Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет49/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Сәкенова 
Р.
Қанағатшылдығымен 
таңғалдырып 
еді: 
[ұстаз, 
Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұртазина туралы] / Р. Сәкенова
// Алматы ақшамы. - 2013. - 4 сәуір. 
Сейсенова А.
Әзілхан Нұршайықов: «Рафиқа – қазақтың Толстойы»: 
[ұстаз Р.Нұртазина туралы] / А.Сейсенова // Айқын. – 2006. – 11 наурыз. 
Сейсенова А.
Ұстаз: [Қазақстанның білім беру саласының үздігі, 
Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұртазина туралы] /А.Сейсенова
// Егемен Қазақстан. – 2010. – 21 мамыр. 
Сейсенова 
А.
Ұстаз:[Рафиқа 
Бекенқызы 
Нұртазина 
жайлы]
/А. Сейсенова // Егемен Қазақстан. - 2010. - 21 мамыр. 
Ұстаздардың ұстазы Рафиқа Нұртазина сексенге келді
//Қазақстан 
мұғалімі. – 2001. – 28 ақпан. 
Шанина Ж.Қ.
Ұлы ұстаз жолымен


ұлағатты ұстаз, Қазақстанға еңбегi 
сiңген мұғалiм Р.Б.Нұртазина 80 жаста

/Ж.Қ.Шанина //Алматы ақшамы. – 
2001. – 1 наурыз. 
 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 
Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. 
Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады. Бұл күні жер 
бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, 
өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде 
мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп 
жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен
жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып 
отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен 
сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.
Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі 
фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы 
тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.
1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктың социал-демократиялық 
көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке 
шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен 


42 
бірдей жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар, әйелдер сайлауға 
қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.
1909 жылы Американың Социалистік партия сы әйелдер күнін 
жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде 
өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара 
Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер 
конференциясының делегаты еді.
1910 жылы беделді неміс социалист әйелі Клара Цеткин Екінші 
Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін 
белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші 
Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.
Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, 
Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан 
митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 
12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария, 
Голландияның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас 
көтерді. 
1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін 
атап өтті. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз 
Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде. 
Бұл мерекеде барлық мектептерде ұстаздарды, аналарды, қыз 
балаларды құттықтау, құрметтеу мақсатында көптеген іс-шаралар өтіледі. 
Атап айтсақ әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, қыз сыны байқаулары 
және мерекелік кештер. Аналар күніне арналған «Әлемнің жарығын 
сыйладың сен маған...» атты мерекелік кештің өтілу барысына келсек
«Сәбидің дүниеге келуі» (сахнада ана мен сәби), «Найман ана» көріністері 
қойылады. 8-9 сынып оқушылары аналарды өлеңдермен құттықтай отырып 
«Кешір ана», ару қыздарға арналған «Арулар асыл жандар...»
бейнеклиптері көрсетіледі, күйлер орындалады. Сонымен қатар 8-наурыз 
мерекелік кешінің шығу тарихы жайлы да мағлұматтар береді. Кеш 
оқушылардың әдеби монтаждарымен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет