Бірінші сигнал жүйесі - сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.
Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k 1оgP + с, мұндағы k мен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |