4. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты институттың миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып,
ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгерген;
математика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдап және ұқыпты шеше білетін, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана алатын, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алатын;
жаңа білім беру негізінде әлемдік сұранысқа ие құзыреттілігі жоғары маман дайындау.
Қазіргі нарық заманында бәсекелестікке төтеп беруді қамтамасыз ететін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзіреттіліктерге сай оқу нәтижелеріне қол жеткізген, ғылыми-әдіснамалық көзқарасы мен тілдік мәдениеті қалыптасқан және практикалық іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын, білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін анықтау және шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды білетін қабілетті маман даярлау.
4.2 Білім беру бағдарламасының негіздемесі
Студенттер үшін
6В01501 – Математика-Физика білім беру бағдарламасының іргелі білімдерін меңгерген, дүниетанымы кең, еңбек нарығы мен технология талаптарының өзгерісіне сәйкес бейімделуге қабілетті, ұжымда жұмыс жасай алатын маман бола отырып, бітіруші жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Бітірушілер жалпы орта мектептеріне, арнайы мектептерге, педагогикалық колледждерге математика, физика мұғалімі ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие және еңбек нарығында бәсекелестік таныта алады.
Еңбек нарығындағы қажеттіліктер тұрғысынан
Еңбек нарығында үш тілде сабақ бере алатын, білім жүйесіндегі өзгерістерге икемді оқытушы-математиктердің, физиктердің қажеттіліктері байқалады, осыны ұстанымға алып, білім беру бағдарламасында жұмыс берушілермен келісе отырып, жоғары оқу орнының таңдау компонентіне бірнеше пәндер еңдірілді: математиканы оқытудың жаңа технологиялары, физиканы оқытудың жаңа техналогиялары, қиындығы жоғары есептерді шешу практикумы, есептерді шығарудың әдістемелік негіздері.
6В01501 – Математика-Физика білім беру бағдарламасын дайындауда жұмыс берушілермен келісе отырып, мынадай талаптар ескерілді: кәсіби стандарттарға сәйкес жасалуы, болашақ кәсіби қызметі үшін оқытылатын пәндердің ең маңыздыларын нақтылау, оқыту нәтижелерін бағалау.
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері
6В01501 – Математика-Физика білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі – қазіргі кездегі ең жоғары сұраныстағы білім бакалаврын даярлайды. Білім беру бағдарламасында көп тілді, инклюзивті білім беру қарастырылған.
Осы білім беру бағдарламасы математика және физика ғылымдарының іргелі білімдерін меңгерген, теориялық білімдерін тәжірбиеде қолдана алатын, еңбек нарығы мен жаңа технология талаптарының өзгерісіне сәйкес бейімделуге қабілетті. Кез келген бітіруші түлектеріміз жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар немесе мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыратын білім беру мекемелерінде жұмыс таба алады.
Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен әлемдік білік шеңберінің талаптарына сәйкес, профессор-оқытушылар ғылыми-әлеуеті ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.
5. БІТІРУШІНІҢ БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
5.1 Берілетін дәреже
«6В01501 – Математика-Физика» білім бакалавры
Кәсіби қызметінің тізбесі
педагогикалық: математика-физика пәнінің мұғалімі
білім беру саласында ұйымдастыру-басқару: білім беру департаменті, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және т.б.
Кәсіби қызметінің саласы
білімдік қызмет саласында;
эксперименттік-зерттеу қызмет саласында;
ұйымдастыру-басқару қызметі саласында;
әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында;
оқу-тәрбиелік қызмет саласында;
оқу-технологиялық қызмет.
Кәсіби қызметінің нысаны
Білім беру ұйымдары:
орта мектеп және орта арнайы оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, кәсіби техникалық оқу орындары;
бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
мамандырылған мектептер;
математика, физика, информатика, педагогика, психология және математиканы, физиканы оқыту әдістемесі саласындағы орталықтар;
білім беру департаменттері;
математикалық әдістерді, физикалық әдістерді және компьютерді пайдаланатын жекеменшіктің әртүрлі ұйымдары;
орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
Кәсіби қызметінің түрлері және қызметі
6В01501– Математика-Физика білім бакалавры төменде аталған кәсіби іскерлік түрлерімен айналыса алады:
білім беру;
ғылыми-зерттеу;
әлеуметтік-педагогикалық;
ұйымдастыру-басқару;
мәдени-ағартушылық;
коррекциялық-дамытушылық
6. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
6.1 Бітірушінің құзыреттілік моделі
Түйінді құзыреттіліктер
|
Құрамдас құзыреттіліктер
|
ТЖҚ - түйінді (жалпы) құзыреттіліктер
|
ТЖҚ1. Коммуникативтік құзыреттіліктер:
- қазақ, орыс, шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясын, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді есте сақтау;
- конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуын, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынасын, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеттілігін анықтау;
- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді түсіндіру;
- математика және физика білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шешу.
|
ТЖҚ2. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктер:
- компьютер, қарым-қатынас және қызмет құратын желілерде Ғаламтор арқылы кәсіби қызмет саласында ақпаратты қолдану;
- ақпараттық технологиялардың дамуының қазіргі тенденцияларында және ғылыми-зерттеулерде, жобалау-конструкторлау, ұйымдастыру-басқару қызметтерінде оларды қолданудың жолдарын талқылау;
- замануи ақпараттық және педагогикалық технологияларды қолдану жағдайында білім алушылардың оқу-ізденушілік жұмыстарын бағалау;
- бағдарламалаудың замануи алгоритмдік тілдері мен әдістерін саралау.
|
ТЖҚ3. Әлеуметтік-экономикалық құзыреттіліктер:
- адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді түсіну;
- бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын қолдану;
- экономиканың мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдіс-тәсілдерін, мемлекеттік сектордың экономикадағы рөлін сипаттау;
- экономикалық білім негіздерін меңгеріп, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. жөнінде ғылыми түсініктерін сараптау;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді тәжірибеде қолдану.
|
ТБҚ - түйінді базалық құзыретіліктер
|
ТБҚ4. Құндылықтар мен мәдени құзыреттіліктер:
- қоғамдық пікірге, салт-дәстүрлерге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және оларды өзінің кәсіптік қызметінде бағдар ретінде қолдану;
- қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін, адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйесінің негіздерін пайдалану;
- қоғамның әлеуметтік даму бағыттарын, адамның салауатты өмір салтының принциптерін білу;
- түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағыт ұстана білу, тарихи құндылықтарға қатысты мәселелер бойынша өз позияциясын құру;
- рухани құндылықтар туралы, әлеуметтік тәртіпті реттеудің негізгі заңдылықтары және түрлері туралы, саяси қатынастар мен процестер туралы, қоғам өміріндегі саяси жүйелердің және әртүрлі әлеуметтік топтардың рөлі туралы түсініктерді ажырату.
|
ТБҚ5. Ақпараттық-бақылау құзыреттіліктері:
- мемлекеттік қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, стандарттар, нормативтер, математикалық моделдер, әдістер, жобалау технологиясы мен тәсілдерді, ақпараттық желілер мен жүйелерді пайдалану;
- педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді, педагогикалық мониторингті іске асыру;
- педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін құру, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру, біліктері мен дағдыларын меңгеріп, өзіне-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау.
|
ТБҚ6. Дамытушы құзыреттіліктер:
- замануи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді таңдау;
- жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдану;
- педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тану.
|
ТКҚ - Түйінді кәсіптік (бейіндеуші) құзыреттіліктер
|
ТКҚ7. Жүйелеуші құзыреттіліктер:
- синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді таңдау;
- психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену;
- формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктерін мен дағдыларын қолдану;
- педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болуын дәлелдеу.
|
ТКҚ8. Ұйымдастырушы-әдістемелік құзыреттіліктер:
- оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді тану;
- ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық бақылау-өлшеу материалдарды және т.б) жетілдіру біліктері мен дағдыларын талқылау;
- жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру қабілетті болуын дәлелдеу;
- қойылған міндеттерді шешудің әдістерін таңдауда өз көзқарастарын дәлелеу және қорғау.
|
ТКҚ9. Креативтік-зерттеушілік құзыреттіліктер:
- шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді түсіндіру;
- кәсіби қызметті қайта-қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру;
- стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын талқылау;
- сын тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болуын ажырату;
- гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру;
- зерттеу мәдениетін жетілдіру.
|
ТКҚ10. Арнайы құзіреттіліктер:
- заманауи әлемдегі, мәдениеттегі, тарихтағы математиканың, физиканың орны, рөлі туралы түсініктерді сипаттау;
- математиканың және физиканың есептерін зерттеудің аппаратын, әдістерін және шешу жолдарын дұрыс таңдау;
- ұлттық білім жүйесінің дамуының өзекті міндеттеріне жауап беретін математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, физиканы оқыту әдістемесі, инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша терең эмпирикалық және теориялық білімдерді сынау;
- логикалық, топологиялық және алгебралық құрылымдардың, евклидтік емес геометриялық жүйелердің негізгі қасиеттерін дәлелдеу;
- нақты шындықтың әртүрлі физикалық құбылыстары мен фактілерін сипаттау үшін математикалық модельдерді құру.
|
ТКҚ 11. Сабақтастық құзіреттіліктер:
- педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді қолдану;
- педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді пайдалану;
- әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа тарту;
- кәсіби үштілділікті меңгеру.
|
|
ТКҚ 12. Ғылыми-әдістемелік құзіреттіліктер:
- ғылыми-әдістемелік, физикалық зерттеулерді талдау;
- бағалаудың заманауи тәсілдерін және ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарының нәтижелерін интерпретациялау және тексеру;
- теория мен эмпирикалық мәліметтер арасындағы қатынастарды бағалау;
- есеп құжаттарын дайындау мен алынған мәліметтерді ғылыми мақала және баяндама түрінде жалпылай білу.
|
6.1.1 Бағдарлама мақсаттарын бітірушінің оқу нәтижелерімен сәйкестендіру
Бағдарлама мақсаттары
|
|
Оқу нәтижесі
|
М1: Қазақстанның қазіргі заман тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, коммуникативтік қарым-қатынас құралы ретінде тіл үштұғырлылығын білу. Қоғамның әлеуметтік –экономикалық даму заңдылықтарын, салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде әлеуметтік –гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.
|
ОН1
|
Кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қажетті қазақ, орыс және шет тілдерді игерген және конструктивтік сұхбат құра білуге дағдыланған және көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болады.
|
ОН2
|
Экономика және құқық, экология салаларындағы кәсіби дағдыларды, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қабілеттерін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін меңгереді.
|
ОН3
|
Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін, философиялық білімін және дүниетанымның құрылымын терең түсінеді,тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілерді, балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын меңгереді.
|
М2: Оқытудың инновациялық технологияларын қолдана алатын, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талдай және бағалай білетін, кәсіби-педагогикалық қызметін жүргізетін және педагогикалық процесте туындаған мәселелердің тиімді шешімін қабылдай алатын маман даярлау.
|
ОН4
|
Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біледі, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-физиологиялық білімін өз қызметінде қолдана алады. «Мәңгілік Ел» жалпы халықтық идеясын кәсіби қызметінде жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асырады.
|
ОН5
|
Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.
|
ОН6
|
Білім беру мазмұнын жанартудың негізгі бағыттарын, педагогикалық кадрлардың кұзіреттіліктерін, білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын меңгереді және білім беру процесінің мониторингі, бағалау критерийлері ерекшеліктерін болашақта кәсіби қызметінде қолдана біледі және жүзеге асырады.
|
М3: Пәндік саланы терең игерген, кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілетті, математика және физика пәндері саласында жүйеленген білімді қалыптастыру және жалпы заңдылықтарды оқытудың инновациялық технологияларын қолдана алатын, инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін білетін, әдістемелік зерттеулер жүргізе алатын, зерттеу нәтижесін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман даярлау.
|
ОН7
|
Білім берудегі инновациялық технологияларды, құбылыстардың физикалық зерттеулерін үйренуге және қолдануға, қабілеттілік, педагогикалық қызметке жоғары қызығушылық, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
|
ОН8
|
Педагогикалық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, педагогикалық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті.
|
ОН9
|
Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алу дағдысына ие. Инклюзивті білім беру барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізіп,еқоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдейді.
|
М4: Кәсіби білімнің іргетасы ретінде математикалық, физикалық және арнайы сипаттағы базалық білім беру негізінде әлемдік сұранысқа ие құзыреттілігі жоғары маман дайындау. Қазіргі нарық заманында бәсекелестікке төтеп беруді қамтамасыз ететін кәсіби және арнайы құзіреттіліктерге сай оқу нәтижелеріне қол жеткізген, ғылыми-әдістемелік көзқарасы мен тілдік мәдениеті қалыптасқан және практикалық іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын, білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды білетін қабілетті маман даярлау.
|
ОН10
|
Математикалық және физикалық ғылымдарының негіздерін және арнайы мамандандырылған математикалық анализ, сандар теориясы, алгебра, геометрия, ықтималдытар теориясы және логикалық математиканы, механика, электромагнетизм, оптика, классикалық механика, кванттық механика, атом және атом ядросының физикасы пәндерін жетік меңгереді.
|
ОН11
|
Математика мен физикалық білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдауға және ұқыпты шешуге, педагогикалық шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті.
|
ОН12
|
Кәсіби қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемдігін және ұтқырлығын көрсете алады, білім жүйесінің дамуының өзекті міндеттеріне жауап беретін математиканы оқыту теориясы және әдістемесі, физиканы оқыту әдістемесі, инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша терең эмпирикалық және теориялық білімдерді қамтамасыз ететін тұлға қасиеттеріне ие. Педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгереді. Педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын қалыптастырып, үштілділікті кәсіби меңгереді, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті.
|
6.2 Бітірушінің білім беру бағдарламасын игерудегі оқыту нәтижесі мен қалыптасатын құзыреттіліктерінің пән модульдерімен байланысы
Модул
|
Пәндер
|
Оқу нәтижесінің кодтары
|
Бітірушілердің қалыптасатын құзыреттіліктері, кодтары
|
Гуманитарлық-ақпараттық пәндер модулі
|
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
|
ОН3
|
ТЖҚ3
|
Философия
|
ОН3
|
ТЖҚ1, ТЖҚ3
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
|
ОН1, ОН2, ОН3
|
ТЖҚ2
|
Тілдік дайындық модулі
|
Шетел тілі
|
ОН1
|
ТЖҚ1
|
Қазақ (Орыс) тілі
|
ОН1
|
ТЖҚ1
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
|
ОН1,ОН12
|
ТЖҚ1,ТЖҚ11
|
Кәсіби бағытталған шетел тілі
|
ОН1,ОН12
|
ТЖҚ1,ТҚҚ11
|
Әлеуметтік саяси білім және экология модулі
|
Cаясаттану-әлеуметтану негіздері
|
ОН1, ОН2, ОН3
|
ТЖҚ3,ТБҚ4
|
Мәдениеттану-психология негіздері
|
ОН1, ОН4
|
ТЖҚ1,ТБҚ4
|
Дене шынықтыру
|
ОН4
|
ТБҚ4
|
Экономика, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
ОН2, ОН3
|
ТБҚ4
|
Ішкі саясат модулі
|
Дінтану
|
ОН4
|
ТБҚ4
|
Мәңгілік ел құндылықтары және рухани жаңғыру
|
ОН4
|
ТБҚ4
|
Педагогтың кәсіби қалыптасу модулі
|
Оқушылардың физиологиялық дамуы
|
ОН3
|
ТБҚ4
|
Педагогика
|
ОН5, ОН6, ОН11, ОН12
|
ТБҚ5, ТБҚ6, ТКҚ 7, ТКҚ8
|
Оқу практикасы
|
ОН5, ОН6, ОН11, ОН12
|
ТБҚ6, ТКҚ7
|
Педагогикалық (үздіксіз) практика
|
ОН5, ОН6, ОН11, ОН12
|
ТБҚ6, ТКҚ 7, ТКҚ 8
|
Мамандық дайындаудағы әдістемелік пәндер модулі
|
Бағалаудың өлшемдік техналогиялары
|
ОН5, ОН6, ОН11,ОН12
|
ТКҚ 7, ТКҚ 8, ТКҚ 9
|
Университет физикасы және заманауи физика
|
ОН5, ОН6, ОН11,ОН12
|
ТКҚ 7, ТКҚ 8, ТКҚ 9
|
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
|
ОН7,ОН8
|
ТБҚ5, ТБҚ6, ТКҚ 7, ТКҚ 8, ТКҚ9
|
Математика оқыту әдістемесі
|
ОН5, ОН6, ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Физика оқыту әдістемесі
|
ОН5, ОН6, ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Педагогикалық (өндірістік) практика
|
ОН5, ОН6, ОН11, ОН12
|
ТБҚ6, ТКҚ 7, ТКҚ 9
|
Элементар математика және аналитикалық геометрия
|
Элементар математика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Элементар математика: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Аналитикалық геометрия
|
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Дифференциалдық геометрия және топология
|
ОН5, ОН6, ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Математикалық есептерді шешу практикумы
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Математикалық талдау
|
Математикалық анализ 1
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Көп айнымалылар функцияларының теориясы
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Математикалық анализ 2
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Комплекс айнымалы функциялар теориясы
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Математикалық анализ 3
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Бір кластағы бүтін функциялардың нөлдерінің асимптотикасы
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Алгебра және дифференциалдық теңдеулер
|
Математикалық логика және дискретті математика
|
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Ықтималдықтар теориясы ж\е математикалық статистика
|
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Алгебра және сандар теориясы 1
|
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Анықтауыштар мен матрицалар теориясы
|
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Дифференциалдық теңдеулер
|
ОН10,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11
|
Математикалық физика теңдеулері
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Диплом алды практика
|
ОН6,ОН10,
ОН11,ОН12
|
ТКҚ 10, ТКҚ 11, ТКҚ 12
|
Іргелі дайындық модулі
|
Механика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Механиканың таңдаулы тараулары
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Молекулалық физика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Статистикалық физика және термодинамика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Электр және магнетизм
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Электр және магнетизмнің таңдаулы тараулары
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
|
|
|
Жалпы физика модулі
|
Оптика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Оптиканың таңдаулы тараулары
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Теориялық физика әдістері
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Теориялық физиканың таңдаулы тараулары
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Атомдық физика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Классикалық механика
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Элементар математика және геометрия
|
Элементар математика: Планиметрия есептерін шығару
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Жазықтықта салу есептері
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Мектеп физика курсы есептерін шығару практикумы
|
Физикалық есептерді шығару практикумы
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Математика тарихы және геометрия негіздемелері
|
Геометрия негіздемелері
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Математика тарихы
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Мектеп физика курсы есептерін шығару практикумы
|
Мектеп физика курсы есептерін шығару практикумы
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Физикалық практикум
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Білім менеджері модулі
|
Білім берудегі менеджмент
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Оқытудың ақпараттық-инновациялық технологиялары
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Инклюзивті білім беру
|
ОН10,ОН11,
ОН12
|
ТКҚ10, ТКҚ11, ТКҚ12
|
Достарыңызбен бөлісу: |