Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет45/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153
Ескеева М.Қ.
Астана/Қазақстан


ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түркiлік тілтаным тарихында дыбыс өзгерiстерiнiң туыс тiлдердi ажыратудың басты белгiсi ретiнде қарастырылуы ХI ғасыр лингвисi М.Қашқаридың еңбегiнен басталуы классикалық араб лингвистикасымен сабақтаса дамыған түркi тiл бiлiмiнде салыстырмалы-тарихи фонетиканың негiзi бұдан мың жыл бұрын-ақ қалана бастағанын көрсетедi. Түркi халықтары өмiрiндегi күрделi саяси-әлеуметтiк жағдай, жартылай көшпелi өмiр салты ғылымның үздiксiз дамуына қолайлы жағдай туғыза алмағандықтан лингвистика ғылымы да белгiлi бiр дәрежеде кешеуiлдеп қалғаны тарихтан белгiлi. М.Қашқари заманынан кейiн араға 7-8 ғасыр салып барып, батыс Еуропада салыстырмалы-тарихи-фонетиканың ғылыми-теориялық негiзi салына бастады.


Қазiргi таңда әлем тiлдерi бойынша фонологиялық жүйе супрафонологиялық қабат деңгейiнде қарастырылып, дыбыстардың просодиялық қырлары, тональдық, акценттiк ерекшелiктерi атомарлық – морлық, сегментологиялық, интеграттық – буындық, фраземалық – конгламераттық негiзде қарастырылуда. Жалпы адамзат тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың, функционалдық-сапалық деңгейі бірдей, өзара ықпалдаса, байланыса отырып сөз тұлғасына, сөз мағынасына әсер етеді. Толық мәнді лексема жасауда дауыстылар мен дауыссыздарды бөліп қарап, біреуіне ғана басымдық беру тілдің онтогенездік табиғатына қайшы. Алғашқы әліпбилер консонанттық жүйеге негізделгендіктен дауыссыздарға ерекше мән беруді ұсынушы пікірлер қалыптасты. Алайда шынайы тіл табиғаты консонанттар мен вокализмдер жүйесін тең дәрежеде қарастырғанда ғана ашылады.
Әлемдiк тiл бiлiмiнде дыбыстардың артикуляциялық жiктелiсi теориялық тұрғыдан көпфокусты болып келгенiмен, табиғи тiлдерде олардың бәрi байқала бермейдi. Түркi тiлдерiндегi дыбыстардың фонематизациялану процесiн кезеңдерге бөлуде дәстүрлi фонема → аллофон → фонема бағыты негiзге алынып келедi. Дыбыстарға акустикалық тұрғыдан сипаттама беруде түркi тiлдерiнде қалыптасқан фонематизация процесiне керiсiнше аллофон → фонема → аллофон бағыты да көрсетiледi. Әдетте, ашық дауыстылардан қысаң дауыстылар, жуан дауыстылардан жіңішке дыбыстар таратылады.
Түркi тiлдерi дауыстылар жүйесiнiң даму процесiн ашық → қысаң немесе жуан → жiңiшке деп белгiлi бiр бағытта ғана айқындау гипотезалық пiкiрлерге негiзделетiндiктен нақты ғылыми тұжырым ретiнде қабылдауға болмайды. Алғашқы адамзат тiлiнде бiр дыбыстық бiрнеше рефлекстiк варианттары тең дәрежеде қолданылуы да мүмкiн. Бұл созылыңқы, жартылай созылыңқы, қысқа дыбыстардың табиғатына да қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет