Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Қасым Б. Алматы/Қазақстан ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ



бет41/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
Қасым Б.
Алматы/Қазақстан


ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әлемдік лингвистикадағы адам факторына негізделген тілдің функционалды-семантикалық, коммуникативтік, когнитивтік және прагматикалық қырын терең және жан-жақты талдауға, саралауға, зерделеуге бағытталған. Бүгінгі таңда тіл білімінде зерттеулер екі бағытта жүргізіліп келеді: бірі – тілді кешенді (когнитология, мәдениеттану, әлеуметтану, логика, философия, психология т.б.) сабақтастықта зерттеу; екіншісі – дәстүрлі грамматиканың заңдылықтарына сүйене отырып, тілдің құрылымдық жүйесін терең және тіл табиғатынғы ұлттық ерекшелікерін толық ашып көрсету мақсатындағы тілдік бірліктердің тұлғасы мен мазмұндық табиғаты, оның арақатынасын ішкі заңдылықтары тұрғысынан зерделеу, талдау.


Түркі тілдеріндегі етістікті функционалды, коммуникативті-прагматикалық, когнитивтік аспектіден қарастыру бүгінгі күн талабынан туындайды. Қоғамдық сұраныспен сәйкес міндеттердің бірі тілдік таңбаның семантикалық-мағыналық, семантикалық өріс жағына қатысты мәселелер. Тілдік бірліктердің мағыналық семантикалық табиғаын зерттеу оның мағынасы мен функционалды-прагматикалық қызметі, қолданыс заңдылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді және тілдік бірліктердің негізгі қызметімен байланысты заңдылықтарды ашуға жол ашады. Түркітануда етістікке қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде етістік және күрделі етістіктің құрылымдық және жасалу тәсіліне қатысты сөз болды. Етістікке қатысты арнайы зерттеулер мен талдаулар жасаған Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, А.А.Юлдашев, А.Қалыбаева, Ы.Маманов, Н.Оралбаева, М.Оразов, Б.Қасым т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет