Байланысты: Биғалиқызы Зере КЯ003 Инклюзивті білім беру
мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше жетіспейді.