Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармасының зайсан аудандық білім бөлімінің



бет2/14
Дата08.07.2018
өлшемі2,73 Mb.
#48328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Сөзжұмбақ



Осы сөзжұмбақты дұрыс шешкенде боялған төртбұрыштың ішінде қандай сөз шығатынын тап. (ТРИГОНОМЕТРИЯ)

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1) 3х+2=15 түріндегі өрнек (теңдеу)

2) Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі(бұрыш)

3) sin-ты қазақша қалай оқимыз?(синус)

4) Бұрыштың өлшем бірлігі (градус)

5) Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш(доғал)

6) Екі санның бөліндісі қалай аталады? (қатынас)

7) Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем?(аксиома)

8) ұзындықтың өлшем бірлігі(метр)

9) « - » таңбасымен жазылатын сандар (теріс)

10) дәлелденетін сөйлем (теорема)

11) R- деген не? (радиус)

12) π қалай аталады? (пи)

13) Екі қабырғасы параллель болатын дөңес төртбұрыш (трапеция)



  1. Шығармашылық жұмыс

Синустар тобы, косинустар тобы- кластер жасау

Тангенс тобы- трек сызба жасау

Котангенс тобы- Венн диаграммасын жасау


  1. Оқулықпен жұмыс

(оқулықпен жұмыс)

323 (а,ә),

324 (а,ә)

ХІ.Сабақты бекіту: Шағын тест
ХІІ. Үйге тапсырма:

324(б)


ХІІІ. Қорытындылау.

Сабақты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа”, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Өзіндік талдау

Менің бүгінгі сабағымның тақырыбы «Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе- теңдіктерді қолдану» деп аталады.



9 «а» сыныбында 29 оқушы. Олардың 5-уі оқу үздігі, 12 оқушы оқу екпіндісі. Білім сапасы 58 пайыз. Үлгерімі төмен оқушылар- 6 оқушы. Олар: Ерболов А, Аскерханова Г, Серікқызы А, Сахабанов А,Шарипханова Б, Патхан Е. Патхан Е- КХР-дан келген. Сыныптың және оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Оқушылардың сабаққа дайындықтары жақсы.

Сабақ мақсаттары:

  1. Білімділік: Аргументтердің берілен мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау. Оқушылар негізгі тригонометриялық формулаларды , есептерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып, әр түрлі тәсілдермен шешу , тригонометрия элементтері тақырыптары бойынша алған білім мен білік дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетімен, есептеу дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есептеу дағдыларын, шығармашылық және стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, негізгі мәселені ажырата білу, іскерлік қабілет – қасиеттерін жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру. Оқушыларды саналы сезімге,патриоттыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу. Пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отыра, ой - өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.

Бұл тақырыпқа негізі 3 сағат берілген, қорытындылау сабағы келесі сабақ бақылау жұмысы. Бұл тақырып басқа тақырыптар жүйесіндегі орны ерекше, себебі тригонометриямен оқушылар 8 сыныпта геометрия сабағында танысып бастаса, бұл кезде кеңірек тоқталып көп есеп шығарылады. Осы 9 сынып үшін оқылатын тақырып күрделігі мен қиындық деңгейі бойынша орташа дәрежеде. Сабақта алға қойған білімдік мақсатым: оқушылар негізгі тригонометриялық формулаларды , есептерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып, әр түрлі тәсілдермен шешу , тригонометрия элементтері тақырыптары бойынша алған білім мен білік дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау болса, менің ойымша оқушылармен бұл мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Дамытушылық мақсатымда есептеу дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар есептерді қызығушылықпен шығарып берілген тапсырмаларды аса ұқыптылықпен орындады деп ойлаймын. Ал үшінші мақсатыма келсем оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отыра, ой - өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.Оқушылар өз бетінше еңбектеніп ой- өрістерін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінді.

Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару болатын, бұл сабақта алдыма қойған мақсаттармен сәйкес келді деп ойлаймын. Сабақ кезеңдерінде тригонометриялық формулаларды қайталап, жинақтап, оларды есептер шығару барысында өз орнымен қолдана алды.

Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық, интерактивті мультимедиялық оқыту, практикалық іздену, ой қозғау, зерттеу, өзіндік жұмыс. Оқушылар топпен жұмыс жасап үйренген, зерттеу жасап, ой қозғап, шығармашылық жұмыстар жасай алдыдеп ойлаймын.

Бақылау түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау

Пәнаралық байланыс: Тарих , геометрия

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,презентация, үлестірмелі тапсырмалар, кесте, гүл жапырақшалары, бағалау парағы

Сабақ сәтті өтті, оқушылар есептер шығарып жаттықты.

Сабақтың құрылымы өте тығыз құрылған.

Жоспарланған істерден нені орындауға келді? Не шықпай қалды? Неге?

Сабақтың жоспарланған бөлімдері түгел орындалды.

 Мұғалім оқушылармен жасалған жұмыспен  қанағаттанды ма? Өзімнің оқушылармен жасалған жұмысыма қанағаттандым.

      Педагогикалық міндеттерді шешу үшін алынған құралдарды сәтті қолдана білдім деп ойлаймын, ол интерактивті тақта.

       Сабақта қиындықтар болған жоқ.       Берілген сабақтың тәжірибесі келешек жұмыста жалғасады.



Мен өзім сабағымда алдыға қойған мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.

Сабақ сәттерінен көріністер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет