Жузтаев Ж. Б.
Астана/Қазақстан
ТҮРКІ-АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН САЛЫСТЫРА ЗЕРТТЕУ
Бұлмақаладатүрік-ағылшын мақал-мәтелдерін зерттей келе, олардың шығуы, ұқсастығы мен айырмашылығын ескеріп, кейбір мақал-мәтелдерді сол сақ немесе англо-саксондар заманынан осы күнге дейін сақталып, ауыз екі тілде айтылып, келе жатқанын байқадық. Бірнеше ағылшын ғалымдары, соның ішінде еліміздің ақын, жазушылар, лингвистер мен паремиологтар өздерінің еңбектерінде сақтар туралы көптеген еңбектер жазып, этимологиялық талдау арқылы әрбір сөздің шығуын зерттеп, сол аңғло-саксондар сақтар екенін дәлелдеп отыр. Көптеген руналық таңбаларды зерттей келе, қаншама ғасырлар өтсе де, кейбір сөздермен мақал-мәтелдерді сол қалпында өзгермей қалғанын байқадық. Адам өмірінің мақал-мәтелдер қамтымайтын саласы жоқ. Қазақ мақалдарындай ағылшын халқының мақалдары да әспеттеп жасалған әсем де әсерлі дүние. Аз сөзбен көп мағына білдіріп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйетін ықшамдық пен мығымдық ағылшын мақалдарына өте тән. Қазіргі әлемдегі ең бірінші орында тұрған –ағылшын тілі болып есептелінсе,сол тілдің осыншама деңгейге жетуіне түрік тілі немесе англо-саксондар тілі көп әсер еткен.Түркизмдердің басым бөлігі осы қабатта жатқанын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |