1901 жылы Э. Рикке тәжірибе жасады. Ғалым беті тегістелген үш цилиндрден тұратын(біреуі алюминий, екеуі мыстан жасалған) электр тізбегін құрады. Осы тізбек арқылы бір жыл бойы электр тогын жібереді. Осы уақыт ішінде цилиндрден3,5*10^6 Кл ға тең заряд өтеді, бірақ бұл цилиндрдің химиялық құрамын өзгеткен жоқ. Электр зарядын тасымалдаушы бөлшек мыс пен алюминийге ортақ электрон болып табылады
1901 жылы Рикке металдардың электрондық өткізгіштігін іргелі тәжірибелермен дәлелдеді.
Материалдың электр өткізгіштігінің теориясын 1900 жылы алғаш жасаған П. Друде болғанымен, оны жетілдірген Г.А. Лоренц болды. Әр түрлі заттардың электрлік қасиетін олардағы электрондардың қозғалысы арқылы түсіндіру электрондық теорияның мазмұнын құрайды.
Классикалық электрондық теория мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
1) Электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады.
2) Электрондар бір-бірімен әсерлеспейді.
3) Электрондар тек кристалдық тордағы иондармен әрекеттеседі, әрекеттесуі – олардың тек соқтығысуы ғана.
4) Соқтығысулар аралығында электрондар еркін қозғалады.
5) Денедегі еркін электрондар идеал газ тәрізді электрондық газ түзеді, электрондық газ да энергияның еркіндік дәрежесіне қарай бір қалыпты таралу заңына бағынады.
электр тогының таралу жылдамдығы (v),
электрондардың реттелген қозғалысының дрейфтік жылдамдығы (vд)
электрондардың жылулық қозғалысының жылдамдығы (vж)
Металдағы электрондардың қозғалысына байланысты мынадай үш түрлі жылдамдықтың бір-бірінен айырмашылығын білу қажет болады,
электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады (300000 км/с).
Электр өрісінің әсерінен өткізгіштегі электрондар дереу реттелген, бағытталған, баяу қозғалысқа түседі. Бұл қозғалыстың жылдамдығы (дрейфтік жылдамдық) өткізгіштегі ток күшін (І) анықтайды:
І=neSvд ,
Электронның жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы