Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 жылы француз философы Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады.
Пікір - бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.
Регрессия - психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі
бір күйін ұйымдастыратын шарттың жетіспеуінен немесе бұзылуынан
қалыптасады.
Реминесценция - алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру.
Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Ресми топ – бұйрық, жарлық, штат кестесі және тағы басқа ресми құжаттар негізінде құрылады. Ресми топ заңдық тұрғыдағы статусы бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық.
Достарыңызбен бөлісу: |