«көшпендіні көшпендінің қолымен жою» саясатын ұстанып, Кіші жүз билерін, батырларын
Нұралыға
айдап сала бастайды. Бір жағынан,
Әбілқайырдың ұрпақтары, Нұралының өз ұлдары
жергілікті халыққа тырнағын батыра бастаған еді.
Осыған қарсы Сырым Датұлы бастаған 14 жылға
созылған көтеріліс басталып кетеді.
1785 жылы Орынбор әкімшілігі Кіші жүздің ру-
тайпа көсемдерінің өтінішіне орай, Нұралыны
биліктен алып тастап, Уфаға жер аударып жібереді.
Ол сонда жүріп, 1790 жылы қайтыс болды.
Сөйтіп, 1791 жылы таққа Нұралының інісі
Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып
жарияланды. Ералы хан тағына отырғанымен де
жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан
сайын күшейе түседі. Ол жасы келген, әлсіз,
жігерсіз Ресейге нағыз қажетті адам болатын.
Осыны пайдаланып, Жайық, Елек бойындағы казак-
орыстар қазақтардың жерлерін емін-еркін тартып
ала бастады. Осылайша, орыстың саясатындағы
мысықтабан тәсіл өз нәтижесін бере бастайды.
1794 жылы Ералы қайтыс болады да, Нұралының
үлкен ұлы
Есім хан сайланады. Ол да Ералы хан
секілді адам еді. Есімді 1795-1796 жылдары
Сырымның көтерілісшілері өлтіріп кетеді.
ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі, Л.Мейер: