Арнаулы психология - адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология
Ар-ұят - ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты
білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.
Астения - өте қатты шаршап-шалдығу, жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.
Аутизм – ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық құралдар әсерінен адамның ойлауының қалыпты жағдайының бұзылуы, адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.
Достарыңызбен бөлісу: |