Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады



бет11/11
Дата31.01.2018
өлшемі4,37 Mb.
#36797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:

I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.

Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.

Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.

ал не? Қаншалықты?

(Acc.)нені? (Gen.)

Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae

Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын

Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml

III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:

бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат

екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат

үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар

төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын - quantum satis (q.s.) деп жазылады.

IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-

Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса – Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.

V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.

VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.

Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.

Рецептік мысал:

I inscription – кіріспе «Айболит» клиникасы

Азамат С. Айтқұловтың 2 жасар итіне

20 _05_ 10

XII

ветеринария дəрігері Асанов Ж.

II praepositio Rp.: Tincturae strophantini 100 (basis)

III designation Themisali 50. (adjuvans)

Sirupi simplicis 20.0 (corriqens)

Aqua distillatae 20.0 (constituens)

IV subscriptio M.f. mixture

Vsignatura таңертеңгісін жəне кешкісін бір ас қасықпен ішке қабылдау үшін

VI nomen medici дəрігердің қолы

Науқасқа дəріні шұғыл түрде босату қажет болған жағдайда дəрігер рецептің көрінетін тұсына Cito! - Тез! Немесе Statim! - Дереу! деп жазуы керек. Дəрі мұндай жағдайда кезексіз жіберіледі.

Егер дəріні бірнеше рет қайталау қажет болса, Repetātur – қайталансын; Bis (tres) repetātur - екі (үш) рет қайталансын деп жазылады.

Рецептте орфографиялық қателіктер жіберілмеуі тиіс!!!

Рецепттер құрамына қарай:

· қарапайым мөлшерленбеген - бір ғана дəрілік заттан құралған:

Rp.: Streptosidi 100.0

D.S. жараға себу үшін

· қарапайым мөлшерленген - бір ғана дəрілік заттан құралған:

Rp.: Streptosidi 50.0

D.t.d. №20

S. ұнтақтан күніне төрт рет ішкізу үшін

· күрделі мөлшерленбеген - екі немесе бірнеші заттан құралған:

Re.: Cupri citrātis

Lanolīni

Vaselīni ana 5,0

M.f. ungutntum

S. жараға жағу үшін

·күрделі мөлшерленген (диспензиялық-бөлінген):

Rp.: Streptosidi 5.0

Synthomicini 3.0

M.f. pulvis D.t.d. №10

S. күніне 3 рет 1 ұнтақтан ішкізілсін

·күрделі мөлшерленген (двизиондық-бөлінбеген):

Rp.: Streptosidi 50.0

Synthomicini 30.0

M.f. pulveres №10

D.S. күніне төрт рет 1 ұнтақтан ішкізілсін

Дəрілік заттардың малдарға арналған мөлшерін жазу ережелері:

· граммда - «грамм» сөзі жазылмайды, сан ондықпен белгіленеді,

грамм бөлшектері «0» – 10,0 (10 грамм) қойылады; 0,25 (0,25 грамма), т.с.с.

· миллилитрде - 10 ml (10 мл), 0,2 ml (0,2 мл);

· тамшыда – тамшы саны рим цифрімен белгіленеді – жекеше түрде

guttam (бір тамшы - guttam I), көпше түрде guttas (капель пять - guttas V);

· кейбір антибиотиктер бірлік əсерде жазылады - ƏБ: 100 000 ƏБ – 100000 əсерлік бірлік).

мысалы: Recĭpe: Kalĭi chlorĭdi 3,0

Insulīni 25 ЕД

Solutiōnis Glucōsi 10% - 1000 ml

Misceātur. Sterilisētur!

Detur. Signētur: ішке құю үшін

· кейде дəрігер мөлшерді көрсетпей (мысалы, балауызда), оны фарма-

цевтің қалауына қалдырады; бұл жағдайда рецепте quantum satis – қанша

керек) деп жазылады.

Егер бірнеше дəрілік зат бір мөлшерде жазылатын болса, мөлшері тек соңғы дəрінің тұсына жазылады да, санның алдында ana (бірдей, тең) деп

көрсетіледі.

Мысалы: Recĭpe: Cupri citrātis

Lanolīni

Vaselīni ana 5,0

Ал: Мыс цитратын

Ланолин

Вазелин тең 5,0

Дəрілік заттардың коммерциялық (патенттелген) атаулары тырнақшаның ішінде атау септігінде жекеше түрде жазылады.

Re.: Tabulettas "Quamatel" numĕro 28

Da. Signa: бір таблеткадан тəулігіне 2 рет

Сұйық дəрілік заттар формасы ерітінділер – Solutiōnes

·Solutiōnis қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Ерітінділер сулы, спиртті, майлы, глициринді болуы мүмкін: Aqua purificāta – дистилденген су (бұл атау қазіргі кезде Aqua destillātaның орнына қолданылады), Spirĭtus aethylĭcus – этил спирті, Glycerinum – глицерин, сұйық майлар – Oleum Vaselini – вазелин майы, Oleum Olivārum зəйтүн майы жəне Oleum Persicōrum – шаблады майы.

· Рецепте Recĭpe сөзінен кейін ерітінді аттары ілік септігінде былай жазылады: Solutiōnis spirituōsae, Solutiōnis oleōsae, Solutiōnis glycerinōsae (solutio – femininum тектік түрінде), сын есімдер рецепт сөйлемінің соңына жазылады. «майда» сын есімі латын тілінің “oleōsus, a, um” сын есіміне сəйкес келді: (майдағы камфора ерітінідіс– Solutiōnis Camphŏrae oleōsae), бірақ, майдың нақты аты келтірілсе, “in” конструкциясы қолданылады:

(зəйтүн майындағы камфор ерітіндісі – Solutiōnis Camphŏrae in oleo Olivārum).

·Ерітіндінің концентрациясы төменде келтірілгендей белгіленеді:

Recĭpe: Solutiōnis Camphŏrae oleōsae 10% - 100 ml.

Шырыштар– Mucilagĭnes

·Mucilagĭnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Көп қолданылатын сөздер: Mucilāgo radīcis Althaeae (жалбызтікен тамырының шырышы ), Mucilāgo Amўli крахмал шырышы).

Суспензиялар – Suspensiōnes

·Suspensiōnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·мысалы: Recĭpe: Suspensiōnis Hydrocortisōni acetātis…

Эмульсиялар – Emulsa

·Emulsi - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Майлы эмульсия дайындау үшін Oleum Ricĭni –кастор майы, Oleum

Amygdalārum – миндаль майы, Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum – дəруменделген треска балық майы қолданылады

·Қысқартылған түрде:

Recĭpe: Emulsi olei Amygdalārum 200 ml

Codeini phosphātis 0,2

Misce. Da. Signa: бір ас қасықпен күніне үш рет

Қысқартылмаған түрде:

Recĭpe: Olei jecŏris Aselli 30 ml

Gelatosae 15,0

Aquae destillatae ad 200 ml

Misce, fiat emulsum

Da. Signa: екі рет қабылдауға

Тұнбалар мен қайнатпалар - Infūsa et Decocta

·Infūsi, Decocti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

Дəрілік зат атынан кейін дəрі дайындалған өсімдіктердің бөлшектері жазылады:

*қабық- cortex (ілік септ. – cortĭcis)

*тамыр – radix ((ілік септ. – radīcis)

*тамыр сабақ – rhizōma ((ілік септ. – rhizomătis)

*жапырақ – folĭum ((ілік септ. Жекеше түрде– folĭi, көпше түрде - foliōrum)

*шөп – herba (ілік септ. – herbae)

*гүл – flos (ілік септ. – floris, көпше түрде - florum)

·мысалы: Recĭpe: Decocti cortĭcis Quercus …

Ал: Емен қабағының тұнбасы….

тұндырмалар– Tinctūrae

·Tinctūrae - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·мысалы: Recĭpe: Tinctūrae Valeriānae… .

Экстракты – Extracta

·Extracti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Сұйық экстрактылар (Extractum fluĭdum – Extracti fluĭdi), қою экстрактылар (Extractum spissum – Extracti spissi) жəне құрғақ экстрактылар (Extractum siccum – Extracti sicci) бар.

·мысалы: Recipe: Extracti Frangŭlae fluĭdi... .

Ескерту: рецепте тек сұйық экстрактілер (fluidum)жазылады – spissum, siccum сөздері жазылмайды.

Көп кездесетін кесінділер

Латын мағынасы мысалдар

1. -anth- грек. “anthos” – «гүл», өсімдік текті

Helianthus

Galanthamini

hydrobromidum

2. -camph- камфоралы Camphonium Bromcamphora

3. -ephedr- грек. “ephedra” – «қылқан жапырақты»

Ephedrinum

Ephedrosanum

4. -erythr-, - eryth- грек. “erythros” – «қызыл» Erythromycinum Erythaemum

5. -estr-, -oestrəйел жыныс гормондарының препараттары Oestradiolum Synoestrolum

6. -glyc-, -gluc- грек. “glykys” – «тəтті» Nitroglycerinum Glucosum

7. -phyll- грек. “phyllon” – «жапырақ» Euphyllininum Theophyllinum

8. -phyt- грек. “phyton” – «өсімдік» Phytinum Phytolysinum

9. -stroph- Строфант препатары Strophanthus Strophanthinum

10. -theo- Латындалған қытай тілінен “theа” – «шəй» Theophedrinum

Theophyllinum

Лексикалық минимум

Дəрілік өсімдік атаулары

1. Adōnis (ĭdis m, f) vernālis (e) Көктемгі жанаргүл

2. Chamomilla, ae f түймедақ

3. Crataegus, i f долана

4. Farfăra, ae f өгей шөп

5. Glycyrrhiza, ae f Қызыл мия

6. Неlianthus, i m күнбағыс

7. Rheum, i n рауғаш

8. Salvia, ae f жалбыз

9. Strophanthus, i m строфант

10.Thermopsis, ĭdis f термопсис

Дəрілік заттар атаулары

10. Alūmen, ĭnis n Ашу тас

11. Amўlum, i n крахмал

12. Camphora, ae f камфора

13. Flucytosinum, i n флуцитозин

14. Furacilinum, i n фурацилин

15. Gelatosa, ae f гелатоза

16. Glucosum, i n глюкоза

17. Ichthyolum, i n ихтиол

18. Nitroglycerinum, i n нитроглицерин

19. Oleum Amygdalārum миндаль майы

20. Oleum Helianthi күнбағыс майы

21. Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum дəруменделген треско балық майы

22. Oleum Olivārum зəйтүн майы

23. Oleum Persicōrum шабдалы майы

24. Resorcinum, i n резорцин

25. Strophanthinum, i n строфантин

26. Vinylinum, i n винилин

Басқа да лексикалар

27. aethylĭcus, a, um этилді

28. aqua, ae f су

29. bacca, ae f жидек

30. crystallisātus, a, um кристалды

31. destillātus, a, um дистилденген

32. glycerinōsus, a, um глицеринде

33. oleōsus, a, um Майда

34. purificātus, a, um тазартылған (су)

35. rectificātus, a, um тазартылған (спирт)

36. spirituōsus, a, um спиртті

37. spirĭtus, us m спирт

ad 10,0 10 граммға дейін

ad usum externum сыртқа қолдануға

ad usum internum ішке қолдануға

ana теңдей

bis (tres) repetātur екі рет қайталансын (үш рет)

cito! жылдам!

contra tussim жөтел (ден)

cum radicĭbus … тамырымен

in ampūllis ампулада

in capsǔlis капсулада

in vitro nigro көрінбейтін ыдыста

non repetātur қайталанбасын

numĕro санмен

pro adultis үлкендерге (ірі малға)

pro auctōre автор үшін

pro infantĭbus төлдерге

pro injectionĭbus инъекцияға

pro me маған

quantum satis қанша қажет (қажет болғанша)

statim! тез! (жылдам)

Латын афоризмдері:

1. Errare humanum est - адамға қателесу тəн

2. Gutta cavat lapidem - тамшы тас теседі

3. Pigritia est mater omnium vitiorum – барлық кемшіліктің негізі жалқаулық

Бақылау сұрақтары:

1. Дəріні тез жіберу керек болса, дəрігер қандай қосымша сөз қоса алады?

2. Дəріні бірнеше рет қайталап жіберу керек болса, қандай қосымша сөздер енгізіледі?

3. Recĭpe сөзінен кейін дəрілік зат қандай септеуде жазылады?

4. Дəрілік заттардың мөлшері қалай жазылады?

5. Ресми жəне магистральді рецепт деген не?

6. Рецепт құрамы.

7. Ерітінділердің түрлері.

8. Шырыш түрлері.

9. эмульсия дайындағанда қандай майлар қолданылады?

10. Экстрактың түрлері.

11. Сұйық жəне жұмсақ дəрілік зат формаларының ілік септігіндегі атаулары.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет