Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы



бет2/13
Дата27.05.2023
өлшемі171,41 Kb.
#177826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
«Математика» мамандығы үшін «сызыты алгебра және аналитикалық геометрия » пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

1.8 Курстың пререквизиттері: пәнді меңгеру үшін студенттің мектеп курсы бағдарламасын жетік білгені жөн. Ол мектеп курсында оқытылатын негізгі амалдарды, дәрежелеуді, түбір табуды, логарифмдеуді, тригонометриялық мәндер кестесін білуі, тригонометриялық өрнектердің мәндерін табуды, қысқаша көбейту формулаларын, сонымен қатар барлық элементарлық функциялар жайлы негізгі қасиеттерді білуі, тригонометриялық, көрсеткіштік, дәрежелік теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың екі белгісізді теңдеулер жүйелерін шеше білуі қажет. Негізгі элементарлық функциялар: дәрежелік, тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік, кері тригонометриялық функциялардың графиктерін сала алуы және сол графиктер негізінде функциялар жайлы мағлұматтарды бере алуы тиіс. Теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік шешілуін білуі керек.
Мектеп курсында оқытылатын көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу, кез-келген квадрат теңдеулердің түбірін табу, келтіру формулаларын, білуі қажет. Дәлелдеуге берілетін есептерді, сөз есептерін шығара алуы керек. Жалпы алғанда студенттің математикалық білімі жеткілікті деңгейде болуы тиіс.
1.9 Постреквизиттері (оқытылатын пәннің білімі пайдаланылатын пәндер тізімі): математикалық анализ, комплекстік айнымалылар теориясы, сандық әдістер, оптимизациялық әдістер және операциялық зерттеулер, дискреттік математика, математикалық логика, схемотехника негіздері, ықтималдықтар теориясы мен статистика және т.б.


2. Пәннің қысқаша мазмұны:
2.1 Пәннің мақсаты: сызықты алгебра және аналитикалық геометрия пәні студенттерге математикалық білімнің негізін қалауы, пәннің негізгі ұғымдары мен білім-біліктерін беруі тиіс. Яғни, комплекс санның алгебралық және тригонометриялық формасына амалдар қолдана білу, кері матрица табу, матрицалық теңдеулер шешу, анықтауыштарды есептей білу, Крамер, Гаусс, Лаплас т.с.с. әдістерді қолданып сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, бірбелгісізді көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу, жоғарғы дәрежелі көпмүшеліктердің түбірлерін табу, бөлшектің бөлімін иррационалдықтан құтқару, оларды практикада пайдалануға, басқа да математикалық пәндерде, математикалық зерттеулерде қолдана алуға үйретуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет