «тірі» табиғат ұғымын ажырата білу; «өлі» және «тірі» табиғат нысандарын атау және ажырата білу;

- табиғаттағы және жыл мезгіліндегі ауа райындағы маусымдық өзгерістердің атын атап, ажырата білу;

- қарапайым өзара байланыстарды түсіну (суық – жылы киіну керек, топырақ құрғады – гүлдерге су құю керек);

- ағаштардың, талдардың, шөптесін өсімдіктердің, гүлдердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың, көккөніс пен жемістердің, дәрілік шөптердің бірнеше түрін атап, ажырата білу;

- өсімдік өсіруге қажетті шарттарды білу;

- көкөністер мен жемістерді түсіне, дәміне, шамасы мен пішініне қарай ажырата білу;

- өсімдіктің адам мен жануарлар өмірінде алатын маңызын түсіну;

- үй жануарлары мен жабайы аңдарды, қыстайтын және жыл құстарын, жәндіктерді, балықтарды атап, ажырата білу;

- жануарлардың табиғи жағдайдағы өмірлері туралы түсінікке ие болу;

- табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу;

-табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау дағдыларын білу;

-қарапайым эксперимент жасауға қызығушылық және білімге құмарлық таныту;

- сынап көру әрекеттері арқылы түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін табу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.


«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы (144сағ)

Мақсаты: Қазақстан және басқа елдердің өнер шеберлері туындыларына эмоционалды үн қата білетін, нәтижелі бейнелеу және музыкалық іс-әрекет саласында қарапайым дағдыларға ие мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасының шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:



  1. - сурет салу, 36 сағ. («Сурет салу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: заттың суретін салу; сюжеттік сурет салу; сәнді сурет салу; түпкі ойы бойынша сурет салу);

  1. - мүсіндеу, 18 сағ. («Мүсіндеу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: зат мүсінін жасау; сюжеттік мүсіндеу; сәнді мүсіндеу);

  1. - жапсыру, 18 сағ. («Жапсыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: затты жапсыру; сюжеттік жапсыру; сәнді жапсыру);

  2. - музыка, 72 сағ. («Музыка» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: музыка тыңдау; ән салу, музыкалық-ырғақтық қимылдар (жаттығу, би, ойын және қол ұстасып ойнау балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы).

Сурет салу бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- затқа қарап және заттарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, кейбір жануарлар мен адамды елесетіп сурет салу;

- гуашь, акварель, графиттік және түрлі-түсті қаламдармен жұмыс істей білу;

- шеңберге, сопаққа, шаршыға, тікбұрышқа, жолаққа өрнек салу;

- геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақпен орналастыру;

- қазақ ою-өрнектері элементтерінің суретін салу: «Қызғалдақ гүлі», «Ботагөз», «Қошқар мүйіз», «Құс қанаты» және осы оюлармен киімді, тұрмыстық заттарды безендіру (сұлбаларды пайдалану);

- бір мазмұнға біріктіріп, суретте бірнеше заттарды бейнелеу, суретке пішін беру, заттардың құрылысы, көлеміне қарай арақатынасы; бейнелерді қағаздың бүкіл жазықтығына орналастыру;

- мәнерлі бейне жасау үшін, түрлі бояулар мен реңктерді пайдалану;

- ұжымдық жұмыстар атқару, түпкі ойы бойынша сурет салу.

Мүсіндеу бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- пішіні мен көлемі әртүрлі таныс заттарды үлгісі және елесету арқылы жасау;

- бірнеше бөліктен тұратын заттарды жасау, жұмырлау, жалпайту, біріктіру, қысу тәсілдерін пайдалану;

- мүсіндеуде түрлі материалдарды пайдалану (ермексаз, саз балшық, табиғи және жарамсыз материалдар);

- дымково ойыншығы туралы, саз ыдыс жасау бойынша халық шеберлерінің еңбегі туралы қарапайым түсінікке ие болу;

- айнала қоршаған өмір тақырыбында, ертегі сюжеттері бойынша күрделі емес сюжеттік композициялар жасау; ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысу;

- жұмыс орнында тәртіп сақтау; жұмыста шіңішке бауды пайдалану.

Жапсыру бойынща жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- қайшыны дұрыс ұстау және онымен дұрыс жұмыс істеу;

- шаршы және төртбұрыш диагоналы бойынша кесу;

- шаршыдан шеңбер, сопақтан төртбұрыш ойып алу, қиғаш тіліктер жасау; жеке бөліктерден құралған заттарды жаю және жапсыру;

- өсімдіктер мен геометриялық пішіндерден өрнектер жасау, жолаққа, шаршыға, шеңберге, қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салу, оларды кезектестіре салу, ретімен жабсыру.

Балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру) және сабақтан тыс кезінде жүргізіледі. Бұл жұмысқа мыналар кіреді:

- бейнелеу өнері туындыларын, образды ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, қазақ және басқа да халықтардың ұлттық киімдерін, қолданбалы-сәндік өнер заттарын, шағын пішінді скульптура заттарын, дымково халық ойыншықтарын, картиналарды, қазақ және орыс суретшілерінің репродукциясы мен иллюстрацияларын қарастыру.



Музыка бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- музыкалық шығарманы мұқият тыңдау; әнді әуеніне қарай тану; дыбыстарды биіктігіне қарай ажырата білу;

- созып ән салу, ән салуды бірге бастау және бірге аяқтау;

- музыканың сипатына жауап беретін қимылдарды орындау, қимылдарды музыкалық шығарманың формасына қарай өз бетінше өзгертіп отыру;

- би қимылдарын жасау (секектеу, шеңбер бойымен жұптаса қимылдау, бір орында және жұптаса айналу;

- заттармен қимыл жасау (орамал, лента, қуыршақ);

- ән салуды, қол ұстаса билеуді сахналандыру;

- үшбұрышта, румбада, металлофонда қарапайым әуендерді ойнау.


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы (36 сағ)

Мақсаты: қоғамдық нормалар мен ережелерді білу негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін әлеуметтік құзіреттілікке ие, адамдық қарым-қатынасқа бағдарланған тұлғаны қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:



  1. - қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бала, оның отбасы, үй; байланыс және қозғалыс құралдары; жол әліппесі; ересектердің еңбегі; менің Отаным – Қазақстан; адамгершілік нормалар туралы түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу; аурулардың алдын алу; өзіңе және өзгеге көмектес; қауіпсіз мінез-құлық негіздері);

  2. - көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі).

«Әлеуметтік орта» білім беру саласындағы «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- үй туралы, отбасы туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынас туралы және туыстық байланыстар туралы түсінікке ие болу;

- өз аты-жөні мен жасын, тегін, ата-анасының аты-жөнін атай білу;

- көлік құралдарын тану және атын атай білу (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, поезд, ұшақ, пароход);

- бағдаршамның үш сигналының маңынасын түсіну, жол бөліктерін ажырата білу және атын атай білу;

- жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болу; жол белгілерін білу: «Жаяу жүргіншілердің жолы», «Медициналық жәрдем көрсету пункті»;

- жақын айналасындағы адамдардың еңбегі туралы қарапайым түсінікке ие болу, құрылыс кәсіптері туралы және егінші кәсібі туралы білу;

- кез келген заттың адам еңбегімен жасалғанын түсіну;

- өз Отаны – Қазақстан туралы білу, Қазақстанның туы мен елтаңбасын тануы, еліміздің басты мерекелерін білуі;

- ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезіндегі мінез-құлық ережелерін білуі;

- армия, ел қорғандары туралы түсінікке ие болу;

- ересектермен және құрдастарымен екі тілде өзара оң әрекеттесе білу, ізгі ниетті және ілтипатшыл болу;

- адамгершілік мінез-құлық нормалары туралы түсінікке ие болу: «жақсы» деген не, «жаман» деген не?;

- қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын иелену;

- мәдени-гигиеналық дағдыларды игеру кезінде өзбетінше әрекет ету;

- денсаулық пен өз өмірін қалай сақтау керек екенін және басқаларға көмектесу қажет екенін түсіну;

- қоғам мен табиғаттағы негізгі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін білу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- әр баланың отбасы, ата-анасы бар екенін; ата-анасы балаларын жақсы көретінін, оларға қамқорлық жасайтынын түсіну;

- жақын адамдары мен айналадағы адамдар туралы қарапайым қамқорлық көрсету;

- құрдастарымен біріккен іс-әрекетке қатысу; өз іс-әрекетімен басқаларға кедергі жасамай ойынға қосылу; қарапайым нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу;



- адамдардың қатынасындағы «жақсы» деген немесе «жаман» деген не екенін түсіну;

- басқа балалардың тілектерімен санасу, олардың эмоционалды күйлерінің өзгеруін байқай білу;

- ересектермен бірге еңбек іс- әрекеттерін орындау;

- үлкендерге құрмет көрсету;

- ертегі, әңгімелер, өлең тыңдау, әрекеттердің дамуын қадағалау;

- әдеби кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын талдау, олардың кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ артықшылықтарын да байқау;

- әдеби кейіпкердің мінез-құлқына деген өз қатынасын әңгімелеу;

- бір-бірімен сыпайы түрде әңгімелесу;

- күнделікті өмірде «сыпайы сөздерді» пайдалану;

- сұқбаттас болу, түрлі тақырыптарда әңгімелесу;

- ересектерді өз аты және әкесінің атымен атау;

- ересектермен және құрдастарымен сәлемдесу және қоштасу, көмектескені үшін алғыс білдіру; ересектер мен құрдастарына өтініш білдіру.



Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту

  1. Мақсаты: әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастыру, алғашқы әріптестік қатынастар тәжірибесін, балалардың бір-бірімен және ересектермен эмоционалды оң қарым-қатынас дағдыларын жинақтау.

  2. «Баланы ойын әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына мыналар кіреді: сюжеттік-рөлдік ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары, дидактикалық ойындар.

Ойын іс-әрекеті бойынша балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:

- өз бетінше ойнау және шартты ойын қимылдарын орындау;

- бақылау нәтижелері бойынша күрделі емес нәтижелерді дамыту;

- белгіленген рөліне сәйкес іс-әрекеттерді орындау, заттар мен атрибуттарды іріктеу;

- тәрбиешінің көмегімен таныс ертегі және заманауи әдеби сюжеттерді сахналандыру;

- сюжеттік - рөлдік ойында құрылыс материалдарынан жасалған құрылысты пайдалану; қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындарда ойын ережелеріне бағыну;

- басқа балалармен бірге ойнау, құрдастарына ізгі ниет білдіру.
Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту


  1. Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек іс-әрекетіне баулу, еңбекке деген тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу, еңбек дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру.

  2. «Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына мыналар кіреді: өзіне-өзі іс-әрекет ету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғат бұрышында еңбек ету; табиғатта еңбек ету.

  3. Еңбек іс-әрекетінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- өз бетінше әрекет ету дағдыларын иелену (киім кию, аяқ киім кию); киімін ретке келтіру – тазалау, кептіру;

- асхана кезекшісі міндетін өз бетінше орындау: іші шұңғыл табақтар қою, тамақ салынған тостағандар қою, нан салғыш қою, майлыққа арналған стакандарды қою, асхана аспаптарын орналастыру (қасық, шанышқы, пышақ);

- екінші жарты жылдықтан бастап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне материалдар дайындау бойынша кезекші міндетін атқаруға үйрету: материалдарды, құралдарды жайғастыру және оларды сабақтан кейін жинап алу;

- табиғат бұрышында еңбек ету.



5 ЖАСТАН БАСТАП 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ОҚУ ЖОСПАРЫ
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы

Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы маңызды өзгерістерімен сипатталады.



Осы жастағы балалардың бойында құрдастарымен өзара оң іс-әрекеттер орнатуға деген тұрақты қызығушылығы пайда болады, ойын іс-әрекетінде серіктестер рөлін атқаратын басқа балалармен тұрақты байланысы туындайды.

6 жасар бала, әдетте, бейнелеу іс-әрекетіне көп уақыт бөледі, ол сюжеттік бейнелер жасап, оларды сөз түсініктемелерімен сүйемелдейді, мақсаты мен атқаратын іс-әрекетіне қарай түрлі нысандардың конструкцияларын өзгертеді.

Балалар түрлі пішіндерді, түстерді меңгереді (негізгі түстерді ғана емес, сондай-ақ олардың реңктерін де), олардың бойында нысандардың мөлшері туралы түсініктері тереңдей түседі.

Осы жаста бейнелі ойлауы, қиялы дамиды, қорытындылау дағдысы қалыптасады, түрлі жағдайларды көрнекі үлгілеу ойдағыдай қолданылады.

Баланың тілі барынша анық бола түседі, есту арқылы қабылдауы жетіледі, фонематикалық естуі дамиды, мұның өзі оған дұрыс сөйлеуге ғана емес, сондай-ақ басқа балалардың дұрыс сөйлмеген сөзін көрсете алуға да мүмкіндік береді. Тілдің интонациялық мәнерлігі айқын көрініс табады.

5 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде сөйлеу-логикалық ойлаудың серпінді дамуы орын алады. Сөйлеу-логикалық ойлаудың қалыптасуына орай бала заттар мен құбылыстардың көрнекі түрде елестету мүмкін болмайтын байланыстарын түсінуге қабілетті болып келеді.



Мектеп жасына дейінгі баланың бойында мотивтерді бірлестіру, байқампаздық, өз әрекетін жоспарлай білу дағдылары дамиды, әрекет еркіндігі пайда болады. Осы жаста бала тұлғасының дамуы көбіне оның бастамасын айналасындағы балалар мен ересектердің қаншалықты мақұлдауына байланысты болады. Шығармашылық бастаудың табысты болуы үшін, балаларға шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ұсыну ғана емес, сондай-ақ олардың әрекетінің әлеуметтік тұрғыдан танылуын қамтамасыз ету керек.

Танымдық мотив осы жас ерекшелігінде баланың көп сұрақ қоюы мен оларға жауап алуға ұмтылысынан көрінеді.

Мектепке дейінгі ересек топтағы балалар үшін адамгершілік мотивтер ерекше маңызға ие. Мектепке дейінгі ересек топтағы балалар үшін басқа балаларға көмектесу әрекеті алдыңғы орынды иеленеді: олар қызық емес әрекетпен жеткілікті шамада ұзақ уақыт айналысуға дайын, мысалы, осы текшелермен кейіннен сәбилердің ойнайтындығы белгілі болса, текшелерді сұрыптау әрекеті.

Осы кезеңнің аса маңызды жаңалығы – еркін мінез-құлық: серпінді, әрі тікелей мінез-құлық, бұл әрекет норма және ережелермен демеледі, осы жаста еріктілік әлі де болса қалыптасу кезеңін өткереді. Алғаш рет осы орайда «Өзіңді қалай ұстау керек?» деген сұрақ туындайды. Басқаша айтқанда, өз мінез-құлқының алдын ала бет-бейнесі жасалады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет